«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы


Тақырыбы: Ежелгі дәуір костюмі. Дәрістің мазмұны



бет34/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80
Тақырыбы: Ежелгі дәуір костюмі.

Дәрістің мазмұны:

Ежелгі Египет тарихы негізінен 4 кезеңге бөлінеді: Ежелгі пашалық (б.э.д. 3000 – 2400жж); Орта патшалық (б.э.д. 2400 – 1710 жж); Жаңа патшалық (б.э.д. 1580 – 1090жж); Соңғы кезең (б.э.д. 1090 – 332жж).

Ежелгі Египет мүсіндері мен фрескаларының релбефіне қарай адамдардың көркемдікке ұмтылысы мен олардың киім үлгілерінің негізгі түрлерін байқаймыз.Ежелгі Египеттіктер әсемдікке құштар болған. Египет кенеп матаның шыққан жері болып саналады. Ніл өзені арнасында осы талшықты өсімдікті өсіру аса қолайлы болды. Тоқыма өнерінде Египет тоқымашылары өте жоғары шеберлікке қол жеткізді.

Ежелгі патшалық тұсында ер кісілер киім ретінде кенептен немесе теріден әзірленген алжапқышты ( схенти) белдеріне байлады: оны Ранэфера мүсінінен байқауға болады. Схентидің бүйір тұсында майда қатпарлар түсірілген.

Әйелдер денесін орап тұратын, көкірек тұсынан тобыққа дейін жететін, иығында баумен бекітілген киім түрлерін пайдаланды. Бұл киім үлгісі «калазирис» деп аталды. Киім пішімі барлығына бірдей болып, таптық ерекшеліктері тек киім матасының сапасына байланысты ажыратылды.

Орта патшалық тұсында египеттіктердің киім формасы күрделеніп, көлемі ұлғая түседі, бір киім үстінен бірнеше киім киюді дәстүрге айналдырды. Киім силуэті етегіне қарай кеңейе түседі де пирамида бейнесіне ұқсайды. Қатпарларды да көбірек пайдаланатын болды.

Жаңа патшалық тұсында ақсүйектер тегі өз киімдерінде түрлі түсті маталар мен жұқа қымбат материалдарды, алтын және эмальды тағыншақтармен әшекейленген, қатпарлармен сәнделген киім үлгілерін пайдаланды. Ежелгі Египетпатшалығы тұсында киімге қосымша сән беретін, адам өңіне әр беретін әр түрлі құпия мағынасы бар тағыншықтар, тұмарлар пайда болды.Күн пішінді алтын алқаны египеттіктер әлемді және барша тіршілікті жаратушы Атон құдайының бейнесі деп санады. Перғауындардың бас киімі екі қабатты «атев тәжі» болды, онда урей – жыланы мен «лашын» символы үстемділік белгісі ретінде саналады, сонымен қатар перғауындар бас киім ретінде көбіне «клафт» жолақты мата пайдаланды.Египеттіктер аяқтарына пальма жапырағы мен папирустан жасалған сандал киді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет