Таусоғарова А


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі



бет7/33
Дата20.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#163494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
annotation18047

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



  1. Әлемнің концептуалды бейнесі – адамның әлем туралы білімінің формасы, оған іштей құрылымдану, тармақталу үдерісі тән, яғни әлем туралы білімнің өзара байланысты бірінен бірі туындайтын минималды концепуалды бірліктерден құрылуы. Әлемнің концептуалды бейнесінің қалыптасуында көптеген әлеуметтік факторлар ықпалы көрініс табады – тіл, дәстүр, табиғат, тәрбие, оқу, сондай-ақ адамның өмір сүрген дәуірі, жасы, әлеуметтік дәрежесі т.б. Әлемнің концептуалды бейнесі тілдегі лексикалық бірліктердің семантикалық түйісулері негізінде де түсіндіріледі. Мысалы, адамның жүруі, сағаттың жүруі; жүрек соғысының тоқтауы, сағат соғысының тоқтауы.

  2. Коннотация – таным үдерісі механизмінде пайда болған қосымша мән-мағыналар, сөз мағынасының эмоционалдық, бағалауыштық, ассоциативтік, стилистикалық компоненті. Коннотацияда сөздің алғашқы мағынасымен байланысының болмауы да мүмкін. Өйткені коннотация – әлем бөліктерін я құбылысты әр қырынан танудың нәтижесі. Мысалы, махаббат сезім деген түсінікті білдіреді, алайда ол Мағжан Жұмабаев өлеңінде жаңа коннотацияға ие болады, махаббат – жүректі жаралайтын қару: «Махаббат – бір тікенек, Жүрекке барып қадалар. Бақытсыз ғой бұл жүрек, Тамшылап одан қан ағар». Коннотацияға жалпылық, сондай-ақ жекелік сипат та тән. Негізгі түсінігінде қой үй жануары, ал оның басқа да «жуастықтық, момындық, сабырлық» тұрғысындағы коннотациялары бар: «Қонақ қойдан жуас», «Қой аузынан шөп алмас», «Семіздікті қой ғана көтереді».

3 семинар .
Тақырып:Тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы.
1. Тілдік бірліктердің этимологиясы (айналайын, сәйгүлік, темірқазық т.б.).
2. Тілдік бірліктердің семантикалық қабаттарындағы тарихи белгілер.
3. Тілдік бірліктердің семантикалық қабаттарындағы прагматикалық-бағалауыштық сипаттар.
4. Тілдік бірліктердің ұлттық танымдық сипаты.
Әдебиеттер:

  1. Уалиханов Ш. Қырғыздардың космологиялық түсініктері (Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары) // Избранные труды. том 4. Алматы, 1985.

  2. Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. – Алматы: Ан Арыс, 2006. -56 – 69 беттер.

3 СОӨЖ. Когнитивтік ғылым және оның басқа ғылымдармен байланысы. Сөз өнері – таным өзегі. Халықтық психология – этнотаным негізі.
4 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет