Дәрістің мазмұны:
Еуропадағы орта ғасыр өнерін үш кезеңге бөлуге болады.
А) роман стиліне дейінгі кезең (VI – X ғ.ғ )
Б) роман стилі ( XI – XII ғ.ғ )
В) готика кезеңі (XIV – XVғ.ғ )
Бірінші кезең – феодализмнің құрылу кезеңі.
Екінші кезең – оның өрлеу, шарықтау кезеңі.
Үшінші кезең – орта ғасыр қамалдарының даму кезеңі.
Материалдық мәдениеттің өсуі, ғылым мен техниканың дамуы, жаңа қоғамдық қажеттіліктер және эстетикалық идеалдың жоғарылау деңгейі нәтижесінде киімнің конструкциялау мен модельдеудің дамуына әсер етті, ертеден келе жатқан жамылғы және қаусырмалы киімдерді Еуропада IX – XI ғасырға дейін киді. Дегенмен ерлер мен әйелдердің сұлулыққа табынуы түрлі көзқарастар нәтижесінде олардың киімдерінің пішімі бір – бірінен ерекшелене түсті. XII ғ. киім пішуде бүйір және жота бөліктерінде үш тігіс түсірілді.
Алғашқы орта ғасыр кезеңі ( IX – XII). Бұл кезеңде қалалардың өсуіне орай алғаш кішігірім тоқыма цехтары пайда болды. Онда бір түсті көк, жасыл, қызғылт және қарапайым халық үшін сұр, қоныр түсті маталар шығарыла бастады. Арнайы заң бойынша сары түсті киім киюге рұқсат етілмеді. Себебі бұл түс сатқындар мен жауызда киетін түс деп есептеледі. Ерлер екі бөліктен тұратын шалбар, бірінің үстінен бірін киетін ұзын туникаларды киді.
Әйгілі бай кісілердің сұлулығы ұзын әрі еңді етіп жасалып, оң иық тұсына түйреледі. Мұндай костюмді X ғ. Оттон II императорының бейнесінен көруге болады.
XI ғасырдан бастап ерлер костюміне жауынгерлер сауыты әсер етіп, ыңғайсыз, ұзын және енді киімдерді қысқа әрі қынамалы киімдерге ауыстырылады.Мысалы «блио» костюмі.
Үстүнгі туника «котта» деп аталады. Күннің салқын кездері жилет секілді – рок – сулығын киді. Алғашында ол сұлулық Римдік полудалментумының пішіміне құсаса, XI ғ. оның етегінің ұзындығы жерге дейін түсірілді. Бұл сулықты оң иық тұсына түйреп ( фибула түйреуішімен ) қояды.
Гректер мен Рим еркектерінен айырмашылығы, олар бұттаына шалбар киіп жүрді.
әйелдер костюмі ерлер киімі сияқты екі туникадан тұрды. Олардың ұзындығы тізеге дейін жетті. Астыңғы туниканың ішінен «камиза» көйлегін киді. Әйелдер туникасын «котта» және «сюрко» деп атады. Бұл киімдердің силуэті трапеция тұрпатта болды: ол иық тұсында енсіз, ал етегіне қарай кеңейе түсті. Көйлектің кеуде тұсы және жағасы жабық әрі тұйық етіп тігілді. Бел тұсы жоғары көтерілді, яғни жүкті әйелге ұқсас формада киім кию модаға айналды. Әйелдер аяқтарына түрлі теріден жасалған өкшесіз жұмсақ жабық туфлилер киді. Қыздар ұзын шаштарын өріп, бастарына дөңгелек сақина тақты. Ал, әйелдер шаштарын орамал астына жасырып қоятын болды. Олар ойығы бар дөңгелек орамалды пайдаланды. Бұл орамал әйелдің басын, иығын тұтасымен жауып тұрды. Бұл кезеңдегі мода ағымында киімге әшекей ретінде түрлі тағыншықтар: фибула, сақина, белдік, басқа тағатын сақина кеңінен пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |