Тәбетке әсер ететін дәрілер



бет1/6
Дата09.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#110359
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
26d64433-a4c5-4c8d-a7e1-f5d549648331


Ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер

Әнес Ақтөре Талғатұлы

Асқазан –ішек жолдарының аурулары қазіргі кезде, әсіресе, балалар арасында өте көп тараған. Ол асқазан – ішек жолдарының иннервациясы, бездерінің секрециясы мен толқи жиырылу қызметінің бұзылуы нәтижесінде байқалады.

1. Тәбетке әсер ететін дәрілер

2. Сілекей бездерінің функциясына әсер ететін дәрілер

3. Құстыратын және құсуға қарсы әсер ететін дәрілер

4. Асқазан безі қызметі бұзылуында қолданатын дәрілер

а) Асқазан бездерінің секрециясын күшейтетін дәрілер

Орын басу терапиясы үшін қолданылатын дәрілер.

б) Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін дәрілер

в)Антацидті дәрілер

г) Гастропротекторлар

5. Асқазан моторикасына әсер ететін дәрілер

6. Өт айдайтын дәрілер

7. Гепатопротекторлар

8. Өт тасының еруіне әсер ететін дәрілер (Холелитолитиктер)

9. Ұйқы безінің экскреторлы функциясы бұзылғанда қолданылатын дәрілер

10. Ішек моторикасына әсер ететін дәрілер

а) Іш жүргізетін дәрілер

б) Антидиареялық дәрілер





1. Тәбетке әсер ететін дәрілер

Тәбетті

жоғарылататын дәрілер

Тәбетті төмендететін дәрілер

Ащылар – ащы дәмі бар өсімдіктен алынған заттар. Механизмі: Бұлар дәм сезу рецепторларын қоздырып, ашығу орталығын рефлекторлы қоздырып, асқазан сөлінің бөлінуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартып, тәбет ашады. Ащылар ащы жусан шөбі мен жапырағының, үш жапырақты вахта жапырағының, батбақты иір тамырсабағының, толғақшөптің, бақбақ тамырының, жолжелкен жапырағының құрамында болады. Қолданылуы:

Астан 20-30 минут бұрын, гипоацидті және анацидті гастритте, созылмалы атрофиялық гастритте және т.б тағайындайды.


  • Tinctura Absinthii – ащы жусан тұндырмасы: 25 мл флаконда шығарылады. Астан 20-30 минут бұрын 10-20 тамшыдан қабылданады. Оның құрамында абсинтин гликозиді, сонымен бірге құрамында терпен мен камфора, изомерлі абсентолы мен эфир майы бар.
  • Жусан тұндырмасы - рефлекторлы арқылы ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп, ашығу орталығына әсер етеді. Сөйтіп, сөл бөлінудің бірінші кезеңін күшейеді.

Тәбетті төмендететін дәрілер (анорексигенді дәрілер). алиментарлық семіруді емдеуде кең қолданады.

Жіктелуі:

а) норадреналиннің қайта ұсталуын тежейтін пр-р: фепранон, дезопимон, мазиндол

б) норадреналиннің және серотониннің қайта ұсталуын тежейтін пр-р: сибутрамин

  • Әсер ету механизмі: гипоталамустағы тою орталығын қуаттандырып, тәбетті және ашығу сезімін төмендетеді.
  • Қолданылуы:
  • алиментарлы семіздік
  • гормонды бұзылыстардан болған семіздік
  • Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы, іш қату немесе іш өту артериялық қан қысымының көтерілуі, ұзақ қолданғанда үйренгіштік және дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.
  • Қарама қарсы көрсеткіштері: Жүктілік, артериялық гипертензия, ми мен коронарлы қан айналымының бұзылуы, психикалық аурулар, психоз, бауыр мен бүйрек аурулары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет