«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет60/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139
Дәріс №9

Тақырыбы: Кітаптың аты мен атына байланысты мәліметтер мен жауаптылықты көрсететін сала.

Дәрістің мақсаты: Кітаптың аты мен атына байланысты мәліметтер мен жауаптылықты көрсететін саланың жалпы әдісін үйрену.

Дәрістің мазмұны: 1.Карточкада екінші тік сызықтан басталып мына рядпен жазылады.

Кітаптың негізгі аты титул бетінен алынып, сөздері қысқартылмай толық жазылады. Титул беттегі аты мұқабадан өзгешелеу болса, мұқабадағы аты ескертуде жазылады.

Кітаптың аты тым ұзақ болса, онда алғашқы сөздерін жазып, көп нүкте қойып қысқартуға болады. Егер титул бетте бір авторды бірнеше шығармаларының аты көрсетілсе, онда олардың араларына нүктелі үтір қойылып түгел жазылады.

Кітаптың атындағы мәліметтер, оның негізгі атын толықтырады, мазмұнын ашады, кімге арналғандығын, жанрын көрсетеді. Оларды негізгі атынан соң қос нүкте қойып жазады. Егер ол мәліметтер түрліше болса, әрқайсысының алдына қойылып жазылады.

Мыс: Избранное:Стихотворение: Пер.с англ.

Жауаптылықты көрсететін мәліметтерде кітапты жазған жеке адамдардың фамилиясы (3-ші автор) және басқа да жауапты адамдар жөнінде мәліметтер жазылады. Басуға әзірлеген мекеменің аты көрсетіледі. Жауаптылықты көрсететін алғашқы мәліметтер арасы белгіленеді. Егер кітап авторы көрсетілмеген болса, кітаптан басталып, одан соң басқа адамдар жөнінде мәліметтер жазылады.

Жауаптылықты көрсететін өз ішінде ; біртектес мәліметтерді бөлу үшін, оның алдындағы түсініктеме сөздіктен соң : қойылады.

Мыс: Сост: Беляев А.Б. и др. немесе Редкол.:Андреев К.Н. и др. Егер кітаптың авторы 3 болса жауаптылықты көрсететін мәліметтерде олар түгел жазылады. Егер 5 немесе одан көп болса, жауаптылықты көрсететін мәліметтерде алғашқы фамилиясы қосылады т.б. кітапты әзірлеуге қатысқан басқа жауапты адамды көрсеткенде, фамилия алдында түсініктеме сөз қосып жазылады. Кітаптың басына жауапты мекемелер титул бетінің жоғарғы жағында көрсетіледі және олар бірнешеу болса сипаттама бірден көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет