Белдікті киімдерді конструкциялау



бет1/2
Дата08.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#190418
  1   2
Байланысты:
Адилхан агай
14апта мадениет, презентация русский язык, the United Kingdom, ЭКГ тест 2021

Белдікті киімдерді конструкциялау

  • Пішу бөліктері

  • Шалбар костюміндегі пішу бөліктерінің саны тұрақты болмайды және үлгісіне байланысты өзгереді.Мысалы , егер шалбар костюмінің үстіңгі бөлігі блузка болса , онда оның алды тұтас , екі немесе үш бөліктен тұруы мүмкін.Егер үстіңгі бөлігі - жакет , онда алды әрқашан екі бөліктен (алдынан ) , ал алдының әрқайсысы өз кезегінде тұтас немесе екі немесе үш бөліктен (қондырмалы бүйір бөліктерімен ) тұрады.

  • Жеңдері қысқа және ұзын , қондырмалы , реглан пішімді , тұтас және аралас пішілген.

Жеңдері қондырма және реглан пішімді бір тігісті , қос тігісті , ішкі және сыртқы тігістерімен. Қос тігісті жеңнің үстіңгі бөлігі алдыңғы және шынтақтық екі бөліктен тұруы мүмкін.Аралас пішімді жең екі бөліктен тұрады және алдыңғы жағынан тігілген , ал артқы бой жағынан тұтас пішілген , реглан және керісінше болады.

  • Шалбар костюмінің пішу бөліктері 102 суретте көрсетілген. Жакет бөліктерінің және блузканың бөліктері мен конструктивтік сызықтарының атаулары көйлектердегі сияқты.Пішу бөліктері мен шалбар бөліктерінің конструктивтік сызықтары 103 суретте келтірілген.



  • Шалбарды пішу бөліктерінің комплектісіне үлгісіне байланысты бөліктердің түрлі мөлшері енеді.Шалбарды пішудің негізгі бөліктері болып екі алдыңғы және екі артқы бөліктері есептеледі: шалбар комплектісіндегі белдік пен қалта бөліктері үлгісіне байланысты.

  • Үстіңгі матадан келесі бөліктерді пішеді: шалбардың алдыңғы бөліктерін - екеу ; шалбардың артқы бөліктерін – екеу ; белдік ( екі бөліктен болуы мүмкін) –біреу ; алдыңғы бөліктерінде жапсырма қалталарды – үлгісіне байланысты ; бүйір ойма қалталарын жөрмеу - әрбір қалтасы үшін екеуден ; бүйір ойма қалталарының шашықты әдебі - әрбір қалтаға біреуден

  • Астарлық матадан келесі бөліктерді пішеді : шалбардың алдыңғы жартысына астар ( үлгісі бойынша)- екеу ; бүйір ойма қалталары үшін астар ( екі бөліктен болуы мүмкін ) – қалтасының сандарына байланысты



  • Шалбардың бөліктерін пішіп тігуге дайындау .

  • Шалбарды дайындауға кірісуден бұрын , киімнің жаппай өндірісінде техникалық шарттарында ( ТШ) көрсетілген немесе киімді жеке заказ бойынша дайындалғанда квитанциясындағы жазулар мен суреттеріндегі бұйымның сыртқы түрін суреттеумен танысу қажет.Тексеруді мынадай бірізділікпен жүргізеді: пішу бөліктерінің бар болуын тексереді ; арқау және өрім жіптері бойынша пішімнің дұрыстығын ; бөліктердегі тоқыма ақаулардың болуын

  • Шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерінде арқау жіп шалбар бөлігі ортасындағы нүктелерді балағының ені бойынша және тізе деңгейінде қосатын сызықтарға параллель өтуге тиіс. Жіптің қалыпты бағытынан суреті жоқ маталар үшін алдыңғы бөлігінде - 3% ығысу , артқы бөліктерінде 4% ығысу жасауға болады.Суреті жолақ немесе клеткалы маталар үшін ығысу жасауға болмайды.Суреттері клеткалы орташа және ірі айқын өрнектелген маталарды пішкен кезде бүйір тігістеріндегі суреттің горизонталь жолақтары сәйкес келуге тиіс.

  • Бүйір қалтасының үстіңгі жиегін бөлігінің үстіңгі қимасынан 5 см-ден жақын орналастырмайды.

  • Шалбардың артқы бөлігін пішкен кезде қондырма жасауға болады.Орта тігіс сызығы бойынша қондырманың ені 7 см-ге дейін.Сырып тігу сызығының ұзындығы 20 см-ге дейін.Қондырмалардағы сурет шалбарлардың негізгі бөліктеріндегі суретпен сәйкес келу керек .

  • Мақта матасынан шалбарды пішкен кезде үстіңгі жағынан орта тігісінен бүкпесіне дейін қондырма жасауға болады , орта тігісінің ені 7 см-ге дейін , бүкпесінде 3 см-ге дейін

  • Жеке заказдар бойынша пішкен кезде шалбардың артқы бөлігі үшін қосымша әдіп жасайды : 2-3 см ау қималарына , 2-3 см үстіңгі жағында орта қимасына , 1 см – балағында

  • Жапсырма қалталарда арқау жібі өздері орналасқан шалбар жартысының арқау жібімен сәйкес келуге тиіс. Арқау жіптің қалыпты бағытынан шалбардың бөліктерін пішкен кезде жіберілген ығысуларға байланысты ығысу жіберуге болады.

  • Белдікте арқау жіп шалбардың үстіңгі қимасына параллель өтуге тиіс.Майда боялған шалбарларда белдікті өрім жібі бойынша пішуге болады .Суреті жоқ және суреті бар маталар үшін арқау жіптен (2 %) ығысуға болады.

  • Жөрмеулер мен шашақты әдіпте арқау жіп шалбар бөліктерінің қималарына параллель өтуге тиіс , оларға ол қайып тігіледі. Суреті жоқ маталар үшін арқау жіптің қалыпты бағытынан шашақты - әдібінде 10% , жөрмеулерінде 3 % ығысу жасауға болады.

  • Шалбарды алдыңғы және артқы бөліктерін алғашқы өңдеу.

  • Шалбардың артқы бөліктеріндегі қондырмаларды ені 1,2- 1,5 см тігіспен сырып тігеді , тігістерін үтіктеп жібереді , кейде қосу тігісінен 0,1 см қашықтықта матасына байланысты екі жағынан тігеді.

  • Шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерінің бүйір және ау қималарын алдын ала арнайы машинамен көктейді.

  • Шалбар бөліктеріндегі бүкпелерді белгіленген сызықтар бойынша қайып тігеді , тігісті бүкпенің соңында жояды. Мұнда бөлікті орта сызық бойынша өң жағын ішіне қаратып келтіреді.

  • Жұмсақ қатпарға ауысатын алдыңғы бөліктеріндегі бүкпелерді шалбардың үстіңгі қимасынан 3-4 см қашықтықта қайып немесе көктеп тігеді.Тігістерін теріс жағынан бүйір қимасы жағына немесе үлгісіне байланысты алдының орта жағына қарай бүктейді.

  • Қалталарды өңдеу.

  • Жапсырма қалталарды 1 тараудың 12 параграфында айтылғандай өңдейді. Ойма қалталарды да 1 тараудың 10 параграфында айтылған сияқты өңдейді.

  • Түймеліктерді және тігістерді өңдеу.

  • Шалбарды орта тігістің алдыңғы бөлігінде қапсырма- түймелікпен юбкаларды өңдеуге ұқсас орындалады

  • Бүйір тігісіндегі түймелікті өңдеу. Шалбарды алдыңғы және артқы бөліктері жағынан пішкен кезде түймелікті өңдеуге әдіп беріледі. Түймеліктің үстіңгі әдібінің қимасын теріс жағына қарай 0,5-0,7 см бүктейді және жиегінен 0,1-0,2 см қашықтықта тігеді



  • Түймеліктің астыңғы жағын құрайтын әдіп қимасын әдіптің формасымен пішілген жөрмеумен өңдейді.

  • Жөрмеуді өң жағын астына қаратып түймеліктің астыңғы жағын құрайтын әдіптің өң жағына келтіреді және бөлікті жөрмеу жағынан жөрмеп тігеді. Тігістің ені 0,5-0,7 см .Жөрмеуді теріс жағына бүктейді , тігісін жазады , жөрмеу жағына қарай ені 0,1- 0,2 см көмкерме жасайды және оны үтіктеп жазады.Жөрмеудің ішкі қимасын ішіне қарай 0,5-0,7 см бүктейді . Бүктелген қимасын бүктелген жиегінен 0,1-0,2 см қашықтықта қайып тігеді.

  • Түймеліктің жиектерін өңдеп болған соң шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерін өң жақтарын ішіне келтіріп салады , ішкі өңделген жиектерін теңестіреді және түймелікті өңдейтін әдіптің астыңғы жиектерін әдібіне көлденең қос кері тігіспен бекітеді , одан кейін бөліктерді бұрады және бүйір қималарын (104 , сурет) шалбардың алдыңғы бөліктері жағынан қайып тігеді , жырмауларын немесе бормен сызылған бақылау белгілерін сәйкестендіреді.

  • Шалбардың ау және орта қималарын қосу.Ау қималарын шалбардың алдыңғы бөліктері бойынша қайып тігеді , жырмаларын немесе бормен сызылған бақылау сызықтарын сәйкестендіреді



  • Орта қималарды қос жіпті тізбекті қабып тігу машинасымен қабып, бір мезгілде оларды созады немесе қайып тігетін машинамен қос тігеді , сирек тігістерін және қондырманы сырып тігу тігісін сәйкестендіреді. Қайып тігуді сол бөлігі жағынан жүргізеді.

  • Ылғалдық-жылулық өңдеу кезінде тігістерін үтіктеп жібереді немесе үлгісіне байланысты үтіктеп тегістейді



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет