«Миға шабуыл» әдісі – берілген сұраққа кез келген оқушы жауап алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қой-мау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақ-таға немесе парақ, қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілетінін түсінулері керек. «Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа оқушылардың ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.
Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу ғана емес, үйрене білу.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: Педагогика тарихындағы дидактикалық теориялардың дамуына тоқталыңыз.
Дидактиканың негізгі категорияларына талдау жасаңыз.
Дидактика – жеке әдістеменің негізі дегенді қалай түсінесіз?
Оқытудың әдіснамалық негізіне тоқталыңыз.
Оқытудың мақсаты мен міндеттеріне талдау жасаңыз.
8-тақырып. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ