«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет33/80
Дата12.09.2020
өлшемі0,49 Mb.
#63842
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Әдебиеттер тізімі:
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

СОӨЖ тапсырмаларын орындау

Альбомға берілген тапсырмалар бойынша киімдердің суретін салу, студентке костюм тарихы бойынша өзгерістерді бақылату.

1.4 бөлімін қар.
1 – 15 апта


1 – 15 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Альбомға өткен тақырып бойынша киім үлгілерін салу.

2

Глоссарий

Костюм тарихы бойынша кездесетін кейбір атаулардың беретін түсінігін меңгеру.

7 апта

7 апта

5 %

Атаулардың түсінігін айту.

3

СӨЖ бойынша есеп және тапсырманы орындау

Өздігінен жұмыстануды, ізденісті қалыптастыру қабілеттерін дамыту

СОӨЖ тақырыбына қатысты, өзіндік шығармашылық ізденіс

0,5

0, 5 %

Жазба және ауызша жұмысын тексеру



Емтихан

Тәжірибе түріндестуденттің курс бойына жинақтаған білімін тексеру










Ауызша емтихан

4.Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра «Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» тьютор Сүндетқалиева Ә.А

(аты-жөні)


Пән «Костюм тарихы»

(пән атауы)

Кредит саны 2







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту





кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. А., ИздатМаркет, 2006

3




30 %







2

Киреева Е. История костюма. Европейских костюм от античности до XX века. М., 1979

3




30%







5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



Тақырыбы: Кіріспе.

Дәрістің мазмұны:

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Пәннің мақсаты: студенттерді түрлі елдердің киім тарихымен таныстыру, киімнің сәндік бөліктері мен пішіндері, өзіндік ерекшеліктері мен құнды әрі кемшілік тұстары жөнінде білім беріп, әсемдікке баулу, эстетикалық талғамын дамыту. Ежелгі өркениеттер мәдениеті. Ежелгі дәуір қоғамында киім дайындауда түрлі материалдарды пайдаланды. Қай кезеңде болмасын, киім формасы климаттық жағдайға және материалдың сапасына байланысты түрлі пішімде, құрылымда, сол қоғам талаптарына лайықты деңгейді тігілді. Киімнің матасына, салт – дәстүрге байланысты оны денеге түрліше орап жамылға етті, яғни: денені шаршаулап орау, денені айналдыра орау, мойын ойындысын ою арқылы орау. Дегенмен, Ежелгі дүние костюмінің пішімін мынадай үш түрге жіктеуге болады: 1. тігілмеген (пішілмеген) киім – тұтас матаны денеге орау арқылы дайындалған Ежелгі Грек, Рим, египеттіктердің шаршаулы киім үлгілері; 2. Мойын ойындысы қиылған тұтас матадан дайындалған Вавилон мен ассириялықтардың киім үлгілері; 3. Пішілген әрі тігілген киім үлгілері (екіге бүктелген матаның мойын ойындысынын ойып, қолтық ойындысын тікпей тек бүйір тұстарын біріктіріп тіккен туника секілді тұтас киім үлгілері. Бұл киімнің негізін салушылар ассириялықтардың – канди көйлегі, Ежелгі Египетте жаңа патшалық тұсындағы калазирис, Ежелгі Римдегі туника киімдері.

Ежелгі Шығыс халықтары өте жұқа әрі әдемі маталар шығаруды меңгерді. Әсіресе Ежелгі египеттіктердің кенеп талшығынан дайындаған маталары өте сапалы тоқылып, жоғары сұанысқа ие болды. Зығырдың дүмбіл піспеген талшықтары, иілгіш әрі жылтыр, ұзын иіруге икемді келді. Сондықтан олардан жіңішке әрі мықты жіптер алып,мата тоқыды. Ірі шаруашылықтардың барлығында «храмда, перғауынның немесе ірі байдың шаруашылығында) міндетті түрде тоқыма шеберханалары жұмыс істеді.

Байырғы Шығыс елі адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған ұлы мәдениеттің отаны болып саналды. Шығыстың алғашқы қауымдастығын артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан, жоғарғы деңгейдегі тәртіптіліктің жалғасы деп біледі.

Ал батыста жеке тұлғалардың дараланып шығуы, олардың билік пен жеке меншікке құштарлығы салдарынан мемлекет пайда болды. Нәтижесінде қоғаға үстемдік жасайтын өкметтің қажет екендігі айқындала бастады.

Шумер мәдениеті.

Шумерлер мен аккадтықтардың мәдениеті байырғы месопатиямадағы өркениет ошағы, әлемдік мәдениеттердің бірі болып саналады. Атап айтқанда, дәл осы IV МЫҢЖЫЛДЫҚТА ҚАЛАЛЫҚ ТИПТЕГІ Шумер б.д.д. жазба мәдениеті алғашқы қауым мәдениетін тұрақты түрде ығыстыра бастады.

Өнер саласында көркемдік әсерге қол жеткізу үшін қағидаға айналған үлгілердің түріне аз ғана өзгеріс енгізуге ұмтылып отырды. Месопотомияда практикалық қажеттіліктің нәтижесінде математика мен астрономия сияқты бүгін көне саналатын ғылымдар дүниеге келді.

Көне Месопотомияда білім саласындағы деңгейі осындай жетістіктер болды. Дегнмен, осы бір ғылымдағы алғашқы бастамалар мен қадамдардың өзі оңды мәдени факторлар бола отырып, бертін келе антикалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасады.

Египет мәдениеті.

Египет елі әлі күнге іргелес жатқан мәдениетті елдерді аса қызықтырумен келеді. Египет халқының мәдени жетістігінің шыңы болып саналатын көне заманда пайда болған суретке ұқсаған ироглифтік (қасиетті жазба) жазу.

Египет бізне Шығыс мәдениетінің қалыптасуының жарқын мысалын бере алады. Біздің дәуірімізге дейінгі IY ғасырда Египет Эллин мәдениетінің ықпалына енді. Аталмыш даму сатысы тек Египетке ғана тән нәрсе емес, бұл бүкіл ежелгі мәдениетінің қалыптасуына тән міндетті саты болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет