Жалпы қала гербімен қатар басқа да облыстар мен қалалардағы сияқты Алматының әрбір ауданының да гербтері бар.
Түрксіб ауданының гербі.
Түрксіб ауданының гербінің ортасында Түркістан мен Сібір теміржол магистралінің белгісі ретіндегі теміржол белгісі орналасқан. Белгі көгілдір түстес, астыңғы жағы қызыл, ал үстінгі бөлігі сары доғалдармен ерекшеленген. Астының ортаңғы бөлігіндегі теміржол белгісінің үстінгі жағы жарты қошқармүйізбен өрнектеле отырып, жарты дөңгелектегі қызыл фонға сары түспен ТҮРКСІБ АУДАНЫ деп жазылған.
Бостандық ауданының гербі.
Көгілдір аспан, еліміздің туына ұқсас түсте ерекшеленген. Екі қатар шеңбердің арасындағы жоғары жағына БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ, ал төменгі жағына АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ деп жазылған. Бұл жазулар Алматы қаласындағы Бостандық ауданы екендігін білдіреді. Төменгі тұсынан шашыраған күн нұрына бөленген, барыс үстінде тұрған сақ жауынгерінің бейнесі берілген.
Алатау ауданының белгісі.
Алатау ауданының да гербі көгілдір түспен ерекшеленген. Төменгі жағында Алатаудың суреті салынып, АЛМАТЫ деген жазу жазылғанү Бұл Алатау аясындағы Алматы қаласы деген ұғымды білдіреді. Ішкі жарты шеңбер шаңырақ пен одан таралған уықтар түрінде сипатталған. Бұл отау және күн мен оның сәулесі іспетті. Жоғары жағында АЛАТАУ АУДАНЫ деп жазылып, ауданның аты көрсетілген.