Дәріс№17
Тақырып: КҚ ұйымдастыру – оны қалыптастыру үрдісінің үшінші сатысы.
Дәрістің мақсаты: КҚ ұйымдастыру – оны қалыптастыру үрдісінің үшінші сатысын анықтау.
Дәріс мазмұны: КҚ есеп жүргізу. Статистикалық есеп жүргізу. Бухгалтерлік есеп жүргізу. Суммарлық есеп жүргізу. Жекедара есеп жүргізу. Құжаттарды орналастыру. Жүйелік орналастыру. Жүйелі – алфавиттік орналастыру. Тақырыптық орналастыру. Пәндік орналастыру.
Қорды жүйелік орналастыру тәсілі бойынша кітаптар білім салаларына бөлініп, логикалық түрде қойылады. Бұл қоры шағын кітапханада , ірі кітапханалардың көмекші және арнаулы қорлары мен ашық қорларында пайдаланылады.
Қорда тақырыптық орналастыру әдісі қоры шағын кітапханаларда, әдетте жүйелі орналасқан қордың ішкі бөлімінде , ерекше маңызды тақырыптарды жеке бөлу мақсатында қолданылады.
Қорды алфавиттік орналастыру – кітап авторы мен тақырыбының алфавиттік реті бойынша формалды түрде орналастыру тәсіліне жатады. Бұл негізінде , көмекші тәсіл ретінде, жүйелік орналастырумен бірге қолданылады; алфавиттік – хронологиялық немесе хронологиялық алфавиттік орналастыру тәсілі журналдар мен газеттерді орналастыру үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |