«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет91/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139
Дәріс №29

Тақырыбы: Кітапханалық жүйелеу процестері.

Дәрістің мақсаты: Кітапханалық жүйелеу процестерінің жүйесін анықтау

Дәрістің мазмұны: Оны жүйе етіп орыналастыру үшін олардың арасында грамматикалық қатынастар қолданалылады. Жіктеулік кестенің бағыңқы құрылымының және сілтеме аппаратының көмегімен жіктеулік бөліктер арасында парадиматикалық қатынастар болады. Ал, күрделі және құрамалы нұсқалық таңбалардың арасында синталматикалық қатынастар болады.Пәндік ақпаратты іздестіру тілі пәндік айдардың тізбектерімен сілтеме-анықтама аппаратынан тұруы қажет. Пәндік ақпаратты іздестіру тілі дискрипрлік сөздіктерде,табиғи тілде қолданылатын сөздердің түсініктерінің тізбектерінен тұрады.

Пәндік айдар құжатының мазмұнын бейнелейтін бір немесе бірнеше Логикалық өлшемнен тұруы мүмкін.Логикалық өлшем-нің көлеміне қарай пәндік айдар да қарапайым және күрделі болып бөлінеді.Тиісті тақырып бойынша біріккен бірнеше пәндік жиынтығы комплекс құрайды.Пәндік айдардың арасында грамматикалық қатар қолданылады.Мысалы: Айдарлар арасында сілтеме анықтама аппаратының көлемі мен парадигмалық қатынастар , ал күрделі пәндік айдарлардың құрамындағы логикалық өлшемнің арасында синталматикалық қатынастар кіреді.

Нұсқа таңбаларының жалпы ережелері.

Нұсқа таңбалары төмендегідей процестерден тұруы тиіс:

1.Құжаттардың мазмұнын талдау.

2.Құжаттардың мазмұнындағы мағыналық компаненттерді тауып және оның ішіндегі бастысын таңдау.

3.Құжаттарды іздестіру бейнесі жөнінде шешім қабылдау.

4.Таңдап алынған мағыналық компаненттерді нұсқалық таңба термині ретінде жазу.

5.Құжаттардан іздестіру, бейнелеу құрамындағы белгіні саралау.

Құжаттың мазмұнын білуге төмендегідей оның барлық элементіне талдау жасалады. Оның негізгі мазмұны, пәні, оның қаралу тұрғылары анықталады. Таңдалған мағыналық компаненттерді алдымен еркін түрде сөзбен тұжырымдайды.Құжаттарды іздестіру бейнесінің құрамы жөнінде шешім және оның термині ретінде жазу тиісті кітаптың ережесіне сәйкес жүргізіледі. Нұсқалық таңба терминін редакциялау үстінде таңдалып алынған мағыналық компаненттер, құжаттың мазмұнына сәйкес келеме, нұсқалық таңба дұрыс жазылды ма т.б тексеріледі.

Құжаттарды жүйелеудің жалпы әдістері.

Жүйелеу дегеніміз-баспасөз шығырмасына немесе басқа құжаттар мазмұнына байланысты тиісті жіктеу кестесі бойынша жіктік нұсқалақ таңбаны анықтау.Жіктеу әдісі днегеніміз жіктеу үстінде басшылыққа алатын яғни негізделіп, тиісті жіктеуде сыналған принцп ережелерінің жиынтығы. Ол барлық білім саласында қолданылатын - жалпы әдістер болып және жеке білім саласынан жүйелегенде қолданылатын жеке әдістер болып бөлінеді. Жүйелеу әдісі ХХ ғасыр басынан бастап детальді құрама жіктеу кестесі пайда болғаннан бастап қалыптаса бастады. Бұл салада алғаш еңбектерге ағылшын кітапханашысы Б.Сейрстің еңбегі жатады.Біздің елімізде жүйелеу әдісі көптеген кітапханаларда қолданылып жүрген КБЖ ,УДК кестесімен пайдалануға сәйкес жасалып, кестенің ішінде берілді немесе жеке құрал ретінде басылып шықты.Жүйелеудің негізгі принциптері-баспасөз шығармаларының түрінен көрі мазмұнына көңіл аударады және оған мазмұнына әділдікпен қарауды қарастырады.Құжатты ең алдымен оның негізгі мазмұны бойынша жүйелейді , ал басқа белгілер қосымша роль атқарады.Типтік бөліну белгілерінің көмегімен белгіленеді,бірақ кейде жүйелеу үстінде алғаш белгі ретінде басылымдардың түрі, кімге арналғандығы немесе басқа формальді белгілері алынған белгілер бар.Мысалы: қандай болмасын білім салалары бойынша шыққан библиографиялық құралдар 91 бөлімде топтастырылды

Әділдікпен қарау принципі құжаттарды жүйелегенде оның мазмұнын жан-жақты ашуды, ондағы басты елеулі мәселені табуды талап етеді.Жүйелеудің өзегі төмендегідей бір-бірімен тығыз байланыс ретімен орындалатын процестерден тұрады.

1.Жүйелеу обьектісін талдау.

2.Жіктеулік шешім қабылдау.

3.Жүйелік каталогқа жиналған алфавиттік пәндік көрсеткіш үшін пәндік айдар белгілеу.

4.Жүйелік нұсқалық таңба мен пәндік айдарды редакциялау.

5.Жүйелік шешімді бейнелеп жазу.



Кітапханалық технологияда жүйелеу процестері қатаң түрде орындалуы тиіс. Жүйелеуден бұрын құжатқа библиографиялық сипаттама жасалады. Кітапханаға келіп түскен құжаттың барлығы ғылыми өңдеуден өтеді. (кітаптар,брошюралар, жалғасты және мерізімді басылымдар, бейнелеу өнерінің басылымдары, ноталық және карточкалық басылымдар, кино, фотомода құжаттары, жарияланбаған құжаттар т.б.). Осы аталған құжаттардың қайсысы болмасын жүйелеу объектісі болады және құжаттың белгілі бір бөлімі- кітапхананың тарауы, бөлімі- журнал мақалалары, бірнеше құжаттар тобы, тұтастай жүйелеу объектісі болуы мүмкін. Жүйелеушіге келіп түскен объекті мен оған жиналған библиографиялық сипаттама ол объектінің шегін белгілейді.

Егер журнал мақалаларын жүйелеу қажет болса, өңдеуге журналмен бірге мақалаға жасалған сипаттама келіп түседі. Кейде жүйелеу объектісінің шегін жүйелеудің өзі шешім анықтала шешім қабылдайды. Мысалы: белгілі бір автордың шығармалар жинағында ол жөнінде немесе тақырыпқа байланысты кең түрде берілген мақала берілсе жүйелеуші анықтамалық жүйелеу тәсілімен қолданылатын шығармалар жинағының өзіне және кіріспе мақалаға нұсқалық таңбалар береді. Егер библиографиялық сипаттамаларда кіріспе мақала жөнінде мәлімет жазылса кіріспеге арналған аналитикалық сипаттама толтырмай-ақ дублет карточка жазуға болады. Аналитикалық жүйелеу тәсілін қолдану кітапханалық қордың құрамына, кітапханалық каталогтары мен карточкалар жүйесіне, оқырманның талап-тілектеріне байланысты болады. Кітапхананың құжаттық мазмұнын толығырақ ашып, жүйелік каталог бейнелеу үшін қолданылады. Жүйелеудің негізгі мақсаты-кітапханалық қорын білім жүйелері бойынша сөрелерде орналастыру және олардың мазмұнын бөлім жүйелері бойынша жүйелік каталогқа бейнелеу. Бұл екі мақсат өте тығыз байланысты және қатар шешіледі. Жүйелеудің сапасын еңбекті ғылыми ұйымдастыру қамтамасыз етеді. Жүйелеу процесі-ғылыми процесс сондықтан оны ырғақты түрде еңбекті нормамен жүргізіп арасында рационалды демалулар ұйымдастырған. Шетел ғалымдарының дәлелдеуі бойынша, құжатты жүйелеудің еңбегі ауыр қол еңбегімен шұғылданушының еңбегімен пара-пар және мидың жұмысымен байланысты болғандықтан, шыққан энергияны қалпына келтіру қиындатады. Құжатты жүйелеу ғылыми және шығармашылық жұмыс, оны арнаулы білімді маман кітапханашылар жүргізеді. Кітапханада жан-жақты, мазмұнды құжаттарды олардың ғылыми құндылығына, пайдалану үшін маңыздылығына байланысты жүйелік каталогта жан-жақты ашып көрсетуге болады. Құжаттың мазмұнын жан-жақты ашу оларды аналитикалық жүйелеумен және қосымша нұсқалық таңба бүгіп, қайталап бейнелеу әдісімен жүзеге асады. Оған екі немесе одан да көп нұсқалық таңбалар беріледі. Нұсқалық таңбаның санына байланысты жүйелік каталог үшін үстеме каталогтар көбейтіліп жазылады. Қайталап бейнелеу әдісін жүйелік каталогтың іздеу қызметімен арттырады. Бұл әдіс жіктеу кестесінің әр түрлі бөліміне жататын бірнеше сұрақтарды толығынан ашатын жан-жақты мазмұнды кітаптар үшін қажет. Кей жағдайда қайталап бейнелеу жіктеу кестесінің құрылысында алдын-ала қарастырылған. Мысалы: құжаттың түрлі бойынша топтастырылған бөлімнің әдебиетінің мазмұндары бойынша тиісті бөлімге қосымша нұсқалық таңба беріп, қайталап бейнелеуге болады. Бірақ, тәжірибеде қайталап бейнелеу әдісі шектеліп қолданылады. Ғылыми кітапхананың жүйелік каталогында карточкаларды көшіріп көбейтудің саны орта есеппен бір кітапханада екі карточкадан аспауы керек. Құжаттарды жүйелеу үстінде кітапханашы оның мазмұндағы басты мәселені тауып, соған байланысты негізгі бөлім жүйесі бойынша нұсқалық таңба беріп, оның қордағы орнын айқындайды. (негізгі нұсқалық таңба-основной индекс). Кітапханада жүйелік каталогпен кітап сөресі үшін нұсқалық таңбалар бейнелеу дәрежесі әр түрлі болады. Каталог үшін ұсақтап дәл нұсқалық таңба беру, ал сөре үшін ірірек бөлімше қолданылады. Жүйелік каталог арқылы және сұрақ бойынша әдебиеттер іздеген оқырмандар үшін ол сұрақтың жеке дәл айдармен көрсетілгені ыңғайлы. Керісінше сөре үшін кітаптарды ұсақ бөлшектеп қою кітапханашыға қиындық туғызады. Сақтау белгісін ұтымсыз пайдалану. Сондықтан кітапханашы тәжірибеде жеке ұсақ сұрақтары бойынша әдебиеттерді сөреледе кеңдеу жалпы тараулар бойынша орналастырады. Мысалы: музыка саласындағы кітапханашыларды 85.2 музыка бөлімшесінде топтастырады. Ал жүйелік каталогтарды ол әдебиеттің елдері бойынша және музыка мен музыкалық түрлері бойынша бейнелеп бөлшектеп көрсетуге болады. Сөйтіп музыка саласындағы әдебиеттегі берілген сөрелік нұсқалық таңба 85:2 болады, ал каталогтік нұсқалық таңбасы одан әрі ұсақ бөлшектеніп көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет