12.2.Оқыту үдерісіндегі білімдерді бағалау және тексерудің қызметтері. Білімдерді тексеру мен бағалау - оқыту үдерісінің құ-рамдас бөлігі. Бұл оқушылардың оқу әрекетіне жүйелі түрде сабақта, не үйде ауызша, жазбаша, графикалық және тәжірибелік жүмыстар ар-қылы бақылау жүргізу болып табылады. Тексеру мен бағалау арқылы оқушының әр деңгейдегі алған білім дәрежесі олардың дайындалу ба-рысындағы жетістіктері мен кемшіліктері, мұғалімнің жұмыс деңгейі, тоқсандық және жылдық бағаларының қойылуы, оқушылардың аттес-тациялануы, келесі сыныпқа көшірілуі және де келесі деңгейдің білі-мін алуға қабілеті анықталады. Білімді тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, білім беру, тәр-биелеу, түзету және хабарландыру, түзету және ақпараттық сияқ-ты қызметтерді атқарады. Мұғалім тек қана оқушының білімін баға-лап қана қоймай, сонымен қатар әр оқушының жетістіктерін қоры-тындылап, оқу-тәрбиелік үдеріске түзетулер еңгізіп және ата-аналар мен өзгелерге оқушының жетістіктері мен кемшіліктерін хабарлап отыра алады.