Қолданбалы (тәжірибелік–зерттеу) бөлігінде өткізілген зерттеудің сипаттамасы, алынған ақпараттардың талдауы мен интерпретациясы көрсетіледі. Материалдың баяндама жағына аса көңіл аудару қажет: сипатталу қисындылығы, жүйелілігі, қарапайымылығы мен қысқалығы, толықтылығы мен дәлелділігі.
Автор өзінің ғылыми гипотезасының дәлелдеп шығуы керек, өткізілген зерттеуден алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдану мүмкіншілігін жинақтап, қорытады.
4.3. Қорытындыда автормен жасалған жұмыс қорытылады, тиісті тұжырымдамалар жасалады, жұмыстың тәжірибелік және теориялық маңыздылығы дәлелденеді, мәселені ары қарай зерттеу белгіленеді.
4.4. Пайдаланылған дерек тізімі студенттің қарастырылып отырған негізгі ғылыми-теориялық жұмысымен қаншалықты кең көлемде танысқандығын куәландыруы керек. Тізімге жұмыста цитатталған әдебиет қана емес, студентпен осы мәселе бойынша оқылып, зереленген барлық деректер енгізіледі.
Пайдаланылған дерек тізімі Б Қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
4.5. Қосымшада курстық жұмыстың (жобаның) негізгі мазмұнын толықтыратын материалдал көрсетіледі. Қосымшалар жеке парақтарда рәсімделеді және бас әріптермен белгіленеді.
Курстық жұмыстың рәсімделу талабы
5.1. Жұмыс А4 форматтағы стандартты парақтардың бір жағында орындалады, мәтін Microsoft Word үлгісінде басылып жазылады – 14 шрифтпен Times New Roman, Парақтың сол жақ жиегі – 30мм аз болмайтын, оң жақ жиегі – 10мм, жоғары жағы – 20мм, төмен жағы-20мм. Жоларалығы -1,5. Курстық жұмыстың көлемі 25 беттен аз болмауы керек.
5.2. Курстық жұмыстың құрылымы:
– титулды бет
– курстық жұмыстың рецензиясына арналған парақ;
– мазмұны;
– кіріспе;
– негізгі бөлім (жоспар бөлімдерінің мазмұны нөмірленеді);
– қорытынды;
– пайдаланылған деректер тізімі;
– қосымшалар.
Титулды бет курстық жұмыстың (жобаның) жалпы беттерінің нөмірлерін көрсетеді. Беттің нөмірі титулды параққа қойылмайды.
Беттер араб сандарымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағында ортада нүктесіз қойылады.
Титулды беи курстық жұмыстың бірнші беті болып табылады және А Қосымшасына сәйкес толтырылады.
«МАЗМҰНЫ» деген сөз тақырып ретінде парақтың жоғарғы жағында, жолдың ортасында бас әріптермен, жартылай қою шрифтпен жазылады.
5.3. Жұмыстың әр құрылымдық бөлімі (кіріспе, негізгі бөлім атауы, қорытынды), пайдаланған деректер тізімі жаңа беттен басталуы керек, тақырып ретінде парақтың жоғарғы жағында жолдың ортасында бас әріптермен– КІРІСПЕ деп жазылады.
5.4. Пайдаланған деректер тізімі В Қосымшасына сәйкес курстық жұмысты жасау барысында алынған ақпараттарды көрсетумен әліпбилік тәртіпте рәсімделеді.
«Құқықтану» мамандығының ерекшелігін ескере отырып, пайдаланған дерек тізімі заңнамалық құжаттардан басталып, әрі қарай әліпби бойынша жазылады.
Тақырыптағы дерктер сілтемелері деректер тізімі бойынша төртбұрышты жақшаға алынған [1,115] реттік санмен белгіленеді.
5.5. Қосымшалар жұмыстың соңғы бетінде рәсімделеді. Әр қосымша жаңа беттен басталады. Слово «Қосымша» деген сөз парақтың жоғарғы оң жағында бас әріптермен жазылып, қосымшаның реті әріптермее белгіленеді.
Қорғауға және курстық жұмысты (жобаны) қорғауға даярлық
Курстық жұмыстар (жобалар) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес қысқы және жазғы сессия басталғанға дейін екі апта бұрын қорғалады.
Курстық жұмысты (жобаны) қорғауға басшының рецензиясы бар болған жағдайда рұқсат беріледі.
Курстық жобаны қорғау кезінде авторға сөз сөйлеуге 5 минуттық уақыт беріледі, онда зерттеудің өзектілігі, жаңалығы, мақсаты мен міндеті және оның негізгі айтылады.
Курстық жұмысты қорғау кезінде бағаланады:
а) жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндай білу және оның теориялық және тәірибелік ерекшелігін көрсету;
б) сұрақтарға жауап беру кезінде жұмыс материалын меңгеру дәрежесі;
в) өзінің көзқарасын аргументтеп, қорғау, ғылыми дискусия жүргізу.
Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны, рәсімделуі мен қорғау параметрлері
7.1.Курстық жұмыстың (жобаның) рецензиясы мен студенттердің жұмысты қорғау деңгейін есепке ала отырып, курстық жұмыс (жоба) келесі пратметрлер негізінде бесбаллдық жүйе бойынша бағаланады:
Өзекті тақырыптар, заманауилық жағдай мен тиісті ғылым саласының даму болашағына , тәжірибелкі тапсырмаларға сәйкестілігі.
2 . Зерттеудің мәнін, мәселесін, нысанын нақты анықтай білу, мақсатын, міндетін және жұмысшы гиптезасын құрастыру.
Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша монографиялық және кезеңдік әдебиеттерге сынды талдау жасай білу, зерттелетін мәселенің тарихы мен қазіргі жағдайына сипаттама бере білу.
Зерттеу әдістемесін меңгеру.
Алынған нәтижелерді талдап, жалпылай білу, негізделген тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Берілген тапсырманы шеші деңгейі, алынған нәтижелердің дұрыстығы.
Мазмұндық жағынан: қисындылығы мен жүйелілігі, материалдың толық баяндалуы, жалпы сауаттылық.
Сыртқы безендірілуі: Титулды беттің, жұмыс тақырыбының, пайдлнған деректер тізімінің Қосымшасына сәйкес.
Достарыңызбен бөлісу: |