Дәріс №28
Тақырып: Қормен жұмыстануда кітапханалардың бірлесуі.
Дәрістің мақсаты: Қормен жұмыстануда кітапханалардың бірлесуін анықтау.
Дәрістің мазмұны: КҚ қалыптастырудың бірлесу қағидасы мен әдістемесі. КҚ бірлесу жүйесінің варианттары.
Кітапхана қорын қалыптастыру кооперациясын өткен ғасырдың ортасында Америкадағы Пристон университетінің директоры Уильям Динс: кітапханада кітап қорын толықтыру, іріктеу және әдебиетті пайдалану ісінде осы теорияның пайдалылығын дәлелдеп берді. Динсті атақты кітапханатанушылар соның ішінде Мелвил Дьни қолдады. Қазіргі кезде дүниежүзі тәжірибесінде әсіресе АҚШ-та кітапхана қорын қалыптастыру кооперациясы бағалы құнды пікір айтады. Кітапхана қорының толығуына Британ кітапханасы кейбір ғылыми кітапханаларға өзінің қаржысының бір бөлігін жіберіп олардың толығуна көмек жасайды. Кітапхана қорын қалыптастыру кооперация саласында егер екі жаққа да тиімді болса, ғана пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: |