Таусоғарова А



бет18/33
Дата20.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#163494
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
annotation18047
баяндама, ӨСӨЖ 9 апта, TeoriaVer, 000cc5e1-843c421c
Әдебиеттер. Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: Оқу құралы. – Ақтөбе, 2006. – 103 - 115 б.

  • Екшембеева Л.В. Второй язык: теоретические основы усвоения: Учебное пособие по курсу «Теория усврения второго языка» – Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. – 94 с.



    Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



    1. Семантикалық желі – Қоршаған орта объектілері және оларға тән барлық сипаттарды меңгеруде Адам санасында жүретін танымдық үдерістер белгілі бір механизмдер бойынша жүзеге асады. Табиғат құбылыстары дегенде адам ойына қар, жаңбыр, жел сияқты ұғымдардың бірден (тез) келуі де білімнің қандай-да бір критерий бойынша, мысалы, бір тақырып аясына топтасатын я семантикалық байланыстағы сөздер түрінде жүйелі ұйымдасуымен байланысты. Егер қоршаған орта объектілеріне байланысты білімнің ұйымдасуының қандай-да бір жүйесі, өзіндік механизмі болмай, шашыраңқы (стихиялы) түрде орналасатын болса, онда қажетті ситуацияда білімнің танылу үдерісі де шапшаң түрде жүзеге аспас еді. Білімнің осы тұрғыда ұйымдасу, танылу үдерістері семантикалық желі тұрғысынан былай түсіндіріледі: «Қандай-да бір құбылыс, нәрсеге байланысты білімді елестетудегі семантикалық желі формасының қызметі – сол класс, топ мәнін, оның прототипін сипаттау және обьектілердің қасиетін бейнелейтін сөздермен байланысын анықтау. Мұнда ұғымдық обьектілер ассоциативті желі түрінде танылады, олар төбелер мен доғалардан тұрады. Төбелер – бұлар концептілер (мысалы, адам, жан, өмір), ал доғалар олардың арасындағы қатынастарды көрсетеді. Семантикалық желі ұғымдар арасындағы қатынастардың ассоциативтік байланысын ұйымдастырады. Ассоциативті байланыстың түйісу нүктесін түйін деп атайды. Әрбір түйін анықталған ұғымды – концептті танытушы ретінде түсініледі (Адам – тіршілік иесі, биологиялық субьект, рухани байлық иесі, әрекет етуші).

    Семантикалық желіні кейде концептуалды желі немесе концептуалдық тәуелділіктер желісі деп атайды. Кез келген түйін басқа бірнеше түйіндермен байланысты болады. Адам жадысында семантикалық желінің әрбір түйінімен басқа концептілер ассоциативті байланысты. Егер бір желі қозғалысқа түссе, жадыдан онымен байланысты мәліметтер мен деректер де онымен бір уақытта көтеріледі. Семантикалық желіде экстралингвистикалық біліммен бірге тілдік білім де сақталады, себебі концептуалды байланыстар лексикалық мағыналар негізінде жүзеге асады» [Екшембеева, 2006].


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет