Тегісшілдік селолық округі әкімінің 2014 жылғы есебі



Дата08.06.2018
өлшемі67 Kb.
#41623
Тегісшілдік селолық округі әкімінің

2014 жылғы

есебі.

15.12.2014 жыл

Тегісшілдік селолық округі әкімінің 2014 жылғы

есебі.

Тегісшілдік селолық округы бойынша 3 елді мекен, 16 қыстақ бар.

Бұл елді мекендерде 2 орта мектеп, 2 ФАП, 1 мәдениет үйі, 2 пошта , 1 отбасылық амбулатория , 4 каналды телеқондырғы мен Қазақтелеком, Актив және Билайн үя лы телефондарының байланыс жүйесі жұмыс жасайды. Интернет жүйесі қалыпты жұмыс істеуде. Ауыл халқының 70 % үйлеріне, ОТАУ ТВ орнатылды.

Халық саны: – 1191 адам тұрады.

«Қазақстан 2050» бағдарламасында көрсетілген «Басты міндет кедейшіліктің өсуіне жол бермеу». Округ бойынша аз қамтылғандар саны 2014 жылы 1 жанұя 5 бала. Малы жоқ отбасы - 12. Жұмысқа орналастыру бойынша 2014 жылы 1 адам әкімдікке, 2 адам №6 орта мектепке, 2 адам мәдениет үйіне жұмысқа қабылданды.

1.2014 жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша көше жарықтандыруға 1 267 000 теңге игеріліп, Тоқтар ауылы орталығына ток мөлшерін аз тартатын 7 шам, Жарлы ауылына 3 шам орнатылды. Қосымша Тоқтар ауылының орталық көшесіндегі бағаналарға ток мөлшерін аз тартатын 6 шам жаңадан орнатылды.

Қарынши ауылының көктемде су шайып кеткен көпірі аудандық «Тазалық» мекемесімен толықтай жөнделді.

Ауыл әкімінің есептік кездесуінде Жарлы ауылының тұрғындарының сұранысы орай, №9 орта мектеп алдынан автокөлік жылдамдығын азайту белгісі орнатылды. Осыған демеушілік жасаған осы мектеп түлегі кәсіпкер Жүнісов Болат.

2. «Қазақстан 2050» жаңа бағытын ескере отырып ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу бағытында: жастардың терең білім алып орта мектепті толық аяқтап шығуына, мамандықты дұрыс таңдау оның ішінде ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауын үгіт – насихат, тәрбие жұмыстарын жүргізуде, оқушыларға сапалы біліммен тәрбие беруде, №6 орта мектеп пен №9 орта мектеп ұжымының атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай.

2014-2015 оқу жылында №6 орта мектепке 130 оқушы қабылданды. 11-сынып бар. Шағын орталықта ұзақ күн тобында 30 бала тәрбиеленуде. Мектепте 31 мұғалім, 3 тәрбиеші жұмыс істейді.Кембридж бағдарламасымен 3 деңгейде – 1 мұғалім, 2 деңгейде - 2 мұғалім озып келді, 2 мұғалім оқып жүр, 1 деңгейде – 1 мұғалім оқып жүр.ҰБТ- да орташа балл 78,7 болып аудан, облыс, Республика көрсеткішінен жоғары болды.



2014 жылы тапсырылған ҰБТ қортындысы бойынша №6 орта мектеп түлегі Көшкінбай Дәрия ең жоғарғы 114 балл алып, «Алтын белгіге» бітіріп шықты. Қазіргі кезде «Евразия» Ұлттық Университетінде оқиды. Биылғы оқу жылында 1 оқушымыз Тоғжан Рымжан «Алтын белгіге» үміткер. 2014 жылғы оқу жылында денешынықтыру пәні мұғалімі Мұқтаров Қанат Маратович аудан әкімінің байқауына қатысып «Жаңашыл педагог» номинациясын жеңіп алды және шәкірттері Қауымбек Дидар, Марат Заңғар республикалық, облыстық қазақша күрес пен дзюдо күрестерінен жүлделі орындардан көрінуде. Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Жекенова Б.О-ның педагогикалық қызметі туралы республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетіне жарияланды. №6 орта мектеп оқушылары аймақтық, аудандық ғылыми жобалар қорғауға қатысып 1,2,3, орындарды иеленді.

№9 орта мектепте 19 мұғалім сапа 57%,оқушы саны 65 оқушы, шағын орталықта 15 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2013-2014 оқу жылы 7- мұғалім аудандық интернет олимпиадасынан, 2 – мұғалім аймақтық педагогикалық оқуларға, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Искакова Гаухар Сайлаубекқызы «Ағылшын тілі мектепте, колледж де және жоғарғы оқу орнында» атты ашық сабақ материалы Республикалық журналда жарияланды. 2013-2014 оқу жылы №9 орта мектептен 20 оқушы әр түрлі байқау сайыстарға қатысып алғыс хат, сертификат пен жүлделі орындар иеленді.Осы мектептен негізгі мектеп курсы бойынша 9 сыныпта өте жақсы бітіріп, мектепте 11 сынып болмағандықтан, Бейсембекова Әйгерім Манатқызы Қарағанды қаласындағы №7 «Дарын» мектеп интернатынан алтын белгіге бітірді.

3. Мәдениет және денсаулық саласы ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мәдени шаралар іс-жоспар бойынша өз деңгейінде өтіп тұрады. Биылғы жылы кітапханашыларда жақсы жұмыс жасап, 605 оқырманы бар, кітап қоры 24 мың Ермекова Гульмира, ауданнан «Ауылдың үздік кітапханашысы» жүлдесін жеңіп алды.

4. Округтегі елді мекендерде тазалық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, « Таза бейсенбі» күндері мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындарының көпшілігі қатыстырылып ұйымдастырылуда.

2014 жылы жылдағы үрдіс жалғасын тауып 50 түп ағаш №6 орта мектеп және ескерткіш маңына отырғызылды.

5. Таза су тарту бойынша ауылдағы судың деңгейін зерттеу жұмыстарын ЖШС «Ценргеолсъемка» биылғы жылы тексеру жүргізіп дұрыс нәтиже берді, алдағы жылдары таза су бағдарламасы жүргізіледі.

6. Округ бойынша 2 пошта қызметкерлері жұмыс жасап 2014 жылғы басылым бойынша: Қарқаралы -200-200, Орталық Қазақстан -40-40, Индустриальная Караганда- 2-2, Егемен Қазақстан-30-30, Казахстанская правда- 1-1, Айқын -1-3, Қазақстан әйелдері -1-3, Қасым -15-15 жоспар артығымен орындалды.

7. Ауылшаруашылық саласы бойынша. Мал басы саны 2013-2014 жылмен салыстырғанда:






Ірі қара

анал

қой

анал

ешкі

анал

жылқы

анал

тауық

2013ж

3757

1439

13036

6499

4198

2253

2756

1054

178

2014ж

4247

1687

12544

6353

3729

1915

3060

1125

247




+490

+248

-492

-146

-469

-338

+304

+710

+139%

Бірдейлендіру жұмыстары бойынша ірі қара – 1150 бас, оның ішінде – 921 бас бұзау 100%. Қой – 6140 бас 100%, жылқы – 550 чип, 550 орындалды – 100 % және 100 таңба салынды. Серологиялық зерттеу (қан алу) ірі қара – 100%, оның ішінде – 27 бас оң нәтиже бруцеллез толығымен қайта өңдеу цехтарына сойылып тапсырылды. Қой-ешкі – 100% таза, егу жұмыстары – 100%. 2014 жылы күннің райына қарамастан егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 1510 га егістік алқапты орып, орташа түсім 9,1 цн, 1375 тн астық жиналды.

Биылғы жылы 18100 гектар шабындық шабылып, 7320 тонна шөп жиналып, меже 100 % орындалды.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағытында биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алған шаруа қожалықтары «Қаратал» ш/қ басшысы Мусин Ерсин 80 ақ бас тұқымды ірі қара малын, «Бірлік» ш/қ 44 бас ірі қара малдарын алды.

2014 жылы аулшаруашылық техникалар базасын жаңартуда Қарынши ш/қ – 1 дана МТЗ 12,21 және 1 дана тұқым тазалағыш, 1 дана шөп шабатын, Құтмекен ш/қ 1 дана МТЗ 82 тракторын және Шоқпартас ш/қ 1 дана Т-25 тракторын, Рамадан ш/қ 1 дана МТЗ 82 тракторын сатып алды

Шоқпартас шаруа қожалығы «Сүт бағыты бойынша ешкі шаруашылығын ашу» жобасын «Сарыарқа» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпарациясының несиелік комитетінде қаралып, шешімін алды. Биылғы жылы Ресейден сүт бағытындағы 49 бас асыл тұқымды ешкі әкелініп өсірілуде.

«Қазақстан 2050» бағдарламасының алтыншы міндетінде қаралған фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамытуды» жүзеге асыру бағытында: 2014 жылы Рамадан ш/қ 2 бас әулиекөл бұқасын, Шортанды ш/қ 2 бас абердин ангус асыл тұқымды бұқасын, Қапан ш/қ 2 бас қазақтың ақ бас бұқасын алып ірі қара малдарын асылдандыруда. «Шебер» ш/қ басшысы Абдрахманов Сакеннің 15 семья бал арасымен, 220 дана бөдене өсіру шаруашылығы жұмыс жасауда. Бөдене жұмыртқасы мен ара балы ауыл және аудан тұрғындарына ұсынылып, емдік қасиеті халыққа түсіндірілуде, қазіргі кезде тұрғындардан сұраныс молынан түсуде. Болашақта Абдрахманов Сакеннің бұл шаруашылықтарды әрі қарай дамыту жоспарын да.

Шағын және орта бизнес саласында біршама жұмыстар атқарылды.

2014 жылы 53 ш/қ, 18 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда. 3 ш/қ ашылды олар: «Қаратал» ш/қ басшысы Мусин Е, «Рауан» ш/қ Блялов Е, «Нұрбек» ш/қ басшысы Аужанов М.

Қарқаралы қаласының 190 жылдық мерейтойы ауданымызда ойдағыдай өтіп ауылымыздың барлық шаруа қожалықтары, мекеме қызметкерлері атсалысып, Қарынши ш/қ басшысы Кыдыралин Кайырбек ақындар айтысының 1 орын жүлдесіне автокөлік сыйға тартты, жалпылама тойға округтың атынан 3 киіз үй, 1 палатка тігіліп той өз мәнісінде өтті.

Діни қарым қатынас мәселелерін бір сәтте назардан тыс қалдырмай үнемі бақылауда. Ауылымыздың наиб имамы Сапаров Айткен және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Киргизалин Ашим біздің елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін дәстүрлі дінінен ауытқымауын қадағалауда жұмыс жүргізуде. Учаскелік полиция инспекторлары мал ұрлығын, бөтен мүлік ұрлығын алдын-алу мақсатында халықпен кездесіп, профилактикалық әңгіме жүргізіліп отырады. Учаскелік полиция инспекторлары сағ 09-00 ден 23-00 ге дейін қызмет атқарады. Олармен қоса жергілікті тұрғындар полициялық қоғамдық көмекшісі ретінде, түнімен жұмыс жасап ат салысуда. Әр жұманың бейсенбі – жексенбі аралығында сағ 21-00 ден 07-00 ге дейін учаскелік полиция инспекторлары Тегісшілдік-Көктас-Матақ ауылдары жол қауіпсіздігін, мал ұрлығын алдын алу мақсатында жұмыс атқаруда.

2014 жылы Бағлан қыстағының 10 бас жылқысын Бесоба ауылының Қызылту бөлімшесінен учаскелік полиция инспекторларының бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде мал иесіне хабарланып табысталды.

Қысқы уақыттарда көше жолдарын тазалауға 250 мың теңге қаражат сұралып аудандық «Тазалық» мекемесімен келісім шарт жасауға жұмыс жасалуда.



2015 жылы істелетін жұмыстар.

1. 2015 жылға Республикалық бюджеттен 1 208 000 т қаражатқа сұраныс берілді. Осы қаражатқа балалар алаңын салу жоспарда.

2. Білім беруде «Қазақстан – 2050» жаңа бағытын ескере отырып «Әлемде бәсекеге қабілетті тұлға» дайындауда орта мектепте оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізу.

№6 орта мектеп пен №9 орта мектеп үйінің терезелерімен есіктерін жаңартып, №6 орта мектептің 1-ші және 2-ші қабатының шатырларын айырбастауға аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөліміне сұраныс берілді.

3. ОДА мамандарын сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерін көрсетуін қамтамасыз ету.

4. Тоқтар ауылының мәдениет үйінің шатырын айырбастауға аудандық мәдениет бөліміне сметасы жасалып ұсынылды. Сонымен қатар музыкалық аппаратура қажеттілігі туындауда.

5. Тоқтар ауылы орталығынан «Нұрбек» ш/қ басшысы Аужанов Мартбектің мал сою алаңын ашу - 2015 жылдың тамыз айы

6. Қаратал ш/қ басшысы Мусин Е сүт сауу фермасын құру - 2015 жылдың шілдесінде.

7. «Сарарқа» шаруа қожалық басшысы З.Қыстаубаевтың бастамасымен Жарлы ауылынан 200 орыннан тұратын тойхана құрылысын аяқтап ашу - 2015 жылдың тамыз айы

8. Рауан ш/қ басшысы Блялов Ержан «Сыбаға» бағдарламасымен ірі қара мал алуға жұмыс жасау - 2015 жыл.

9. «Қарынши», «Рамадан» ш/қ-на егістік жерді ұлғайтуға байланысты, қосымша егістік жер берілуін қарастыру.

Жұмыс істемей тұрған шаруа қожалық жерлерін қайтарту. «Қазақстан – 2050» бағдарламасында «Жұмыс берушілер жұмысқа белсене тартып, оларды еңбек ақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажет» деп көрсетілгендей шаруа қожалықтары мен шағын кәсіпкерліктегі жұмыскерлердің еңбекақысын алуын, зейнеткерлік жарнасын әр ай сайын аударылуын еңбек өтілімін үнемі қадағалау.

10. Тегісшілдік-Көктас ауылы асфальт жолын күрделі жөндеуге қаржы сұрастыру.

11. Ауыл тұрғындарының қаражаты есебінен 700 тн тұрмыстық қалдықтарды тазалау, 50 түп ағаш отырғызу.

12. «Қазақстан 2050» бағдарламасмен «Жергілікті бизнес бастамаларды көтермелеу» мақсатында наубайхана ашу жағын қарастыру, Жеке кәсіпкер Амирова Умиттің автокөлік істейтін кешен ашуға электр желісіне қосуға көмек сұрау.

13. «Қазақстан 2050» бағдарламасында «Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту» мақсатында іс-шаралар қабылдау. «Тоқтар» атындағы шағын спорт ғимаратын мектеп меншігіне өткізіп жұмысын жандандыру.

14. Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар орталығы, қоғамдық тәртіп, мәдени-көпшілік шараларды өткізуде әкімдіктен, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру. Қоғамдық тәртіпті бақылау, мал ұрлығын болдырмау, ауыл тұрғындарымен учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп түнгі кезекшіліктер құру.

15. Дін туралы, діни экстремизмді болдырмау мақсатында ауыл әкімшілігі, мектеп ұжымы, мешіт алқасы мүшелерімен бірігіп жұмыс жасау.



17. Әкімдік ғимаратын күрделі жөндеуге қаржы қарастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілген міндеттерді орындауда халыққа насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу.

Тегісшілдік с/о әкімі: Ж.О.Гимадиев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет