Орындаған: Жұмабай Аружан 8 “Б” сынып Павлодар 2020-2021жж.
Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия -интернатыны
Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театр тарихы
Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың тұңғыш кәсіби театры М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында ашылды. Алғашқы қойылымдары Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы мен М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді болды.
Театрдың ең алғашқы режиссерлері С.Қожамқұлов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев еді.
Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. 1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады.
Театр өнері 🎭
Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ.
Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді.
Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер.
Театр мәдениеті 🎭🎭 - Қойылымға уақытынан бұрын, немесе кешікпей барыңыз.
- Өзіңізді-өзіңіз жөнге келтіріңіз. Үстіңізге гардеробыңыздағы ең әдемі деген киіміңізді киіңіз.
- Сыртқы ортада болған жағдайға байланысты, эмоцияларыңызды театрда көрсетіп керек жоқ.
- Билетте көрсетілген орында отырыңыз.
- Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды өшіріп қойыңыз.
- Қойылым біткен соң, басқа көрермендермен бірге орныңыздан тұрып, қошемет көрсетіңіз.
Қорытынды - Мәдениет пен әдебиеттің дамуына өзінше үлес қосып, биік шыңдардан көрінуде. Қазіргі театр тіршілігі қарқынды дамуда, заман талаптарына сай, жаңа үлгідеге пьесаларды сахналауда. Жалынды, дарынды жастармен толыққан театрдың терезесі тең деп айтсақ артық емес. Кейінгі буынға жол көрсететін ақсақал ардагерлеріміз де жемісті еңбек етуде.
Достарыңызбен бөлісу: |