«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Тақырыбы: XIX ғас. костюмі. Дәрістің мазмұны



бет42/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Тақырыбы: XIX ғас. костюмі.

Дәрістің мазмұны:

XIX ғасыр костюмінің қалыптасуына XIII ғасыр киім үлгілері әсер етті. XIX ғасыр ерлер костюмі – жұмыс костюміне қолайлы болды. Бұрынғы ғасыр костюмі жұмыссыздық пен мерекелік болса, XIX ғасыр костюмі батылдық пен жұмыс адамының бейнесін көрсетіп тұрды. Сәнқой кербездердің киімінің жағасы сүйір болып пішіліп оны жоғары көтеріп қойды. Сонымен қатар мойнына галстукті жоғары байлап оның да ұшын сүйір етіп жасады. Аяқтарына шұлық ( гетры ), биік өкшелі етіктер кию 1805 ж. дейін модадан шықпады. Бастарына биік немесе аласа бойлы бас киімдер киіп жүрді. Кешке міндетті түрде қатпарланған шляпалар киді.

Француз революциясы Конвентті костюмдеріне үлкен көңіл бөлді. Буржуазиялық ортада классицизм пайда болды. Классицизм стилі - өзінің қатаңдығы мен қарапайымдылығымен ерекшеленді. Әйелдер жұқа ашық түсті батитен тігілген ешқандай әшекейсіз көйлектер киді. Көйлектің бел сызығы жоғары келіп, юбкасы ұзын, тік пішілді.

XVIII ғасырдың соңғы жылдарында костюмдер негізгі классикалық үлгіде болды.

Француз әйелдері суық кезде де жылы сырт киімін кимеуге тырысты. Олар жылы киімдерді қысқа күртеше спансермен, шляпалармен айырбастады. Бас киімдері мен аяқ киімдері антика формасына ұқсас болды. Дөңгелек, сетка, диодема, страус қауырсындарымен безендірілген, байламдар, барқыт пен жібектен жасалған ленталар грек үлгісінде тігілді.

Аяқ киімдері – қысқа өкшелі болып, ақ түсті ленталармен айқастырып орап байлады. Ерлер костюмі қара жүннентігілген фрак, ақ түсті жилет, биік қатаң үлгідегі шляпалардан құралды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет