«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет65/126
Дата12.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#63703
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126
Ресми басылым

Ресми- мемлекеттік орандар, мекемелер, ведомстолар мен қоғамдық ұйымдардың нормативтік материалдарынан тұратын басылымдары болып есептеледі.

Ресми басылымдарға конституциялар заңдар, бұйрықтар,қаулылар, шешімдер, циркуларлар, бағдарламалар, қаулылар, нұсқаулар, әдістемелік жарлықтар, прейскуранттар, сонымен қатар стандарттар, нормативтер мен нормалар жатады.

Ресми басылымдардың функционалдық міндеті – сәйкес органдар бекіткен нормалар, талаптар және қоғамдық өмірдегі, ғылымдағы, мәдениеттегі, өндірістегі талаптарды таратып, іске асыру. Олардың көпшілігі, дұрысында, міндетті сипатқа ие, яғни заңдық күші бар.

Ресми басылымдар қоғам және мемлекет басқаруға қажетті ақпараттан тұрады. (Конституция, президент жарлығы және т.б.) Әрекет сферасы мен норматифтілігінен ресми басылымдардың оқырмандық мекен-жайы анықталады. Сонымен, мемлекет Конституциясы мен заңдары елдің барлық азаматтарына таратылады, жарлық пен мекеме қызметкерлеріне, стандарт пен қана құрастырумен, бұйымды шығарумен айналысушыларға ғана таратылады. Жоғарыда аталған белгілерді есепке ала отырып келесі ресми басылым түрлерін бөлуге болады: нормативтік-құқықтық, стандарттық және нормативтік-нұсқаулық басылымдар бойынша нормативтік басылымдар.

Нормативтік-құқықтық басылымдарға конституция, заң, жарлық, қаулы, экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени даму, қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламалар, шешімдер кіреді.

Конституция-қоғамдық және мемлекеттік құрылғыны анықтайтын мемлекеттің басты заңы. Конституция – барлық ағымдағы заңнаманың негізі болып есептеледі.

Заң – заңнамалық биліктің жоғарғы органы қабылдаған нормативтік акт. Бұл құқықтың негізгі дерек көзі, жоғары заңдық күші бар. Заңдар өзінің тақырыптық – мазмұндық белгілері бойына ажыратылады.

Жарлық – мемлекеттік басшылықтың нормативтік акті. Президент конституция мен заңдар негізінде жарлықтар мен шешімдер шығарады.

Қаулы – орындауы биліктің жоғары органдары еңгізген нормативтік құжат.

Экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени даму, қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы мемлекеттік бағдарлама жоғары сипатқа ие нормативтік құжат болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет