Кешендi технологиялар: А.М. Тубельскийдiң өзiн-өзi анықтау мектебi, И.Ф. Гончаровтың «Орыс мектебi», Е.А. Ямбургтың «Бәрi үшiн арналған мектебi», М.Балабанның «Парк мектебi» т.б.
14.5. Педагогикалық технологиялардың түрлерi және сипат-тамалары. 1)Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиялары гуманизм идеясына негізделген және тұлғаны басты құндылық ретінде бағалай-тын технологиялар. Педагогикалық теорияда барлық технологиялар оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған, дегенмен тұлғалық-бағдарлық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалім мен оқушы тұлғаларының ізгілік қатынасқа негізделуінде, оқушының оқу ортасын ізгілендіруде.
Педагогикадағы бұл бағыттың өкілдері Ш.А.Амонашвили, В.В.Сериков, Ю.И.Турчанинов, И.С.Якиманская, А.А.Бейсенбаева т.б.
Осы бағыт бойынша оқыту үдерісі мен оқушының өздігінен оқу үдерісі ажыратылып қарастырылады, яғни, оқушының оқу арқылы тұл-ғалық қасиеттерін дамытуға баса назар аударылып, оның жеке дара-лығына, темпераментіне, мінезіне, өзіндік қарым-қатынас жасау стиліне, қайталанбастығына, оқыту үдерісін оқушыға барынша қолайлы етіп бейімдеуге басымдық беріледі.
Тұлғалық-бағдарлық оқыту технологиялары мынандай тұжы-рымдамаларға негізделеді:
білім алу арқылы адам өзін-өзі қалыптастыру, өзінің қай-таланбас жан екенін сезіну, өзінің болашағына өзі жауапты екенін түсіндіру;
мұғалім тарапынан оқушыға қамқорлық, құрмет пен сый-ластық танытылып, олардың өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі таныту, өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру;
гуманизм идеялары негізінде оқушылардың қоғам, мәде-ниет, әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі ретінде құндылықтық бағдарларын қалыптастыру;
оқушының интеллектуалдық әлеуетін ашуға, шығармашы-лық қабілеттерін дамытуға, қажеттіліктер жүйесін дұрыс анықтай білуге үйрету;
тұлғалық-бағдарлық технологияларды қолдануда түсіндіру-ден түсінуге, монологтан диалогқа, сырттай бақылаудан өзіндік бақылауға, сырттай бағалаудан өзін-өзі бағалауға, сырттай басқарудан өзін-өзі басқаруға ауысудың талап етілуі;
оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауға, өздігінен оқу траекториясын анықтауға мүмкіндіктер және еркіндіктің берілуін қада-ғалау;
субъект-субъектілі қарым-қатынас негізінде әр оқушының табысты іс-әрекет етуіне, оқу жетістіктерімен қатар адами құнды қасиеттерді қалыптастыру.
Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиялары макротехноло-гиялар санатында болып есептеледі, сондықтан басқа да көптеген технологиялардың табысты қызмет етуіне негіз бола алады. Осы тех-нологиялар топтамасына Ш.А.Амонашвилидің ізгілік-тұлғалық техно-логиясы, дамыта оқыту технологиясы, ынтымақтастық технологиясы, т.б. жатады.