Жазу және құжаттау
Спектакльді талдау үшін жазу екі фактордың арқасында мүмкін болды:
• технологиялық, яғни бейнежазудың қолжетімді технологиясының пайда болуы. Бейнежазба
көптеген бөлшектерді жазады, оны жазу үшін зерттеушіге спектакльді бірнеше рет қайыра көруі
керек еді. Алайда спектакльдердің бейнежазбасында кемшіліктер де бар: камералар спектакльді
белгілі бір ракурстардан түсіреді, теледидардан көрсету үшін түсірілген материал ірі пландар
қосылып құрастырылады, бұл спектакльдің қабылдануын өзгертеді.
• академиялық, яғни 1970-ші жылдары бейнетехнологиялардың дамуы театр семиотикасының
гүлденуімен қатар келді. Белгілердің мәндерін қалай құратынын зерттей отырып, семиотика
қойылымды бейнеге жазуға болатын өзгермейтін «мәтін» ретінде қарастырады.
Бейненің қол жетімділігіне қарамастан, спектакльдің жазбаша жазбасы өзекті болып қалады.
Спектакльдің ең толық «конспектісі» екі-үш көрсетілімнен кейін шығады.
Талдау құралдары
Әдетте спектакльді талдау екі түрлі негіздің көмегімен құрылады:
• спектакльдің жазбаша экспликациясы. Егер әңгіме пьесаны қою туралы болса, онда мәтінді
жеткізуде режиссер интерпретациясын анықтайтын негізгі көркемдік құралдар мизансценалар,
жарық партитурасының ерекшеліктерін және сценографиялық тәсілдерді жазып қалдыру маңызды.
• бейнежазба. Мұнда спектакльдің жазбаша жазылуына қойылатын өлшемдер қолданылады.
Спектакльдің бейнежазбаларын ғана емес, рецензиялары мен спектакльдің фотосуреттерін да
пайдалану маңызды.
Басқа дереккөздер спектакльді талдау үшін де қолданылуы мүмкін. Бұл дереккөздерді қойылымға және
қабылдауға қатысы деп екі топқа бөлуге болады.
Қойылымды талдау үшін қолданылатындары:
• пьесаның режиссерлік данасы,
• бағдарламалар, БАҚ арналған PR-материалдар
• шығармашылық ұжым мүшелерімен сұхбат,
• декорациялар мен костюмдердің эскиздері,
• дайындық барысын бақылау.
Кітап:
Дәріс:
Театртануға кіріспе
Спектакльді талдау
4
Қабылдау бойынша:
• спектакльдің жазбаша жазбалары,
• театр рецензиялары,
• фотосуреттер,
• бейнежазбалар,
• сауалнама.
Кесте көрсетіп отырғандай, қолданылып отырған дереккөздер спектакльді талдаудың Эрик Фишер-
Лихте атап өткен театр тарихнамасына жақындап келеді.
Кейбір дереккөздерге өзгелерден артықшылық берілуі спектакльді зерттеуші ұсынатын гипотезамен
анықталады.
Дайындық барысын бақылаудың құндылығы сонда, қойылым ұжымының мүшесі (мысалы, режиссер)
зерттеушіге айналуы мүмкін.
1980-ші жылдардың соңында театртанушылар студенттерге спектакльді көргеннен кейінгі әсерді
құрылымдауға көмектесу үшін сауалнама құрастыра бастады. Енді назарларыңызға Патрис Пави
сауалнамасының қысқартылған нұсқасы ұсынамыз.
Спектакльді талдауға арналған сауалнама
1) қойылымның жалпы сипаттамасы, мұнда:
а) спектакльдің біртұтас элементтерін не біріктіреді (спектакль құрылымы арасындағы қатынастар
қандай)?
б) мәтін мен қойылым қандай қарым-қатынаста болады – бір-біріне сәйкес келеді немесе қайшы
келеді?
в) сіз басты эстетикалық ұстанымдарды анықтай аласыз ба?
г) бұл спектакльде сізді не қызықтырады? Қандай сәттер күшті, әлсіз, іш пысырарлық?
2) Сценография
а) көрермендер мен орындаушылық кеңістік арасындағы қарым-қатынас
б) түс, форма, материалдар және олардың коннотациялары
в) кеңістікті құрылымдау/ұйымдастыру ұстанымдары
г) сахналық кеңістіктің драмалық функциясы және оны толтыру
д) сахнадағы қарым-қатынас
е) пайдаланылған кеңістік пен драма мәтінінің қиял дүниесі арасындағы байланысы
ж) көрсетілген және жасырылғанның арасындағы қарым-қатынас
з) спектакльде сценография қалай дамиды? Оның трансформациясына не сәйкес келеді?
3) Жарық: табиғат, кеңістік пен актерлер арасындағы өзара байланыс
4) заттар: табиғат, функция, кеңістік пен денеге қатынасы
5) костюмдер, грим, маскалар: функциясы, жүйесі, денеге қатынасы
6) актерлік ойын
а) актерлердің сыртқы келбетін сипаттау (қозғалыс, бет өрнегі, сыртқы өзгерісі)
б) рольді құру: актер / роль қарым-қатынасы
в) дауыс: ерекшеліктері, берген әсері, дикция
г) орындаушының мәртебесі: өткені және қазіргі кәсіби беделі
7) музыка, шу, тыныштық функциялары.
8) спектакль ырғағы
а) түрлі белгі жүйелерінің ырғағы (диалог, жарық, қимыл жүйесі)
б) қойылымның жалпы ырғағы (тұрақты немесе өзгеретін, мизансценалармен өзара байланысы)
9) қойылымдағы сюжетті оқу
а) қандай әңгімені баяндайды? Оны қысқаша баяндаңыз. Қойылым сол тарихты, мәтінді баяндай ма?
б) драматургиялық таңдау қандай? Оқу байланыстылығы немесе сәйкессіздігі?
в) оқиғадағы түсініксіздік қандай және олар қойылымда қалай түсіндірілген?
г) қойылымдағы драмалық мәтіннің жанры қандай?
10) спектакльдегі мәтін
а) қойылымға нұсқаны таңдау: өзгерістер қандай? Кімнің аудармасын пайдаланды?
б) қойылымдағы драмалық мәтіннің ролі қандай?
11) көрермен
5
Кітап:
Дәріс:
Театртануға кіріспе
Спектакльді талдау
а) қандай театрлық институция шеңберінде қойылым өтті?
б) осы қойылымнан не күттіңіз (мәтін, режиссер, актерлер)?
в) халықтың қабылдау қандай болды?
12) спектакльді қалай жазу және есте сақтау керек.
а) жазуға не көнбейді?
б) сіз қандай бейнелерді есте сақтадыңыз?
13) белгілердің тілі мен олардың мәндеріне нені аударуға болмайды (семиотика тұрғысынан қарастыру)?
Бұл сауалнаманың құрылымы спектакльдің эстетикалық қабылдауының жалпы барысын көрсетеді –
жалпыдан (режиссерлік тұжырымдамадан) жекеге өту.
Достарыңызбен бөлісу: |