Дәріс №28
Тақырыбы: Құжаттарды нұсқа таңбалау.
Дәрістің мақсаты: Құжаттарды нұсқа таңбалаудың жалпы әдістемесін анықтау.
Дәрістің мазмұны: Құжаттардың немесе сұранысының мазмұнын ақпарат іздестіру тілінде көрсету процесін нұсқа таңбалау дейді. Нұсқалық таңбалау обьектісі ретінде жеке құжат, құжаттар тобы немесе құжаттың бірбөлігі алынуы мүмкін. Нұсқалық таңбалау термині 3 түрде қолданады.
1 Жүйелеу.
2 Пәндеу
3 Координаталық нұсқалық таңбалау.
Координаталық нұсқалық таңбалау-дегеніміз құжаттың текстердегі түйінді сөздерді немесе дискрипторға тізбектеп жазу арқылы нұсқалық таңбалау. Бұлардың ішінде әсіресе жүйелеуге көп көңіл бөлінеді. Нұсқалық таңбалаудың мақсаты ақпаратты іздестіру процесін сапалы ету үшін құжаттардың басты нышаны мазмұнын және басқа белгілерін нұсқалық таңбалаумен пәндік айдарлар беру арқылы көрсету. Нұсқалық таңбалау нәтижесі термин түрлеріндегі құжатты іздестіру бейнеленсе оның негізгі мазмұнын ақпараттың іздестіру тілінде көрсететін текст. Құжаттарды іздестіру бейнесі жүйелеуде құжаттың толық нұсқалық таңбалауын пәндеуде пәндік айдарлар болып есептеледі. Нұсқалық таңбалау термині ПОД –та берілген тиісті ақпаратты іздеу тілінің ережелері бойынша жазылған бір немесе бірнеше лексиканың өлшемдер байланысынан тұрады. (ЛО, ЛЕ) Табиғи тіл жүйелерде қабылданған немесе жасалды тілге арнап өңделген жеке түсініктің белгісі. Ло сөздерден тұрақты сөз тіркестерінен басқа әріптерден, символдан жылдардан, көпшілікке белгілі. Қысқартулардан және табиғи тілде қолданған сөздердің лексикалық мәнді компоненттін және жасанды тілдегі оларға баламалы шартты белгілерден тұруы мүмкін. Нұсқалық таңбалау басты 2 принципте жүргізіледі:
1Жіктеулік
2Пәндік
Жіктеулік принцип арнаулы жіктеу жүйесі бойынша құжаттардың мазмұнын көрсетуге және термині ретінде жіктеулік нұсқалық таңбалаулар қолдануға көрсетілді. Жіктеулік бағыныңқылық белгі бойынша салалық ақпарат іздеуді, ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Пәндеу принціпі тиісті табиғи тілдің ұғымдық жүйесінде құжаттың мазмұнын көрсетуге және оның термині ретінде табиғи тілдің лексикалық өлшемін пайдалануға негізделді. Ол алфавит бойынша ақпаратты іздестіруді қамтамасыз етеді. Нұсқалық таңбалаудың жіктеулік принціпін іске асыру үшін әр түрлі жіктеу кестелері қолданып, құжаттарды жүйелеу процесі жүреді ол пәндеу пәнінің іске асыру үшін пәндік айдардың тізбектермен дискриптрлік сөздіктер қолданылып, құжаттардың пәнін анықтау пәндеу жүргізіледі.
Ақпаратты іздестіру тілінің элементтері карточкалары немесе машинамен оқылатын формадағы көп түріндегі және ықшам бейнелі карточкаларда іске асырады. Ақпаратты іздестіру тіліне (АІТ) мынадай талаптар қолданады.
Жіктеулік АІТ негізі және көмекші кестелерден, алфавиттік пәндік көрсеткішті және оны қолдану ережелерінен тұратын немесе салалық жіктеу кестелерінен тұрады. Мысалы : КБЖ жіктеу кестенің негізгі элементі жіктік бөлік оның құрамына жіктік нұсқалық таңбалау оның сөздік тұжырымы және сілтеме анық аппаратпен берілген әдістемелік нұсқаулар кіреді. Жіктеу нұсқалық таңбалау бір немесе бірнеше лексикалық өлшемнен тұрады. Құрығыларына қарай олар қарапайым күрделі және құрамалы болып бөлінеді. (Простой, сложной, и составный индекс).
Достарыңызбен бөлісу: |