Сценарий – сана құрылымының бір түрі, М. Минский концепцияларының негізгі ұғымдарының бірі. Сценарий мәтін интерпретциясы нәтижесінде шығарылады, мәтін идеясы мен тірек сөздері терминалды элементтерге телінген стандартты, таптаурын мән-мағыналар негізінде жадыдан шығарып алынатын тақырыптық («сценалық») құрылым түзеді (қара. Кубрякова Е. С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов. М., 1996).
№ 8 СЕМИНАР
Тақырып Адам санасында білімнің ұйымдасу формалары, ақпараттың өңделу механизмі. Фреймдер – когнитивтік үдеріс ретінде.
Білімді жүйелі ұйымдастыру мен жарыққа шығару үдерістері.
Стереотип, стандарт ситуациялардың когнитивтік өңделуіндегі схема, сурет, скипт, сценарий т.б.
Білімді концептуалдау үдерісі.
Шындықтың концептуалдану тәсілдері.
Әдебиеттер:
1. Аитова Н.Н. Білімді көрсету, ұйымдастыру (репрезентация) тәсілдері // Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: Оқу құралы. – Ақтөбе, 2006. – 103 -111 беттер.
2. Жарқынбекова Ш.Қ. Концептуализация как отражения национального мировидения // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. №7 /58/. 23-29 б.
3. Жарқынбекова Ш.Қ. Репрезентация этноментального мира человека: методы выявления // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. №55. 139-144 б.
№8 СӨЖ. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті // Филол.ғ.д. ... дисс-я. – Алматы, 2005.
№9 дәріс
Тақырыптары:Білімді концептуалдау тәсілдері. Ассоциативтік эксперимент тілдік сананы зерттеу әдісі ретінде.
Семантикалық желі когнитивтік үдеріс ретінде
Мағынаны айқындау тәсілдері.
Қоршаған орта объектілері және оларға тән барлық сипаттарды меңгеруде Адам санасында жүретін танымдық үдерістер белгілі бір механизмдер бойынша жүзеге асады. Мысалы, оқушы ата, әже, аға, ағаш, ана түрінде берілген сөздер қатарынан артық сөз ретінде ағаш сөзін сызып тастайды. Осы берілген қарапайым мысалдан-ақ адам санасында білімнің ұйымдасу механизмі туралы тұжырым жасауға болады. Ата, әже, аға, ана сөздері туыстық атаулар ретінде өзара семантикалық байланыста топтасқан. Яғни, қоршаған орта объектілері, құбылыстар т.с.с. адам санасында топ, класс, парадигма бойынша жүйемен топтасады.
Табиғат құбылыстары дегенде адам ойына қар, жаңбыр, жел сияқты ұғымдардың бірден (тез) келуі де білімнің қандай-да бір критерий бойынша, мысалы, бір тақырып аясына топтасатын я семантикалық байланыстағы сөздер түрінде жүйелі ұйымдасуымен байланысты. Егер қоршаған орта объектілеріне байланысты білімнің ұйымдасуының қандай-да бір жүйесі, өзіндік механизмі болмай, шашыраңқы (стихиялы) түрде орналасатын болса, онда қажетті ситуацияда білімнің танылу үдерісі де шапшаң түрде жүзеге аспас еді. Білімнің осы тұрғыда ұйымдасу, танылу үдерістері семантикалық желі тұрғысынан былай түсіндіріледі: «Қандай-да бір құбылыс, нәрсеге байланысты білімді елестетудегі семантикалық желі формасының қызметі – сол класс, топ мәнін, оның прототипін сипаттау және обьектілердің қасиетін бейнелейтін сөздермен байланысын анықтау. Мұнда ұғымдық обьектілер ассоциативті желі түрінде танылады, олар төбелер мен доғалардан тұрады.
Білімді көрсету мен құрудың тағы бір тәсілі когнитивтік (менталды) карта құру арқылы жүргізіледі. Когнитивтік карта ұғымын ұсынған – Э. Толмен. Мидың когнитивтік қызметінің бірі көріп, ойша елестету негізінде жүзеге асады. Ойша көз алдымызға әкелінетін білім когнитивтік карта деп аталады. Адамда бұл құбылыс өте жиі өткеріледі. Мұндағы ерекше назарда болатыны - кеңістіктің ұйымдастырылуы. Адамның менталды картасы да басқа кеңістік бейнелерімен байланысты иерархиялық құрылымға ие. Когнитивтік карта нақты мағына аумағынан кең, онда вербалды емес жағдайлар да жүзеге асырылады.
|