Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:
Прототип – қандай-да бір категорияға тән барлық белгілерді өз бойында жинақтап, оның басқа мүшелеріне эталон ретінде қарастырылатын объект. П. терминін ғылыми айналымға семантиканы зерттеу барысында американ психологы Э. Рош енгізді. Оның айтуы бойынша кез келген категория прототиптен және перифериядан тұрады. Прототип категорияны тұтастықта тануға мүмкіндік береді. Мысалы, құс категориясына тән белгілер жиынтығының барлығын қамтыған торғай прототиптен орын алады да, ал құс категориясына тән белгілердің бірқатарын ғана қамтыған басқалары анықталған иерархия бойынша периферияға жылжытылады. Прототиптің анықталуы тілдік және мәдени ерекшеліктерге ие. Жеміс категориясының прототипі барлық халықтарда бірдей емес. Кейбір халықта алма болса, басқа халықта апельсин екені көрсетіледі. Сөз мағынасын протиптік тұрғыда сипаттау Дж. Лакофф, Ч. Филлмор еңбектерінде жалғасын табады.
Тілдік модуль – бұл «ережелер мен механизмдер жүйесі арқылы сөйленістің мәнін түсіну және ойды білдіру кезінде ақпаратты өңдеуге қатысатын тілдік білімнің менталды репрезентация жүйесін танытатын бірлік. Сөйленістің туу үдерісіне белсенді қатысатын тілдік білімдер жүйесіне сәйкес лексикалық, грамматикалық, прагматикалық модульдер ажыратылады» [Екшембеева].
№ 10 СЕМИНАР
Тақырып: Прототип белгілі бір категориядағы эталон мүше ретінде.
Прототип ұғымы және оның семантикамен байланысы. 2. Категория және прототип ұғымдарының байланысы негізінде схема құрастырыңыз. 3. Прототиптің анықталуындағы тілдік және мәдени ерекшеліктердің орны. 4. Сөз мағынасының прототиптік тұрғыда сипатталу мәнісі бойынша б.б. тілдік бірліктерге талдау жасау.
Әдебиеттер:
1. Лакофф Дж. Мышление в зеркале классификаторов // НЗЛ. Вып. ХХІІІ. М., 1988. с. 350-368.
2. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. –Уч. пособие. М., 2004.
3. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. М., 1996.
№10 СӨЖ. Ұлттық және базалық концептілер. Тағдыр базалық концепті ретінде сипаттау, концептуалдық талдау.
№11 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |