С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
|
Модуль – терапиялық стоматологияның пропедевтикасы
Пән, пәннің коды - терапиялық стоматологияның пропедевтикасы, ПДО 01
Мамандық - 051302 «Стоматология»
«ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ»
ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Тақырыбы: Түбір өзектерді аспатармен өңдеу әдістері (Step Back, Crown Down, теңестірілген күш әдісі). Түбір өзектерді аспаптармен өңдеудің сапалы белгілері. Эндодонтиялық жүйесі көмегімен түбір өзектерді өңдеу. Түбір өзектерді физикалық өңдеу әдістер туралы түсінік.
Оқу сағаттың саны – 30 сағат
Курс - 4
Семестр - 7
Алматы, 2011
Дәріс жинағын дайындағандар: д.м.н. проф. Баяхметова А.А., к.м.н. доц. Кунанбаева Т.С., к.м.н. доц. Баскакова И.В., к.м.н. доц. Сагатбаева А.Д.,
Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды
Хаттама № 1 «___31___» ___тамыз__________ 2011 ж.
Модульдің жетекшісі
М.ғ.д., проф. _________________Баяхметова А.А.
№ 14 дәріс (1 бөлімі)
1.Тақырыбы: Түбір өзектерді аспатармен өңдеу әдістері (Step Back, Crown Down, теңестірілген күш әдісі). Түбір өзектерді аспаптармен өңдеудің сапалы белгілері. Эндодонтиялық жүйесі көмегімен түбір өзектерді өңдеу. Түбір өзектерді физикалық өңдеу әдістер туралы түсінік.
2.Мақсаты: Түбір өзектерді аспатармен өңдеу әдістерді (Step Back, Crown Down, теңестірілген күш әдісі), эндодонтиялық жүйесі көмегімен түбір өзектерді өңдеуді үйрету, түбір өзектерді физикалық өңдеу әдістер туралы түсінік беру. Түбір өзектерді аспаптармен өңдеудің сапалы белгілерін анықтау.
3. Дәрістің тезистері:
Түбір өзектерді аспаптармен өңдеу әдісінің мақсаты және міндеттері:
өзекті үлпа немесе ыдыранды тіндерден тазарту;
түбір өзегінің қабырғасынан инфекцияға ұшыраған дентинды алу;
түбір өзекті дәрі-дәрмектермен өңдеу;
түбір өзектің пішіні конус тәрізді болу керек;
түбір өзектің қабырғалары тегіс болу керек;
өз бағытында болу керек;
Апикальды тарылуы болу керек
Түбір өзектерді өңдеу әдістері
Step Back,
Crown Down,
Теңестірілген күш әдісі (тепе-тең түсетін күштер әдісі)
Step Back
Шегініп отыру арқылы (шаг назад).
Түбір өзегі ұшынан өзек аузына қарай эндодонттық аспаптармен тазаланады және кеңейтіледі.
Аспаптардың мөлшері кіші мөлшерден үлкенге қарай біртіндеп өсіп отырады.
Түбір ұшында тірек жасалынады.
1 кезең
түбір өзектің апикальды бөлігін кеңейту.
Түбур ұшында тірек жасалғаннан кейін 25 файл “мастер-файл” деп аталады.
2 кезең
Түбір өзектің ортаңғы бөлігін кеңейту
Файлдың мөлшері өскен сайын - ұзындығы қысқара береді.
3 кезең
Түбір өзек аузы бөлігін кеңейту
Түбір өзектің кеңейтуін бітіру
Гейтс глидден,
ларго
Н-файл көмегімен апикальды және ортаңғы бөлігінің қабырғаларын тегістеу керек
Н-файл көмегімен жоғары-төмен бағытта жұмыс істеуге болады
Әр аспаптан кейін түбір өзегін натрий гипохлорид ертіндісімен жуу керек, эндолубриканттарды (құрамында ЭДТА) қолдану керек
Crown Down
Сауттан төмен қарай (от коронки вниз)
Тіс саутынан түбір өзегі ұшына қарай кеңейту
Ең үлкен аспаптан бастап, ең кіші аспаппен аяқтайды.
Ерекшеліктері:
Түбір өзек ұшында инфекцияға ұшыраған ыдыранды заттар түбір ұшына немесе түбір сыртына шықпайды.
Периодонт қабынуы кезінде қолдануға болады
Өтпейтін, қисық өзектерде көбінесе қолданылады.
Түбір өзегін тепе-тең түсетін күштер әдісі (метод сбалансированной силы)
Күштерді теңестіріп өңдеу
1985 жылы Roan ұсынған
Ұштары үшкір емес аспаптарды қолданылады (флексоример, флексофайл, нитифлекс)
Аспаптарды түбір өзек ішіне еңгізгеннен кейін аспап сағат тілі бағытымен 90° бұралады да алға жылжытылады. Шығарарда 120° кері қарай бұралады да өзек ішінен шығарылады.
Түбір өзектерді өңдеу сапасының белгілері
Түбір өзек алғашқы номеріне қарағанда 2-3 размерге кеңейтілген (минимум № 25 –ші размерге дейін)
Түбір өзектің пішіні конус тәріздес болу керек
Түбір өзек ұшында дурыс қалыптастырылған апикальды тіреу болу керек
Өзек қабырғасынан алынған үгінділерінің түсі ақ болу керек
Жуып кептіргеннен кейін турунда немесе қағаз пин таза болу керек
Эндодонтиялық жүйесі көмегімен түбір өзектерді өңдеу.
Түбір өзектерді дыбыстық және ультрадыбыстық тербеліс беретін аспаптармен өңдеуге болады.
Дыбыстық жиілікте тербеліс беретін “Соник Эйр ”
Жұмысшы ұзындығын анықтаған соң №15 файлмен кеңейтеді
Өзекті 30 сек қажетті күш ультрадыбыспен өңдейді, ол үшін ұштықты 2-3 мм тереңдікке жоғары және төмен айналдыра қозғалтады.
№20, 25 файлдармен кезек өңдеген соң жоғарғы әрекеттерді қайталайды
Өзектің жоғары 1/3 бөлігін Гейтс глидден аспабымен өңдейді
30 сек ішінде 25-ші файлмен өңдейді
Ұсақ аспаптармен өңдеуді айқтау кері қимыл жасау, апикальды тіреу жасау арқылы бітеді.
Өзекті тазалауды және ирригациялауды Соникпен №20 және№25 файлдармен жүргізу
Натрий гипохлоридінің ертіндісімен өзекті жуып, қағаз пинмен кептіру.
4. Иллюстративті материалы: мультимедийлі түрінде презентация
5. Әдебиеттер:
Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. и др. Терапевтическая стоматология. - М., 2007.
Зазулевская Л.Я., Бабулова К.К., Зайнелова А.А. Периодонтит. Клиника, диагностика и лечение.- Алматы, 2007.-160 с.
Мамедова Л.А., Олесова В.Н. Современные технологии эндодонтического лечения.-Н.Новгород, 2002.-54 с.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1.Түбір өзектерді аспаптармен өңдеу қандай әдістерді білесіңдер?
2. Түбір өзектерді аспаптармен өңдеудің мақсаты қандай?
3. Түбір өзектерді аспаптармен өңдеудің міндеттері қандай?
4. Step Back әдісінің мәні неде?
5. Crown Down әдісінің мәні неде?
6. Түбір өзегін тепе-тең түсетін күштер әдісінің мәні неде?
7. Түбір өзектерді өңдеу сапасының белгілері қандай?
8. Түбір өзектерді физикалық өңдеу әдістері туралы түсінік беріңдер.
№ 14 дәріс (2 бөлімі)
Тақырыбы: Түбір өзектерді химиялық және физико-химиялық өңдеу әдістері. Түбір өзектерді дәрі-дәрмектермен өңдеу. Дәрі-дәрмектердің жүйесі, қойылатын талаптары. Дәрі-дәрмектермен өңдеу шарттары.
Мақсаты: Түбір өзектерді химиялық, физико-химиялық және дәрі-дәормектермен өңдеу әдістерді үйрету. Дәрі-дәрмектердің жүйесі, қойылатын талаптары, өңдеу шарттары.
Дәрістің тезистері:
Түбір өзекті химиялық өңдеу
Бейорганикалық тіндерді алып тастау үшін құрамында хелатты заттары бар дәрмектерді қолданылады. Оларға этилендиаминтетрауксус қышқылы (ЭДТА) жатады.
ЭДТА өзек қабырғасындағы дентиннің декальцинация және жұмсаруына, майлы қабатының жоғалып кетуіне әсер етеді. ЭДТА-мен майланған аспап өзекте жеңіл жылжыйды, өзекте сынып қалуының мүмкіндігі аз болады.
ЭДТА
Сұйық түрінде: - Largal Ultra (Septodont)
- Ededat solution (Pierre Rolland)
Гель түрінде: - Canal plus (Septodont)
- Rc Prep (Premier)
Бірақ, ЭДТА-да микробтарға қарсы қасиеті жоқ және органикалық тіндерді еріте алмайды.
Дәрі-дәрмектермен өңдеу
Түбір өзектерді өңдеуге арналған дәрі-дәрмектерге қойылатын талаптар:
Бақтерицидтік қасиеті
Зиянды әсері болмау керек
Организмді сенсибилизациялау әсері болмау керек
Органикалық заттар әсерінен өзінің қасиетін жоймау керек
Тіске әсер ету қасиетінің жылдам болуы керек және дентин өзектеріне терең сіңіп кетуі керек
Жағымсыз иісі және спецификалық дәмі болмау керек
Ұзақ уақыт сақтау кезінде белсенділігін жоғалтпай, химиялық тұрақтылығын сақтау керек
Дәрі-дәрмектердің жүйесі:
Құрамында хлор
Сутегінің асқын тотығы
Йодинол
Төрттік аммоний қосындыларының туындылары
Хлор
5% натрий гипохлориді
2% хлорамин ертіндісі
Жоғарғы бактерицидтік әсері газ тәріздес хлордың бөлінуіне және дентин түтікшелеріне терең еніп, оларды толық залалсыздандыру қасиетінде негізделінген.
Йодинол
Йод және синтетикалық полимер поливинил спиртінің жиынтық қоспасы болып табылады.
Тіндердің қайта құрылуын жылдамдатады.
Бактерицидтік, фунгицидтік қаситтері бар
.4. Иллюстративты материалы: мультимедийлі түрінде презентация
5. Әдебиеттер:
Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. и др. Терапевтическая стоматология. - М., 2007.
Зазулевская Л.Я., Бабулова К.К., Зайнелова А.А. Периодонтит. Клиника, диагностика и лечение.- Алматы, 2007.
Мамедова Л.А., Олесова В.Н. Современные технологии эндодонтического лечения. - Н.Новгород, 2002.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. түбір өзектерді химиялық өңдеудің мақсаты қандай?
2. ЭДТА деген не?
3. ЭДТА негізгі қасиеті қандай?
4. Құрамында ЭДТА бар қандай дәрі-дәрмектерді білесіңдер?
5. Түбір өзектердің физико-химиялық өңдеу әдістері туралы түсінік.
6. түбір өзектерді дәрі-дәрмектермен өңдеу не үшін керек?
7. Түбір өзектерді медикаментозды өңдеу үшін қандай дәрі-дәрмектер қолданады?
8. Түбір өзектерді медикаментозды өңдеудің шарттары?
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |