Ресей отаршылығы кезінде байырғы Алмату қаласы орнында салынған бекініс 1885 жылы Верный деп аталып, Жетісу облысының орталығы деп есептелді. 1921 жылы бұл қаланың атауы «Алма-Ата» болып өзгертілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ол – Алматы деп аталды.
Ресей отаршылдығы кезеңінде қаланың туы қызыл сызығы бар ақ матаның ортасына салынған герб болды. Верныйдың ең алғашқы гербін Пол Луи Гурдэ жасаған деп есептелінеді. В. Шупейкинның ол туралы былай дейді: «Павел Гурдэ біздің қаланың алғашқы гербінің авторы болды. Оның сызбасында герб қызыл, жасыл түсті шөптермен қоршалған, жоғарғы жағында бекініс қамал орналасқан (Алғашқы кезде Верный бекініс болды), ортаңғы бөлігінде алтын крест (Верный, «вера» - сенім сөзінен шыққан). Кресттің жанында алтын жарты ай белгісі бейнеленген. Герб үш раушангүлі мен екі алтын алма бұтақтарымен қоршалған, олар бір-бірімен Александр лентасымен біріккен».
1908 жылы 19 наурыз күні Верныйдың гербі Жетісу облысының басқа да гербтерімен бірге заңдастырылды. Ондағы гербтік қалқан Жетісу облысының гербін қайталайды. Онда төңкерілген алтын түстес жарты ай қызыл фонда бейнеленген.
Алматы қаласының қазіргі гербі мынандай элементтерден тұрады: а) гербтің жалпы бейнесі көк түспен көмкерілген дөңгелек формада; ә) шеңбер айналдырыла шаңырақтың уықтарының орны сияқты белгілермен қоршалған; б) дөңгелене бейнеленген қазақтың орнаментінің жоғарғы жағында Алматы деген сөз жазылған; в) гербтің астыңғы бөлінінің орта түсында аузында тұрған гүл шоғыры барыс бейнеленген; г) оның жоғары жағында таудың суреті берілген; д) герб қызыл, көгілдір, ақ, қызғылт, сұр және алтынданған түстер арқылы безендірілген.