«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет89/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   139
Дәріс №27

Тақырыбы: Индекстердің жүйелігі.

Дәрістің мақсаты: Индекстердің жүйелігінің жалпы әдістемесін анықтау.

Дәрістің мазмұны: КБЖ индексациясы қолданылған белгілері бойынша аралас құрылысы жағынан бағыныңқы түрде жасалған кестелер. Ғылыми кітапханаға арналған КБЖ нұсқа таңбалар а дан бастап я-ға дейін орыс алфавитінің әріптері берілген. Көпшілік кітапханаларына арналған және балалар кітапханаларына арналған вариантында негізгі қатар араб цифрімен берілген. Былайша цифрлерінің индексациясының қолданылуы әртүрлі тілдерде әдебиеттер алатын және әртүрлі ұлттарға пайдалануға қызмет ететін көпшілік кітапханаларда пайдалануын қамтамасыз етеді. Әр түрлі варианттарда шыққан КБЖ лар өзінің құрлысы бойынша біріне – бірі сәйкес келеді, бірақ ұсақтап бөлшектенумен ерекшеленеді. Мысалы: Ғылыми кітапханаға арналған КБЖ-ның қысқартылған варианты толық вариантымен салыстырғанда 5-7 есе кішірейтіліп қысқартылған, ал көпшілік кітапханаларға арналғанкестелер қысқартылған вариантын салыстырғанда 4-5есе кішірейген, ол балаларға арналған кестелер көпшілік кітапханаларға арналған кестемен салыстырғанда 3 есе кішірейген. Дүниежүзілік кітапханаларда қандайда болмасын кітапханалық жіктемелік секілді КБЖ- да обьективті өмірмен ғылымның дамуына байланысты өз мазмұнын жаңартып отыруды талап етеді. Сондықтан КБЖ-ның ғылыми кітапханаларына арналған вариантына ұдайы түзетулермен толықтырулар шығып саяси өмірде эканомикада әлеуметтік өмірде ғылыми техникада болған жаңалықтармен толықтырып отырды. 1992 жылы көпшілік кітапханаларға арналған КБЖ-ға қосымшалар шықты. КБЖ Болгар, Вьетнам, Неміс, Словакия тілдеріне аударып шетел кітапханаларына пайдаланды. КБЖ кестесі қазақ тілінде арналып басылды. БССР-дың құлауымен елдің экономикалық өзгерумен байланысты Ресейдеде Қазақстандада КБЖ кестесін қайта қарап жасауды талап етті. 1997 жылы Ресейдің Либерия баспасы көпшілік кітапханаларға арналып көпшілік кестенің түзетілген және толықтырылған түрін басып шығарды. Қазақстанның ұлттық кітапханасы 1998 жылы КБЖ кестесіне берілген толықтырулар мен өзгертулерді баспадан шығарды. Кітапханалармен ғылыми техникалық ақпарат органдарында ӘОК мен КБЖ-ның басқа қойылған мақсатына байланысты басқада әмбебап жіктеу кестелері қолданылды.

Мысалы: ГАСН ТИ рубрикатор, ЕКИ (Единичная классификация литературы), ОКСТ (обще союзный классификатор стандарта), МКИ (международн. Классификатор изобретении) қолданылды. ГАСНТИ рубрикаторы 1981 ж. Басылып енгізілді:

1 Ғылыми техникалық ақпарат органдарының тақырыптарын айқындап қамту.

2 Ғылыми техникалық ақпарат органдарының ақпараттық массивін қалыптастыру.

3Ақпараттық басылымдарда материалдарды жүйелеу.

4Ғылыми техникалық ақпарат органдарының рубрикаторын жасау және жетілдіру саласында мөлшерлік қызмет орындау.

Рубрикатор 3 деңгейде бағыныңқы тәртіппен жасалған әрбір деңгей 00- ден 99-ға дейін 100 бөлікті қамтиды. 1984 жылы рубрикаторлардың 3-ші басылуы 2 томнан басылып шықты. Оның негізгі бөлімдері мыналар:

00-26 қоғамдық ғылымдар.

27-43 жаратылыстану және нақты ғылым.

44-81 техникалық және қолданбалы ғылымдар, халық шаруашылық саласы.

82-99 жалпы салалық комплекстік ғылымдар.

Бұл рубрикатор кестесін ВИНиТИ бүкілодақтық ғылыми техниканың ақпараттық орталығы, ГПНТБ- ның және ғылыми техникалық ақпараттық органының салалық орталықтарының ғылыми салалық мамандар коллективі жасаған. МКИ техникалық кітапханаларда техниканың мөлшерлік және техниканың құжатарды стандартты, техникалық жағдайлар, халықтарды жүйелеу үшін қолданылады. Бұрынғы КСРО-да МКИ патентін құжаттарды жүйелеу үшін 1962 ж. бастап қолданылды.

УКСТУ 1983 жылдан бастап енгізілді. Ол мемлекеттік тіркеуден өткен барлық мемлекеттік салалық стандартты техникалық кітапханамен жеке мекемеде қолданылды. ЭКП 1977 жылы бастап 2 –ші басылуы 1986 жылы басылып шықты. Бұл кесте ГОС комиздат саласындағы мекемелер үшін, яғни баспа өнімдерін жүйелеу үшін қолданылды оны жасауды ГОСКомиздат мамандары УДК, ББК кестелерін қолданған. Бұл кесте негізінен баспадан шығатын тақырыптық жоспарларды әдебиеттерді жүйелеп көрсету үшін қолданады, яғни, кітап палаталары жүйесінде кітап сауда жүйелерде есеп жүргізу үшін әдебиеттер орналастыруда қолданылады. «ГОСТ 7.7-6 издания выходное сведения» деген стандартқа баспадан шыққан шығармалардың титул артылуы төменгі сол жақ бұрышында ЭКЛ бойынша. Кітап саудалық нұсқа таңба шифры көрсетілді. ЭКЛ дің негізгі бөлімдері мыналар:

1-13 қоғамдық саяси әдебиеттер.

14-19жаратылыстану.

20-36 техникалық ғылымдар.

37-40- агроөнеркәсіптік комплекстер сұрақтары туралы әдебиет.

41-медициналық әдебиет.

42-физкультура әдебиет.

43-45-халық ағарту, мәдениет бұқаралық ақпарат құрал.

46- филалогиялық ғылымдар.

47-көркем әдебиеттер.

48-балалар әдебиеттері.

49- өнер саласындағы әдебиет.

50-әмбебап мазмұнындағы әдебиет

Бұрынғы КСРО баспаларда шыққан басылымдарда және баспа карточкаларда ЭКЛ бойынша нұсқа таңбалар беріліп тұрды. Ол ЭКЛ деген нүктелерден берілген цифрлерден тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет