Тақырыбы: ( X –XII ғас) Ежелгі орыс костюмі.
Дәрістің мазмұны: Көне орыс елінің әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, өнері, шаруашылығы. Мата түрлері. Ерлер мен әйелдер костюмдері.
Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің костюмі.
Дәрістің мазмұны:
XV – XVI ғасырлар аралығындағы кезең интеллектуалдық (рухани әрі ғылыми) гүлдену кезеңі деп есептеледі. Бұл Леонардо да Винчи мен итальяндық қайта өрлеу дәуірі болды. Феодализм мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды. Бұл кезеңде мата тоқу орталығы Италия болып есептелді. Мұнда – Генуе, Милан, Флоренция, Венеция қалаларында жібек пен өрнек басылған маталар кеңінен шығарылды.
XV ғ. мода орталығы Флоренция, ал XVI ғ. – Венеция саналды. XV ғ. флоренциялықтар киімінде әлі готика стилінің басымдылығын байқауға болады. Дегенмен Италияда оның ішінде Флоренцияда киім үлгілерін дайындауда жаңа бағытқа бет бұрды.
Флоренциялық киім үлгісі пішімі мен формасы қарапайым әрі табиғи адам тұлғасының пропорциясын өзгертпей, аса көп әшекейлерден, үлкен көлемді формалардан бас тартты.
Ерлердің негізгі киімі: түрлі түсті гүлді матадан тігілген қынамалы көйлек, шамалы тік жағасы бар қынамалы желетка, Қысқа тар шалбары мен шұлық – шалбары ол жилетке бау арқылы байланды. Сырт киім ретінде кең қонырау секілді жеңі бар – догалине сырт киімін киді, оның етегімен жең ұшы жиектерін үлпекпен әшекейлейді.
XV ғ. флоренциялық әйел костюмі табиғи пропорцияны айқындап, киім тұлғаға қынамалы түрде тігілді. Италияндық әйелдер іш киім ретінде «котт» және сырт киім ретінде «симару» киді.
XVI ғ. Венеция әйелдері костюмінің композициялық шешімінде ауытқу байқалды. Көйлектің төменгі бөлігіндегі қалың қатпарлардың әсерінен киімнің жоғарғы бөлігін жеңілдетіп көрсетеді. Киім силуэті төртбұрышты.
Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірінің Франция елінің костюмі. Ерлер мен әйелдер костюмдері.
Достарыңызбен бөлісу: |