Белдікті киімдерді конструкциялау


Шалбардың үстіңгі қималарын өңдеу



бет2/2
Дата08.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#190418
1   2
Байланысты:
Адилхан агай

Шалбардың үстіңгі қималарын өңдеу.

  • Шалбардың үстіңгі қимасын сырылған белдікпен өңдеу.Әуелі белдіктің ұштарын өңдейді , ол үшін белдікті өң жағын ішіне қаратып ортасынан бойлай салады және ұштарын жөрмеп тігеді. Белдікті өң жағына айналдырады , ұштарын жазады және үтіктеп тегістейді.

  • Шалбардың теріс жағына өңделген белдікті ішк жағын астына қаратып келтіреді , қималарын теңестіреді және сырып тігеді (105 сурет) бір мезгілде ілгектерін орналастыра отырып (белдіктің астары болған кезде белдікті шалбарға сырып тіккен соң астарын тігістен ойып алады ) белдіктегі жырмаларды немесе бормен сызылған бақылау белгілерін шалбардағы бүкпелермен және тігістермен сәйкестендіреді. Белдікті қайырады , тігісін белдік жағына жатқызады , жеке заказ бойынша дайындаған кезде тігісін үтіктеп жібереді.Белдіктің сыртқы бөлігінің қимасын ішіне қарай 0,5-0,7 см бүктейді және бүктелген шетінен 0,1 см қашықтықта белдіктің бүктелген жиегі белдіктің ішкі бөлігінің сырып тігілген тігісін жабатындай етіп шалбардың үстіңгі қимасы бойынша қайып тігеді.Мұнда тігіс теріс жағынан шалбардың негізгі бөліктері бойынша өтуге тиіс (105 сурет) . Белдікті дайын түрінде үтіктеп жазады.



    • Шалбардың үстіңгі қимасын жөрмеумен өңдеу. Егер үлгісі бойынша шалбардың түймелігі бүйір тігістерінде орналасса , түймелікті өңдеуді үстіңгі қиманы өңдеумен бір мезгілде орындайды.

    • Шалбардың үстіңгі жиегін жөрмеудің ішкі қималарын (106 сурет) , шалбардың артқы бөлігі түймелігінің жөрмеуін және шалбардың алдыңғы бөлігі түймелігінің әдіптерін жүн және қалың костюм маталарында ішіне қарай 0,5-0,7 см бүктейді және қайып тігеді , яғни ашық қимасы бар бүктелген тігіспен өңдейді.

    • Шалбардың алдыңғы бөлігі түймелетін өңдеуге керек әдіптерін шалбардың үстіңгі қимасын жөрмеу ұштарына тігеді және оларды шалбардың өң жағына қайырады , жөрмеуді шалбардың бөліктерімен өң жақтарын ішіне келтіріп салады , жоғарғы қималарын теңестіреді , өңделген аспа бауды немесе ышқырлық бауды жырмалар немесе бормен сызылған белгілер бойынша салады ( үлгісіне байланысты) және шалбардың үстіңгі қималарын жөрмеу жағынан жөрмеп тігеді

    • Тігістің ені 0,5-0,7 см.Бұрыштарын өң жағына бүктейді , жазады және үтіктеп тегістейді.Шалбардың үстіңгі бөлігін және түймеліктің шетін еніне үлгісіне байланысты болатын тігіспен өңдейді . Егер үлгісінде шалбардың жиегінде тігіс болмаса , онда жөрмеу тігіс жолын жөрмеуге тігеді.



    • Шалбардың артқы бөлігі түймелігі жөрмеуінің ұштарына келтіріп тігеді . Түймеліктің жөрмеуін өң жағына қайырады , шалбардың үстіңгі қимасының жөрмеуін шалбар бөліктерімен өң жақтарын ішіне қаратып келтіреді , қималарын теңестіреді және жөрмеп тігеді.Бір мезгілде түймеліктің жиектерін жөрмеп тігуге болады. Бұрыштарындағы тігіс әдіптерін қиып қысқартады , бұрыштарын өң жағына айналдырады , жазады және үтіктеп тегістейді.

    • Шалбардың алдыңғы және артқы бөліктерінің үстіңгі қимасы жөрмеуінің ішкі өңделген жиектерін алдыңғы және артқы бөліктерінің орта қосу тігісіне қайып тігетін машинамен тігісті орта тігіске параллель орналастырып бекітеді.

    • Шалбардың үстіңгі қимасын өңдегеннен кейін 3 тараудың 7 параграфында көрсетілгендей түймеліктің жиектерін бекітеді және бүйір қималарын қайып тігеді.

    • Шалбардың үстіңгі қимасын иілгіш таспамен өңдеу.Бүйір тігісінде түймелігі және алдыңғы немесе артқы бөліктерінде жеке иілгіш таспасы бар шалбар моделінде үстіңгі қиманы өңдеуге керек әдіп шамасын дәлдеген соң (бүктеуге керек әдіп шамасы таспа еніне 0,2- 0,3 см қосқанға және ішіне қиылатын бігу енін қосқанға тең , яғни 0,7- 1) иілгіш таспаны шалбардың теріс жағына салады және түймелікті таспаның ұштарына өңдейтін жөрмеудің ішкі жиегін немесе әдібін тігеді (107 сурет) . Шалбардың үстіңгі жиегін белгілеуі бойынша теріс жағына бүктейді , қиылатын жиегін ішіне қарай 0,7-1 см бүктейді және бүктелген жиегінен 0,1 см қашықтықта тігеді , иілгіш таспаны бір мезгілде тігеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет