дипломнан кейінгі кәсіптік білім беру мәселелерімен айналасу;
білім беру жүйесінде жоспарлау және экономика мәселелерін жетілдіру;
білім беру жүйесіндегі реформалаудың тұжырымдамалық негіздерін анықтау.
Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамы-ды. Ол үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын, ғылыми логикасын басқа ғылымдардағы ғылыми аппаратпен, әдіс-тәсілдермен салысты-руға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп, терең зер-делеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады.
Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақ-тарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие бе-ру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөлік-терімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретін-де санайтын бірден – бір ғылыми пән. Сонымен, педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы, кең ауқымды ғылымдар жүйе-сінің қатарына кіреді. Педагогиканың негізгі салалары: пе-дагогика тарихы, этнопедагогика, отбасы педа-гогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектеп-ке дейінгі педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру педагогикасы, түзету педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б. Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика - саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика - көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренопедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.