Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы, шырша мен ойыншықтары, доп, плакат, әліпби, ойыншық



Дата05.06.2017
өлшемі21,89 Kb.
#17842
түріСабақ
Ё ё дыбысы және әрпі

  • 0

Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Ё дыбысын дұрыс айтып, әріпті дұрыс жазуға үйрету. Ё әрпінің басқа әріптерден ерекшелігін түсіндіру.
2. Дамытушылық. Балалардың ойлау, есте сақтау, музыкалық қабілетін дамыту. Оқуға деген қызығушылықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа білімді хабарлау
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы, шырша мен ойыншықтары, доп, плакат, әліпби, ойыншық

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, балалар?! Қалдарың қалай?
- Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген қонақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру.


- Балалар өткен сабақта қандай әріппен танысып едік? Х әрпінен басталатын сөздерді айтып беріңдерші. Үйде сендер хоккей туралы мәтінді оқу керек болғансыңдар. Қане, оқиық.
Мәтінді оқыту.

Қызығушылықтарын ояту.


- Балалар, ал хоккей ойынын қайда ойнайды? Қай мезгілде хоккей ойнауға болады? Қыс мезгілінде. Міне бізге де қыс келіп қалды. Ауа райы қандай? Алдымызда қандай мейрам жақындап келеді? Ал Жаңа жылда біз нені безендіреміз? Мен сендерге бүгін шырша жасап әкелдім.
Біреу есік қаққан сияқты. Көрейікші. Бізге қонаққа сиыр келіпті, сиырдың аты Буренка, ол бізге шыршаны безендіруге ойыншық әкеліпті. Бірақ ойыншықты алу үшін алдымен жұмбақтарды шешіп, мына сөзжұмбақ кестесіне толтыруымыз қажет.
1. Қысы – жазы бүр түсте. Ол не? Шырша
2. Біздің еліміздің Астанасы? Астана
3. Алыстағы досыма мен не жазамын? Хат
4. Дәм сезу мүшесі. Тіл
5. Шырша орысша қалай айтылады? Ёлка
6. Апаң сенің базардан, алма сатып әкелді, ең қызылын, тәттісін саған таңдап берді. Не айту керек мұндайда? Рахмет
Сөзжұмбақ шешу. Шыршаны безендіру.

ІІ. Жаңа сабақ.


- Сөзжұмбағымызда қандай сөз жасырынған екен. Шахтер деген кім? Шахтёр, ёлка және Бурёнка сөздерінде қандай ортақ бізге таныс емес әріп бар екен? Демек біз бүгін Ё әрпімен танысатын болдық, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Ё дыбысын бірге айтайық. Ол екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалды. Й және О дыбыстары бірге айтылып, бір Ё әрпімен таңбаланады.
Ё әрпінің баспа және жазба әріптерін көрсету.

Плакатпен жұмыс. Тірек сөздер беру арқылы сурет бойынша әңгіме құрғызу. Тірек сөздер: шахта, көмір, шахтер, күрек, қазу, жылу.


Оқулықпен жұмыс. Оқулықта берілген Шахтер мәтінін оқыту.

Сергіту сәті


Музыкалық сергіту сәтін өткізу. Қамажай әуеніне қимылдар жасау.
Дәптермен жұмыс
ё әрпін бастырып, өздігінен жазуды үйрету.

«Сөз ойла, көп ойла» ойыны.


Барлық балаларға жеке доп лақтырылады дыбыс айтып, оқушы айтылған дыбыстан басталатын сөз ойлап табуы қажет.

«Жұбын тап» ойыны


- Қазір әрбіреулерің шығып, бір сурет таңдайсыңдар. Суреттегі затты атап, қай әріптен басталса сол әріптің жанына ілулерің керек.

Қорытындылау


- Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық?
- Ё дыбысы қандай дыбыс екен?
- Ё дыбысы бар қандай сөздер білдіңдер? Жазып алайық.
Оқушыларды жұлдыздармен немесе төртбұрыштармен бағалау.
- Ал, енді балалар, алған жұлдыздарыңмен шыршаны безендірейік. Қандай әдемі. Мұндайда неге ән айтпасқа.
Шырша әнін айтып, шыршаны айналу.
- Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет. Сабақ аяқталды, сау болыңдар.
Каталог: uploads -> doc -> 0402
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0402 -> Сабақтың тақырыбы Жүр, «Думанға»барамыз Мақсаты
0402 -> Сабақ: №13 Sсhool (школа) Мектеп: Қостанай қ. №17 орта мектебі Date (Дата) Мерзімі: 25/04/17
0402 -> Сабақтың тақырыбы: Планеталардың қозғалысы. Копирниктің гелиоцентрлік жүйесі. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет