«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Тақырыбы: XVIII ғас.I –ші жартысындағы Батыс Европа костюмі. Дәрістің мазмұны



бет40/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Тақырыбы: XVIII ғас.I –ші жартысындағы Батыс Европа костюмі.

Дәрістің мазмұны:

XVIII ғасыр – феодализмнің дамуының ең соңғы кезеңі болып саналады. Феодализмнен капитализмге өте бастаған кезеңінде буржуазиялық төңкерістердің туындауына себепші болды.

Эстетикалық көзқарастың дамуы бірқатар кезеңдерден өтті. Жүзжылдықтың бірінші жартысындағы көркемдік бағыттың мақсаты аристократия мәдениетін дамыту болды. Яғни мұнда барокко стилінің рококо стиліндегі көрінісі байқалды, бұл көрініс барокко стилін ары қарай дамыта түсті. Барокко стилі аристократиялық абсолютизмнің нағыз батып бара жатқандағы кезеңін көрсетеді.

Рококо – сәндік стильді құрады. Ол өте нәзік, әрі әсерлі сипатқа ие болды. Түстер нәзіктігімен мебельде ғана көрініс таппай, интерьерде де әсем өрнек танытты. Рококо стилі қатаң, бұрыш пен түзу сызықтарға қарсы келді. Франция киімдері XVII ғасырда бүкіл Еуропада жоғары сұранысқа ие болды. XVIII ғасырда Еуропаның барлық елдерінде Франция модасы қабылданды. XVIII ғ – аристократия модасының ең соңғы өмір сүрген кезеңі болды.

Ер кісілердің тұрақты киімі ақ көйлек, манжетті, шілтерден тігіді. Көкірегіндегі қиықтар кружевалармен сәнделді. Олар жабо деп аталды. Көйлек сыртынан камзол, ал оның сыртынан кафтан киді.

Камзолды өте ашық түсті маталардан тікті және оларды сәнді тігістермен безендірді.

Кафтанды – барқыттан немесе қатты жүн матадан тікті. Ол түймеленбеген, бірақ мойындарына галстук таққан. Кафтан қара түсті немесе қызыл түсті матадан тігілді. Тарп панталон (кюлот) тізеге дейін келіп, бүйір тұсында тізеден түймеленді.

Дворяндар ақ жібек шұлық киді, буржуаздық ортада шұлық түрлі түсті болуы мүмкін еді. Аяқтарына өкшесі биік емес, темір тағыншақтармен сәнделген башмақ киді. Суық кездерде Англиядан келген гедры киген.

XVII ғасырдың бас кезінде үлкен кимешаш ( парик ) пайдаланды. Рококо стилінде шаш үлгісі аса үлкен емес еді.

XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы киім үлгіліері нәзік талғамда болды. Әйелдер киім пішімі де иықты, тар, жіңішке бел, жұмсақ бөксе сызығы байқалды. Әйеедер корсет және іштен киетін юбканы пайдаланды. Фрепон – ішкі көйлек етегіне дейін сәнделді. Ішкі көйлектің тар болып, оның астынан корсет киілген. Жоғарғы көйлек кеудесі бантпен немесе баумен сәнделген.

Сәнді көйлек түрінің бірі – контуш немесе « Ватто қатпарлары » атты көйлек болды. XVIII ғасыр ортасында контушты қысқартып, үйде киетін жакет ретінде пайдаланды. Олар шаштарын ленталармен, гүлдермен алтын жіптермен сәндеп жинақтады. Кимешеаш опаланатын еді. Үйде чепчик киді. Аяқтарына биік өкшелі туфли киді. Ол атластан немесе түсті теріден жасалынған еді. Модада бұл кезде білезіктер, жүзіктер, алтын сағаттар пайда болды.

Халық костюміне матасы арзан сұр, қаралау түстер пайдаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет