Таяу және алыс шетелдегі инклюзивті білім беру Жалпы инклюзивті білім беру


АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты



бет2/6
Дата11.01.2022
өлшемі32,15 Kb.
#111327
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жалпы инклюзивті білім беру

АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты.

20 ғасырдың 60-жылдарында Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде қоғамдық өмірдік көптеген саласында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді түрдле талқылана бастады, мүгедектер қоғамнан мүлем оқшуаланды және сегрегацияға ұшырады. Білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.

АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында мектептердің білімге қолжетімділікті кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру бірнеше тұғырлары дамыды. Ұлыбританияда әлеуметтік өнертапқыштық туралы сөз болды. Мейнстриминг – мүгедектігі бар оқушылардың өз қатарластарымен мерекелерде, әртүрлі демалыс іс-шарасында қарым-қатынас жасайтын стратегияға жатады, мұндай балалар жалпы білім беретін мектептің сыныбына енгізілген жағдайда, олардың әлеуметтік байланысының мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет.

Интеграция – психикалық және физикалық ауытқуы бар балалардың қажеттіліктерінің білім беру жүйесімен сәйкестендіруді білдіреді: жалпы білім беретін мектептер мүгедек балаларға бейімделмеген. «Интеграция» термині әдетте психфизикалық даму ерекшеліктері бар оқушыларды қалыпты жалпы білім беретін мектептерге таңдамалы түрде орналастыруды білдіреді. Аталған тұғырды жақтаушылардың пікірі бойынша, оқушы қалыпты жалпы білім беретін мектепте оқу мүмкіндігіне «ие болуы» керек, оның бағдарламасын меңгеруде өзінің «қабілеттерін» көрсетуі керек. Арнайы білім беру жүйесі біртұтас өзгермеген. Осылайша, білім берудің үш моделі бар: жалпы, арнайы және интеграциялық. Дамуында ауытқуы бар балаларға қызметтің дәстүрлі формалары көрсетіледі: олар жалпы білім беретін мектепке барады, бірақ арнайы сыныпта оқиды, қалған балалармен бірлесіп оқыту үдерісіне енгізілмейді, яғни жекеленген интеграция жүзеге асады.

«Инклюзивті білім беру» термині аса терең үдерістерді сипаттайды: балаға қалыпты мектепке бару құқығы ұсынылады, бірақ ол үшін қажетті бейімдеоген білім беру ортасы құрылады және қолдаушы қызмет көрсетіледі. Инклюзивті білім беру – бұл заманауи термин, ол келесі үлгіде түсіндіріледі: бұл мектептерді және оқу ғимаратын барлық балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп қайта құру және қайта жобалау. Инклюзивті білім беру әртүрлі мүмкіндіктері бар балаларды мектеп өмірінің барлық аспектілеріне толық енгізуді білдіреді. Толық енгізу, барлық оқушылардың дамуындағы ауытқудың түрі, ауырлығы және сипатына қарамастан, жалпы білім беретін сыныпта оқитынын, талап етілсе, қосымша қызмет алатынын білдіреді. Бұл барлық балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау және құрметтеу үшін, мектеп кеңістігінің шынайы бейімделуін талап етеді.

Барлық батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қамтамасыз етудің өзіндік тәжірибесі болады. Әдетте, әрбір елде педагогикалық қамтамасыз етудің және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың өзіндік моделі болады. Олардың көпшілігінде мектептен тыс ресурстық орталықтар немесе қолдаудың жергілікті қызметі құрылған, олар «арнайы мұғалімді» жалпы білім беретін ұйымға немесе нақты педагогқа көмек беру үшін бағыттайды. Ғалымдардың зерттеулері (Коркунов В.В., Малофеев Н.Н:, Назарова Н.М. және т.б.) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлемнің әртүрлі елдерінде білім берудің жалпы жүйесіне ендіру үдерісінің, нақты әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен басшылықтың саяси еркін есепке алып, бірте-бірте жүзеге асатынын көрсетеді. Әрбір елде интеграцияның өзіндік модельдері жүзеге асырылады, ол білім берудің әмбебап интегративті модельдерін құрудың мүмкін еместігін білдіреді. Алайда, кез келген елде интеграциялық білім беруді табысты жүзеге асырудың алғышарттары болады. Оларға жататындар:



  • Тұлғаның құқықтарын кепіл сақтаумен демократиялық қоғамдық құрылым;

  • Білім беру үдерісінің қаржылық қамтамасыз етілуі;

  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру әрекетінің ерекше жағдайлары мен арнайы білім беру қызметінің кең тізімінің жалпы білім беретін мектеп, балабақша құрылымында болуы;

  • Интеграциялық үдерістердің жүргізілуінің еркін сипаты, білім беретін және коррекциялық қызметті таңдау мүмкіндігі;

  • Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы.

Қазіргі заманғы зерттеушілер, инклюзивті білім беру тәжірибесін қамтамасыз ету саласында, аса жетілдірілген заңнамасы бар елдердің арасында келесі елдерді атауға болады: Канада, Кипр, Дания, Исландия, Үндістен, Мальта, Нидерланды, Норвегия, ОАР, Испания, Швеция, Уганда, АҚШ, Ұлыбритания. Италияда заңнама енгізілген оқытуды 1970 жылдан бастап қолдайды. Мұнда ең түбегейлі және жедел өзгерістер әлемнің ең кедей елдерінде байқалады: Уганда, Лесото, Вьетнам, Лаос, Иордания, Палестина, Марокко, Египет, Йемен. Бұл динамика көп жағдайда жоғарыда аталған елдерде ЮНЕСКО бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуымен түсіндіріледі.

Бірқатар елдерде баланың жалпы мектепте білім алуын қамтитын инклюзивті оқыту үрдісі басым болады (Ұлыбритания, Италия, Канада, АҚШ, Норвегия, Австралия), ал кейбір елдерде баланың білімді арнайы мектепте немесе орта мектептің коррекциялық арнайы сыныбында алатын, бірақ сабақтан тыс уақытын дені сау балалармен өткізетін интеграция басым болады (Франция, Германия, Голландия, Финляндия, Бельгия). Әртүрлі елдер интеграцияға басқалардан айрықшаланатын, үлкен қиындықтары бар, оның пайдасы, нәтижелілігі және нормативті-құқықтық қамтамасыз етуінің құрастырылуы туралы пікірталастан кейін өз жодарымен келді. Білім берудегі интеграция құбылысы әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде, АҚШ және Батыс Еуропада 1970-жылдардың аясында қалыптасты. Алайда, әлеуметтік, нәсілдік, діни және басқа белгілері бойынша айрықшаланатын адамдарды бірлесіп оқыту үрдісінің пайда болуының алғышарттары, өзінің түп-тамырын соғыстан кейінгі жылдары қалыптасқан әлеуметтік жағдайдан алады. Күйреу, адамдар ресурсын аяусыз қырып-жою, қоғам мен оның мүшелерінің азаматтардан өзіндік сипаттамасымен айрықшаланатын адамға деген қатынасты қайта мағыналауға ықпал етті. Адамзат өмірі мен тұлғаның маңыздылығын саналы ұғынып, қоғам мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қамқорлықты көрсете бастады.

Батыс Еуропадаға дискриминацияға қарсы саясатты жүргізу нәтижесінде, жалпы білім беретін мектепке әртүрлі бұзылуы бар балалардың көпшілік санын шынайы интеграциялау жүзеге асырылды. АҚШ және Батыс Еуропадағы интеграцияның дамуы, бұл үдерісті осы кезде реттейтін заңнамалық базамен қолдау табады. Соған сәйкес заңдар Бельгияда (1970), Ұлыбританияда (1981), Германияда (1973); Грецияда (1985), Данияда (1969), Италияда (1971,1975), Швецияда (1994) қабылданды. Осындай заңнамалық актілердегі бірыңғайлық осы кезге дейін жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет