«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет92/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   148
Дәріс 22

Тақырыбы: Жарияланбаған құжат.

Дәрістің мақсаты: Жарияланбаған құжатқа мінездеме беру

Дәрістің мазмұны: Ақпарат ұсынылу дәрежесіне байланысты құжаттар жарияланған және жарияланбаған болып жіктеледі. «Жарияланбаған құжат» түсінігі «жарияланған құжат», «публикация» түсінігіне қайшы келеді.

1960 жылдары пайда болған «жарияланған» термині, содан соң пайда болған «жарияланбаған құжат» толық анықтамасын алған жоқ. Осы терминнің мазмұнын дәлірек ашатын анықтамаға сай жарияланған - бұл редакциялық-баспалық өңдеуден өтіп, тиражы және шығу мәліметтері бар, кең көлемді және бірнеше қайтара қолдануға арналған құжат.

Жарияланбаған құжаттар кең көлемді таралымға есептелмеген, мекеме, ұйым, кәсіпорын, жеке тұлға жұмысы барысында жасалып, олардың қызметінің нәтижесінің көрінісін сипаттайды.

Жарияланбаған құжаттар қолжазба немесе шағын тиражбен аз көлемде таралады. Оларға ҒЗЖ туралы есептер, диссертациялар (ғылыми баяндама түрінде жарияланғандарынан басқасы), алгоритмдер мен бағдарламалардың сипаттамасы, жобалар мен сметалар, рационализаторлық ұсыныстар, өнімге жарияланбаған сұраныстар, аударма қолжазбалары жатады.

Жарияланбайтындар шеңберінде басылмайтын құжат ерекшеленеді. Ол тікелей басқару шешімдерін орындау немесе қабылдау үшін қажет бір реттік қолдануға арналған, бастапқы шығыс мәліметтерінен, көрсеткіштерден, параметрлерден тұрады. Оған әкімшілік-шаруашылық, ұйымдастырушылық-бөлушілік, бухгалтерлік, технологиялық, жабдықтаушылық құжаттарды жатқызады. Жарияланбаған құжаттар жаңа жалпылаушы құжат жасауға негіз болады.

Жарияланбаған құжаттар машинажазба құралдарымен немесе ДЭЕМ принтерімен басылып, рәсімделеді, ақпарат органдарымен кітапханаларда ақпараттық басылымдар мен осы органдардың мәліметтер базасында көрініс табуы үшін тіркеледі.

Жарияланбаған құжаттар тарихы кезеңде жарияланатын құжаттарға қарағанда ертерек шықты. Қазіргі уақытта зерттеу үрдісінде алынған деректердің тек 20% ғана басылады. Сондықтан жарияланбаған құжаттар жарияланғандарға қарағанда 4 есе көп. Жыл сайын пайда болатын жарияланбаған құжат атауларының жалпы саны жарияланғандардан басым келеді. Ал өзектілігі, жаңашылдығы, маңыздылығы, айрықшалығы, жеделділігі және өзге де ақпараттық сапасына қарай жарияланғандарға қарағанда әлдеқайда алда.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет