Таусоғарова А



бет13/33
Дата20.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#163494
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
annotation18047
баяндама, ӨСӨЖ 9 апта, TeoriaVer, 000cc5e1-843c421c
Тақырыпары: Концепті құрылымы және оны сипаттау әдістемесі. Семантикалық талдау және концептуалдық талдау. Фразеологизмдердің танымдық негіздері.
Концепті қатпарлы қабаттардан тұрады және әр қабат түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің “тұнбасы”, яғни нәтижесі болуы мүмкін. Тарихи тұрғыда бұл қабаттар түрлі қабаттардан, және пайда болу уақыты, шығу тегі, семантикасы жағынан әртүрлі болады. Соған байланысты оның құрылымы да ерекше. Ол келесі белгілерді қамтиды: 1) негізгі актуалды белгісі; 2) қосымша (пассив; тарихи) белгі; 3) ішкі (әдетте, санамен түйсінілмейтін) формасы.

  • Ішкі форма, яғни этимологиялық белгіні зерттеушілер ашуы мүмкін. Басқаларға ол делдалдар (ұрпақтан-ұрпақ) арқылы жеткен, осы ішкі форманың негізінде қалған мағыналық қабаттар пайда болған.

  • Неігзгі пәрменді (актуалды, актив) қабат – сол мәдениетті тұтынушы ұжымның әрбіріне мәлім, сондықтан ол – жалпыұлттық концепт болып табылады;

  • Пассив қабат – бұл қосымша қабат, мәдениетті тұтынушы ұлттың белгілі бір жеке тобы үшін маңызды болып табылады (яғни, жекелеген субкультураның концептосферасына жатады). Концептінің ішкі формасы (күнделікті өмірде түсінілмейтін, тек мамандарға мәлім) мәдениетті тұтынушы көпшілік үшін концепті бөлігі болып табылмайды, тек мәдени элементтерді түсіндіруші ретінде қабылданады.

Концепті 2 ыңғайда қарастырылады: лингвомәдени және когнитивтік.
Лингвомәдени концепті менталды кешен ретінде мағыналық мазмұннан бөлек, санада бейнеленген сол объектіге байланысты адамның қатынасын, бағасын т.б. қамтиды. Концептілер – кез-келген ұғым емес, бұл тек өте күрделі, маңызды ұғымдар, себебі оларсыз анықталған мәдениетті тану мүмкін емес (мысалы, немістердегі “тәртіп” концептісі).

  • Е.С. Кубрякова: “Концептуалды және семантикалық талдаулардың түйісу нүктелері бар”.

  • Семантикалық талдау – сөздің семантикалық құрылымын ашу (денотативтік, ...).

  • Концептуалдық т. объектісі – концепті.

  • Концептуалдық т.мақсаты – концептіде жинақталған білімнің, танымның қалыптасу, даму жолдарын зерттеу, нәтижелерін формалды семантикалық тілде тіркеу.



Әдебиеттер.

  1. Аскольдов С.А. Концепт и слово // Русская словесность: Антология. М., 1997. с. 267-280.

  2. Болдырев Н.Н. Концептуальные структуры и языковые значения // Филология и культура. М., 2001.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет