Таусоғарова А


Концепті туралы түсініктер. Концепті, ұғым және мағына



бет11/33
Дата20.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#163494
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
annotation18047

Концепті туралы түсініктер. Концепті, ұғым және мағына.

  • Концепті құрылымы және лингвомәдени конептінің көпөлшемділігі.

  • Концептуалды талдау.

    Концепті - когнитивтік лингвистикадағы басты ұғымдық-концептуалдық аппаратқа енетін эелементтердің бірі болып табылады. С.А.Аскольдов: “Концепті лексикалық мағынаға қарағанда анағұрлым кең”.
    1990 ж. Ю.Г.Степанов: “Концепті - сөздің мағынасы дегенмен сәйкес құбылыс, бірақ басқа байланыс жүйесінде қарастырылады; мағына – тіл жүйесінде, ұғым – тіл білімінде, сондай-ақ логикада зерттелетін логикалық қатынастар мен формалар жүйесінде қарастырылады”.
    Алайда соңғы 10 жыл ішінде бұл мәселе туралы түсінік өзгерді: Концептілер – бұл сөздер мен экстралингвистикалық шындық арасындағы делдалдар, яғни мұнда сөз мағынасы оны жасайтын концептілерде қамтылмайды.
    КОНЦЕПТІ – ТАНЫМ ЖҮЙЕСІНДЕ қарастырылады.
    Д.С.Лихачевтің айтуынша, К. Сөзбен оның қайбір мағынасында сәйкес келеді, В.П.Москвин: “Синонимдердің болуы, ішкі форма мен тіркесімділік тұтастай сөзге емес, оның жекелеген лексика-семантикалық вариантына жатады”.
    Э.Сепир бойынша, концепт - өмірдің әрбір эпизодтарын жинақтап тұрған ойдың қабығы.
    Концепті латын тілінен аударғанда “ұғым” дегенді білдіреді, алайда қазір олардың арасы ажыратылған. Ұғым – объектілердің мәнді танылған белгілерінің жиынтығы болса, концепт – менталды (ойлау процестерінің жиынтығында, әлем бейнесінің ерекше құрылымы қамтылады) ұлттық ерекшелікке ие жасалым, оның мазмұн жоспары анықталған объект туралы барлық білімдердің жиынтығы болып табылады, ал білдіру жоспары – тілдік құралдардың (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық т.б.) жиынтығы.
    Ұғымда энциклопедиялық ақпарат беріледі, яғни концепт ұғымнан кең мағынаға ие.
    “ҰҒЫМ” – ғылыми білімнің нәтижесін берсе, “КОНЦЕПТ” сөздіктегі мағынасымен қатар, “алғашқы формасы” (этимологиясы), басты тарихи белгілерін,мазмұн тарихын, қазіргі заман ассоциациясын, бағалау модусын” жинақтаған көп қабатты құрылым. Демек, концепті ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет