«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет68/126
Дата12.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#63703
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126
Өндірістік басылым.

Өндірістік басылым өндіріс саласы мен басқа да салалар сферасына қолдануға бағытталған.

Өндірістік басылымның мақсатты қызметі – барлық практикалық қызмет сферасын ақпаратпен қамту.

Өндірістік басылым нақты оқырманға арналған. Олардың әрқайсысы мамандардың нақты категориясына арналған. Оқырмандар кәсіби дайындық деңгейі бойынша бөлінеді: а) орташа деңгей мамандары (технологтар, медбикелер) б) жоғары білімді мамандар, в) көпшілік мамандық иелері.

Өндірістік басылымда табиғат пен қоғамды қайта жаңғыртуға қажетті ақпараттар болады. Бұл басылым түрі тақырыбы сұрақтармен шектеледі. Қарастырылып отырған басылым түрі ұсыныс сипатында болады.

Материалды қамту деңгейі бойынша өндірістік басылымдаркелесі басылымдарға бөлінеді.

1) мамандығы бойынша;

2) бөлек бағыт немесе кәсіби қызмет тақырыбы бойынша

Ғылыми – өндірістік басылым теоретикалық немесе эксперименттік зерттеулер нәтижелерінен тұрады, сонымен қатар оларды практикаға ендіру бойынша нақты ұсыныстар беріледі.

Ғылыми – өндірістік басылымның түрлері; монография, мақала жинақтары, практикалық конференция материалдары.

Өндірістік монография – ғылыми мәні бар материалдардан тұратын басылым. Өндіріс монографиясы құрылымы бойынша ғылыми басылымдарға ұқсас: көлемділігі, сыртқы қабы, иллюстрациялары; сызулар, кестелер, техникалық суреттері, фото суреттер.

Ғылыми-өндірістік басылымдарға, сонымен қатар мақала, баяндамалар жинақтары, практикалық конференция материалдары жатады.

Өндірістік – практикалық басылымға технология, техника және өндірісті ұйымдастыру бойынша мәліметтер кіреді. Ол кәсіби дәрежесін көтеруге, кәсіби еңбекті жетілдіруге арналған. Бұл міндеттер негізінде үш түрлі жолмен шешіледі: 1) тәжірибені тарату; 2)ғылыми жетістіктер туралы хабарлама жасау; 3) еңбектің оңтайлы тұстарын сипаттау. Мұндай материалдағы басылымдар көп тиражбен шығарылады.

Материалды қамту теңдігі бойынша өндірістік – практикалық басылым келесі басылым топтарына бөлінеді.



  1. Өндіріс технологиясы

  2. Өндіріс экономикасы;

  3. Құрал-жабдық;

  4. Еңбекті қорғау және қауыпсіздік техникасы;

  5. Тәжірибемен алмасу.

Өндірістік-практикалық басылымдарға : төлқұжат, практиаклық құрал, практикалық жетекшілік кіреді.

Төлқұжат – құрал–жабдық туралы мәліметтен тұратын өндірістік практикалық басылым.

Практикалық құрал- қызметкерлердің білімді игеруі, қандай да болмасын бір жұмысты орындауға бағытталған басылым.Ол оқу құралдары мен оқулықтарға ұқсас келеді, нақты, қысқа да нұсқа тараулардан тұрады. Бұл мамандарға арналған құралдың негізгі түрі.

Практикалық жетекшілік – қандай да болмасын бір жұмыс немесе мамандықтың тәсілдері мен дағдыларын өз бетімен үйренуге қолайлы басылым.Ол мамандардың біліктілігін арттыруға қвзмет етеді.Мүндай теоретикалық кіріспе болмайды, мәтін қысқа параграфтардан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет