Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Өздігінен білім алу үдерісінің өзектену себептері



бет89/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Өздігінен білім алу үдерісінің өзектену себептері:

  • ақпараттық қоғамның әр тұлғаның дүниетанымына үлкен әсер етуі;

  • қазіргі қоғамда коммуникациялық қатынастардың, ақпарат-тармен алмасу үрдісінің жылдамдығы;

  • табиғи ресурстарға қарағанда білім ресурсының шексізденуі;

  • ауқымды ақпарат ағымында негізгі білімді жүйелей алу қажеттілігі,

  • ақпараттық технологиялар арқылы on-line оқыту түрлерінің жедел дамуы;

  • ақпараттардың жылдам өзгеруіне байланысты білімнің тез ескіріп қалуы т.с.с.

Өздігінен білім алу – тұлғаның өзіндік мәдени, танымдық, ғылыми, кәсіби, білімдік деңгейін жоғарылатуға және өз ішкі әлеуетін толық ашуға, әлеуметтену қажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған еркін таңдауы бойынша жүргізілетін іс-әрекеті.
Өздігінен білім алуадамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу үдерісі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру инс-титуттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикалық маңыздылығымен танысады.
Өздігінен білім алудың атқаратын негізгіқызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады (Князева М., 1990):

  1. экстенсивтік – жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау.

  2. бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.

  3. компенсаторлық – мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.

  4. дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.

  5. әдістемелік – кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің түтастығын түсіне алу.

  6. коммуникативтік – түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы байланыстарды орната алу.

  7. шығармашылық – шығармашылық жұмысқа үйрену.

  8. жаңашылдық – қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, таптаурындарынан арылу.

  9. психологиялық – зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.

  10. геронтологиялық – жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.

Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу үдерісінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл үдерісте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.
Өздігінен білім алудың негіздері мектеп жасынан бас-талып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жал-ғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

  1. кәсіби білім беру саласында педагогикалық практика болашақ мамандардың өздері таңдаған кәсіптерін практика жүзінде, тереңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарындағы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін шынайы педагогикалық үдеріс жағдайында шығармашылықпен іске асырып, өздерін педагог ретінде сынап көрулеріне, болашақ кәсіптерінің қыр-сырымен тереңірек танысуларына бағытталған.

Педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің кәсіби іскер-ліктері мен кәсіби құзіреттіліктерін дамытудағы және қалыптастыру-дағы жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерістің ажырамас бір бөлігі. Болашақмұғалімдердің кәсіби даярлықтарының сапасын жоғарылатуға бағытталған педагогикалық практиканың білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерінің мүмкіншіліктері өте жоғары.

  1. кітапханадағы электрондық кітап қоры, Интернет жүйе-сін пайдалану. Студент жастарға кітапхананың бай қорымен танысып қалу мүмкіндігін жіберіп алмау керек, себебі онда академиялық кітап-тардан басқа мерзімді басылымдар арқылы заманауи жаңалықтармен танысып отыруға болады. Интернет арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша түрлі білімді жетілдіру курстарына қатысу мүмкіндігі де мол. Бұл үрдістің ұтымды жағы болып адамның өзіне үйреншікті жағдайда отырып сан алуан білім беру бағдарламаларымен танысып, өзінің қалауы бойынша біреуін таңдап электрондық пошта арқылы хат алмасып, білімін толықтыруы болып табылады.

  2. желілік кәсіби қоғамдастықтарға мүше болу. Кәсіби-педа-гогикалық қоғамдастық аясында талқыланатын тақырыптар бойынша пікір алмастыру өте маңызды. Болашақ маман ретінде қоғамдастықта өз пікірін ортаға салу арқылы болашақ ұстаз басқа адамдардың пікір-лерімен таныса отырып, өзінің кәсіби даму деңгейін және кәсіби та-ным шеңберін бағамдап, кеңейтуіне болады.

  3. студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері. Кәсіби-педагогикалық дайындық барысында студенттер курс жұмысы, дипломдық жұмыс (бакалавриатурада), зерттеу жұмысының нәтижеле-рін мақала ретінде жариялау, магистрлік диссертация (магистратурада) жазумен айналысады. Бұл жұмыс барысында болашақ мамандар бір ғылыми мәселені шешуде өзіндік көзқарастарын қалыптастырады, зерттеудің эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық әдістерімен таныса-ды, бір тақырып аясында өздерінің білімдерін тереңдетеді.

  4. білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу. Студенттік шақ адам бойындағы қабілеттерді дамытуға өте қолайлы кезеңдедің бірі. Арнайы білімдермен қатар жас маман тұл-ғасына оның іскерліктеріне байланысты көп талаптар қойылады. Сон-дықтан сөйлеу шеберлігін дамытуға арналған психологиялық тренинг-терге, шет тілдерін үйрену курстарына қатысып жоғары білім туралы дипломмен қатар бір неше сертификаттар алып шықса, оның жұмысқа орналасқан кезінде өз күшіне деген сенімділік нығая түспек. Бұндай мамандар өздерінің құзыреттілігімен беделді де абыройлы бола алады.

  5. кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру. Қазіргі нарық заманында көптеген студент жастар оқуларымен қатар қосымша жұмыс істеуге тырысады. Әрине, бұл сабақтарына кедергі болмаса өте құптайтын жайт. Мысалы, репетиторлық жұмыстар, мектепте сабақтан тыс спорттық үйірме, факультативтік жұмыстарын жүргізу, лингвисти-калық аудармашылық жұмыстар, компьютерлік қызмет көрсету жұ-мыстары, балалардың демалыс лагерлерінде жетекшілік атқару, бала бақшаларында тәрбиеші болу т.с.с. жұмыстар жастардың болашақ кәсібімен жақынырақ танысуларына, ұжым ішінде тұлғааралық қарым-қатынасты орнатуға уйренуіне, тәжірибе жинақтауына, өз мүмкіндік-терін бағалауға көп септігін тигізді.

  6. қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру. Айналамыздағы бізді қоршаған таныс және бейтаныс адам-дармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін кәсіби тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі ертең мұғалімдік қызметте жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе алу қажет. Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәріс-теріне қатысу арқылы олардың аудитория назарын қалай аударатынын, сабақ үстінде тәртіпті сақтай алу іскерліктерін, ынтымақтастық қарым-қатынас орната білу шеберліктерін үйренуге болады.

  7. теледидардан көретін бағдарламалардың мамандыққа қа-тысты жаңалықтары болса, оларды педагогикалық рефлексиялық күн-делікке түртіп жазып алуды дағдыға айналдырған дұрыс. Теледидар-дың қоғамдық санаға әсері өте жоғары. Әр бағдарламаларға талдау жасап, әріптестеріңізбен бөлісе алу болашақ педагогтың коммуника-тивтік қабілетін дамытуға жақсы негіз бола алады.

  8. Өзін-өзі жетілдіруде көп кітап оқудың да рөлі өте маңыз-ды. Кітап оқу арқылы өте қызықты тұлғалармен танысып, соларға қа-рап жақсы болуға тырысып, өзін әдепті ұстауға, қарым-қатынасты дұ-рыс ұйымдастыруға үйренуге болады. Қазіргі бұқаралық ақпарат құ-ралдары да адамның жалпыадамзаттық мәдениетке енуіне ықпал жа-сауда. Кітап дүкендеріне, кітап көрмелеріне баруды әдетке айнал-дырған абзал, себебі онда жаңа кітаптар сарынымен танысып отыруға мүмкіндік жоғары. Кітаптармен таныса жүріп, өзіңіздің үй-дегі педагогикалық кітапханаңызды ашуыңызға болады. Кітап – мұға-лімнің ең сенімді серігі, кеңесшісі, рухани азығы.

  9. өздігінен білім алудың көзі ретінде әр адамның әуестену-шілігін, хоббиін қарастыруға болады. Кез келген адамда өзіне тән бір ерекшеліктері болады. Мысалы біреу жақсы ән айта алады, екіншісі жақсы билей алады, үшіншілерінде ақындық қабілеттері дамыған, кейбіреулері музыкалық аспаптарда жақсы ойнай алады, басқасында спорттық қабілеттері басым болып келеді.

  10. Деректі және көркем фильмдер, ұлы адамдар өмірбаяндары, түрлі кездесулер, шығармашылық кештер, спектакльдер, мәдени-та-нымдық бағдарламалар т.б. іс-шаралардың барлығы адамның өз тұлға-сын дұрыс қалыптастыруына бағыт-бағдар беру негізі.

  11. Тәлімгер таңдау. Білім беру саласында, жоғары оқу орын-дарында ресми бекітілген педагогикалық қызметтермен (лектор, кура-тор, эдвайзер, тьютор) қатар тәлмгер қызметі де жақсы даму үстінде. Көптеген оқу орындарында ресми түрде бекітілген адамдар өз қызмет-терін жоспарлы түрде орындап отырады. Ал тәлімгерлік үдерісінде тәлімгерді жас маман өзіне өзі таңдайды. Кімді үлгі тұтады, кімді кәсіби іс-әрекеті үшін құрметтейді, сол адамммен пікір алмасып, не үйренгісі келетінін айтып, өз қажеттілігіне байланысты даму жоспар-ларын құруға болады. Барлық ұлы адамдардың тәлімгерлері болған. Мысалы Аристотель болмағанда, Македонский болар ма еді?

Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзыреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағытты-лығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет