Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалім-нің кәсіби іс-әрекетінің нормасы



бет88/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

. Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалім-нің кәсіби іс-әрекетінің нормасы.Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырып шығару. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезін-де жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтыры-лып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланыс-ты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады.

Мұғалімнің кәсіби жетілуі үздіксіз үдеріске айналуы тиіс. Оның кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі - өздігінен білім алу үрдісі. Өздігінен білім алу – мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылық, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет