Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогика және философия



бет99/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Педагогика және философия. Философия мен педагогиканың өзара байланысының қүрделілігі бүгінгі күнгі ақиқат. Философиямен байланыс - педагогикалық ойдың дамуының қажетті шарты. Философиялық қағидалар педагогикалық зерттеулерді әдісна-малық тұрғыдан қамтамасыз ететін жалпы бағдарлар болып табылады. Олар педагогикалық теорияларды құрастыру және олардың мәнін ой-ластыру, сондай-ақ, педагогикалық идеялар мен жазылымдардың қо-ғамға тигізетін әсерін болжау үшін қажет. Философия мен педагоги-каның арақатынасын талдау адами білімнің бұл салаларының тығыз байланыста екенін көрсетеді. Философиялық бағыттар мен мәселелер-дің білім беру мәселелерімен ара қатынасының табиғатын түсіну қателер мен дәйексіз шешімдерден құтқарады.
Қазіргі күні философияның педагогикада әдіснамалық қызмет атқаратыны күдік тудырмайды, алайда, осы заманғы жағдайда педаго-гиканың пәнаралық байланысы жаңаша даму үстінде.
Философия педагогика ғылымын дүниетанымдық деңгейде де талдайды. Зерттеудің бұл саласы педагогика ғылымының философиясы, білім беру философиясы, дидактика философиясы, тәрбие философиясыдеп аталады. Педагогтардың ғылыми қызметін философиядан бөліп алу мүмкіндігі, жекелей алғанда, онда сциентизм мен технократизмнің, кейде тіпті гуманистік және гуманитарлық негіздерге залалын тигізе отырып, төрелік етуіне алып келеді.
Педагогикадағы пайда болған жаңа әдіснамалық бағдарлар ғылыми танылған соң педагогтардың танымдық және тәжірибелік қызметінің логикасына әсер етеді, яғни әзір қайта қарауға жатпайтын шүбәсіз білімге айналады. Екінші мыңжылдықтың соңындағы оқиғалар тап қазір осындай сәт туғанын көрсетеді.
Философтар ғылым әдіснамасының іргелі мәселелерін және жеке ғылым салаларының әдіснамалық пайымдауларын зерттеуде: диалектиканың, логиканың және таным теориясының бірлігі (Ж.М. Әбділдин, Б.М. Кедров, П.В. Копнин жэне баскалар); материалистік диалектиканың категориялар жүйесі (А. Н. Нысанбаев, А.П. Шептулин және баскалар); қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңы (С. П. Дудель, В.П. Тугаринов, Ф.Ф. Вяккеров және т, б.); тарихилық пен логикалықтың өзара қарым-қатынасы (А. Г. Спиркин, М.Н. Алексеев, С. Добриянов); теориялық жүйені құру ұстанымдары (А. И. Ракитов, П.В. Йолон, В.Н. Голованов, М.Ш. Хасанов); жаратылыстану ғылымы саласындағы диалектиканың мәселелері (М. С. Сабитов, В.А. Фох, М.Э. Омельяиовский, А.Д. Александров, П.К. Анохин, Н.П. Дубинин және басқалар), қоғамдық ғылымдардағы диалектикалық мәселелер (П. Н. Федосеев,Ф.В. Константинов, А.М. Румянцев және т. б.). Бұл талдаудан жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелері мен танымның жалпы әдіснамасы жасалуының өзара шартты байланысты екендігі көрініп-ақ тұр. Сонымен, ғылым әдіснамасы — ғылыми білімнің құрылымын, оны негіздеу және дамыту әдістерін, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылымтанудың бөлімі.
Қазақстанның өзіндік философиялық мектебі (негізгі теориялық бағыттар): адам және қоғам философиясы (әлеуметтік философия және мәдениет философиясы; философиялық және әлеуметтік антропология; білім беру философиясы; тарих, саясат және құқық фиолсофиясы), онтология, гносеология және эпистемология(онтология; диалектика, диалектикалық логика және теория), әлемдік және ұлттық философиялық ойдың тарихы(әлемдік философия тарихы; фарабитану; түрік және қазақ философиясы тарихы) дамуда. Философия бүкіл адамзат ой тарихын бойына сіңіретін әмбебап категориялық аппаратқа сүйенеді, шындықты теориялық игерудің формасы ретінде көрініс табады.
Қазіргі заманғы қазақ философиясы туралы сөз айтқанда, кеңестік-қазақстандық диалектикалық логика мектебін атап өту керек. Отандық философия тарихында логика және таным теориясы тұрғысындағы диалектиканың майталмандары Ж. Әбділдин, Қ. Әбішев, А. Хамидов, А. Қасымжанов, А. Келбұғанов және т.б. елеулі із қалдырды. Бұлардың арасында Жабайхан Әбділдин – әлемдік деңгейдегі философ. Ол - әлемдік философия ғұламалары К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабендтің қатарындағы тұлға. Ж.М. Әбділдиннің ғылыми теория бастамасы мәселесі, форма мен материя арақатынасы, «идея» категориясының қалыптасуы, Платон, Аристотель, Кант, Гегель және Маркс философиясы туралы жазғандары қазақстандық философияның алтын қоры болып табылады. Ж. Әбділдин он томдық кітабын шығарды. Ол үнемі ой әлемінен сөз қозғайды, бүгінгі қазаққа қай салада да ой керек дейді. Ж. Әбділдиннің ғылыми жетістіктерін кезінде КСРО Философия институты мен Мәскеу мемлекеттік университетінің белгілі ғалымдары Б.М. Кедров, Ф.В. Константинов, П.Н. Федосеев, П.В. Копнин сан рет атап өткен.
Сонымен бірге, философтар Қ. Серікболдың «Арғы қазақ мифологиясын», Ғ. Есімнің «Хакім Абай», «Адам-Зат», «Фалсафа тарихын», Д. Омаровтың Абай мен Шәкәрімнің дүниеге көзқарасы туралы туындыларын ерекше бағалайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлеуметтік философия, фарабитану, түрік және қазақ философиясы тарихы мектептері қарқынды дамуда.
XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырады. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің тарихи өзгерісін, ғылыми білімді қалыптастыру жолдары мен осы үрдіске мәдени әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г. Горохов, М.А.Розов өздерінің «Ғылым мен техника философиясы» атты оқу құралында ғылыми танымның ерекшеліктерін, оның қазіргі өркениеттегі алатын орнын, ғылыми революциялар мен ғылыми өнертапкыштың даму кезендерін сипаттайды (1996 ж.).

Философия педагогика ғылымын дүниетанымдық деңгейде де талдайды. Зерттеудің бұл саласы педагогика ғылымының философия-сы, білім беру философиясы, дидактика философиясы, тәрбие фило-софиясыдеп аталады. Педагогтардың ғылыми қызметін философиядан бөліп алу мүмкіндігі, жекелей алғанда, онда сциентизм мен технокра-тизмнің, кейде тіпті гуманистік және гуманитарлық негіздерге зала-лын тигізе отырып, төрелік етуіне алып келеді.


Ғалымдар әдіс пен әдіснаманың өзара байланысын қарастырып, әдістердің жіктемесін береді, әдіснамалық білімнің көпдеңгейлік тұ-жырымдамасын ұсынады: философиялық әдістер, жалпығылыми ба-ғыттар мен әдістер, жалпығылыми әдістер, зерттеудің пәнаралық әдістері.
Педагогиканың философиялық бағдарлары:неомарксизм, экзистенциализм, феноменология, структурализм, прагматизм, герменевтика, аналитикалық философия, персонализм, постмо-дернизм, философиялық антропология болып бөлінеді.
Қазіргі өзгермелі жағдайда педагогика ғылымы өте күрделі әлеуметтік жүйе, өзін өзі ұйымдастырудың жоғары деңгейінде, ғы-лыми әрекет нәтижелері білім берудің дамуының іргетасы болып табылатын жүйеге айналуда. Сонымен қатар, білім беру қызметінің мәселелері, оның кемшіліктері, адамзаттың болашаққа артатын мүдделері педагогиканың өзіне ғылым ретінде нақты қарым-қатынас орнатуын талап етеді.
Педагогиканың дидактикалық негіздері. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстанда дидактика ғылыми-педагогикалық білімнің басты саласы ретінде басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары деңгейде дамып келе жатыр. Қазақстан Республикасы өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы оның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бойынша бүгінгі мектеп оқушыларына әлемдік бәсекеге қабілетті білім беру бойынша дидактикалық инновациялық бағыттары: инновациялық технология, инновациялық оқу-әдістемелік кешен, инновациялық әдіснама, дидактикалық-инновациялық мазмұны және т.б.
ХХІ ғасыр мұғалімнің зерттеушілік даярлығын қажет ететін, жаңа форматтағы мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Мектеп өміріне жаңа буын оқулықтарының келуі мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен, инновациялық көзқараспен қарауды талап етеді. Республикамызда білім беру жүйесінде қоғамның әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру үшін жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін ендіру қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1173 қаулысына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін (ООӘК) дайындау мен баспадан шығарудың мақсатты бағдарламасы» бекітілді. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты – әрбір сынып, әрбір пән бойынша жаңа буын оқулықтары мен оған сәйкес оқу-әдістемелік кешендерін қазіргі қоғам сұранысына сәйкес, еліміздің ұлттық менталитеті мен мәдени құнылықтарын ескере отырып, қайта дайындау, оқушылардың базалық білім мен біліктілік деңгейін қамтамасыз ету.
Соңғы жиырма бес жылдықта көптеген жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көрді: ана тілінен (Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова), қазақ әдебиетінен (А. Дайырова, Т. Ақшолақов, Г.С. Құрманбаева және т.б.), қазақ мектептеріне орыс тілінен (Г. Бадамбаева, Қ. Қабдолова, Ә. Жүнісбеков және т.б.), дүниетанудан (К. Жүнісова, Қ. Аймағамбетова және т.б.), географиядан (К. Мамырова, Ұ. Есназарова), химиядан (Н.Н. Нұрахметов, И.Н. Нұғыманов), математикадан (Т. Оспанов, А.Т. Миразова, Қ.Ж. Ағанина, Ж. Қайыңбаев және т.б.), тарихтан (Т. Тұрлығұлов, Т.А. Анохина және т.б.) және басқалары. Ал Қазақстан Республикасы мектептері мен жоғары оқу орны оқулықтарын даярлаудың тұжырымдамалық негіздемесін ғалымдар Б.А. Қойшыбаев, Н.Н. Нұрахметов, А.Қ. Құсайыновжәне т.б. жасады.
Педагогиканың дидактикалық бағдарларынажататын ағымдар: дидактикалық материализм, дидактикалық формализм және дидактикалық утилитаризм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет