«Техника және білім ғылым философиясын қарастыратын мәселесі ретінде»



Дата18.02.2020
өлшемі27,03 Kb.
#58290
Байланысты:
6тақырып философия

«Техника және білім – ғылым философиясын қарастыратын мәселесі ретінде»

Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес.

Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.

Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады.

Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын қарастыруға болады. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданылды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрліқұралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдар бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен  көрінеді.

Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекетінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология»  ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады.

Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.

Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.

Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.

Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар,  2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я болмаса  техно — оптимистік көзқарас дейміз.

Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау.

Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді:

1) техника тарихын және оның мәдениетпен қарым – қатынасын зерттеу;

2) қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау;

3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу;

4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлемнен техникалық әлемнің бөлуінуін қарастыру;

5) басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзара қарым – қатынасын зерттеу.

Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.

Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.

Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес, жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады, бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.

Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай келеді.

Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді, еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару, ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді автоматтандандырылуына жол ашты.

Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философиясы — дүниетанымдық базасы диалектикалық-логикалық тұжырымдама болып табылады.

Сонымен қорытындылай келе ХХ ғасыр талабына сай білім беру жүйесі әрдайым өзгерісте болуы керек. Бүгінгі   тандағы   білім  үлесінің (ақпараттың) қоғамның қай саласында болмасын    дәрежесі күрт  өсуде. Еліміздің алға қойған негізгі мақсаты, ғылым мен техниканы ұштастыра отырып, жастарымызға сапалы білім беру болып отыр. Сонда ғана біз артта қалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. Неше түрлі тестілерді де оқу барысында қолдану қажет. Бірақ қай елде болмасын, тек қана мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол — Ұстаздың оқу барысындағы шешуші рөлі, өйткені білім беру жүйесінде адам заманның талабына сай тұлғаға айналуы қажет. Бірде-бір техникалық құрал Ұстаздың орнын ауыстыра алмайды. Ол — білім беру жүйесінің арқауы. Олай   болса,   қоғам   өміріндегі   оның   мәртебесін   көтеру,   оның материалдық ахуалын жаксарту арқылы білім беру жүйесін шынайы дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының шығармашылық потенциалы жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай болса, бұл саладағы саясат осы мүмкіндіктерді шындыққа  айналдыруға  бағытталуы керек.

Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты -адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, кайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұлсырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, «Дүние жөнінде ғылыми сурет» жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын «дүниесурет» те өзгеріске түседі.

Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (корғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны - Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, XVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.

Енді мұндай өзгерістердің себебі неде деген сұрақ қойсақ, оған ғылыми әдебиеттен әртүрлі жауап аламыз. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талдаған неміс философы К.Ясперс оның түптамырын христиан дінінің адамға беретін рухани бағытынан көреді (Библия эпосы адамнан, - ол қандай зардаптан өтсе де, - ақиқатқа жетуді талап етеді). Екіншіден, «Дүниені Құдай жаратқаннан» кейін, М.Лютер айтқандай, «Құдайдың ісін биттің ішінен-ақ көруге болады», осы себепті, таным дегеніміз Қүдай ойының ізімен жүру болса керек. Үшіншіден, бұл Дүние зардап пен қайғыға толы болғаннан кейін, Қүдайды ақтау жолында солардың түп-тамырын зерттеп, олармен күресе білу қажеттігі.

Әрине, бұл көрсетілген рухани себептердің өз орны бар. Бірақ, біздің ойымызша, К.Ясперс христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - Құдай адамды өзіне ұқсатып осы жаратылған дүниенің әміршісі қылып жаратты деген қағидасына мән бермегендей. Ал, шынына келгенде, осы қағида ғылымның христиан әлемінде тез қарқынмен дамуына зор әсерін тигізсе керек. Дүниенің ішкі сырын ашып, оны өз пайдасына жаратып, ақырында сол Табиғатты өз еркіне көндіру - талай ғасырлар бойы жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы бағыт болды десек ақиқаттан алшақ болмайтын сияқтымыз. Өйткені біршама Батыс ойшылдарының өзі-ақ бүгінгі таңдағы Еуро-Атлантикалық цивилизацияның терең дағдарысын осы себептен көруде. Бірақ бұл мәселенін әлеуметтік-экономикалық жағы тағы да бар. Ол Еуропа топырағына Қайта өрлеу заманының келуімен тығыз байланысты (ХУ-ХҮІ ғғ.). Осы кезде Италияда теніз саудасы мен балық аулау, мата тоқу т.с.с. кәсіптердің дамуы арқасында біршама шаруалар өз кожайындарынан жеке бас бостандығын сатып алып, «жаңа байларға» айналып, шеберханаларында өз еркімен келіп, жалданып істейтін еңбек күшін пайдаланады. Сонымен капиталистік экономикалық қатынастардың негізі пайда болып, тез қарқынмен дами бастайды. Соңында болған буржуа-зиялық-демократиялық революциялар барлық адамдарға бас бостандығын әкеліп, бүкіл халықты заң жүзінде теңейді. Жаңа қалыптаскан жағдайда әр адам: «Мен не істеп өз жағдайымды дұрыстай аламын, қалай отбасымды асыраймын», — деген ойға келіп, ізденіске кіріседі. Осы миллиондаған адамдар белсенділігінің аркасында капитализм өндіргіш күштерді орасан зор қаркынмен дамытады. Ал ол үшін Табиғатқа бет бұрып, оның заңдылықтарын ашу арқылы ғана жаңа құрал-жабдықтар, технологиялар жасау мүмкін еді. Міне, біздің ойымызша, ғылымның ерекше салаға айналып, дамуының негізінде жатқан негізгі себеп осы болса керек. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген рухани себептерді де ескеру қажет.

Қорыта келе, ғылым мен техниканың даму сатыларын былайша көрсетуге болады:

1. ғылымға дейінгі саты (көне заманнан XV ғ. дейін)

2. қазіргі ғылымның қалыптаса бастауы (XVI - XIX ғ. 70 жж.)

3. классикалық ғылым мен техника сатысы (XIX ғ. 70 жж. бастап XX ғ. ортасына дейін)

4. XX ғ. ортасынан бастап, осы күнге дейін (постклассикалық саты).

Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сиякты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника»деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдардыайтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау аркылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жоқ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру аркылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек кызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі ондай жетілген болмаса да, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді. Мысалы, адамның колын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалыкты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады.

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияғабелгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді,олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібінайтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. Қазақстандағы кеңес заманында салынған біршама алып өндіріс кешендерінің тоқтап тұрғанының себебі де осында: ондағы ескі технологиялар дұрыс нарықта өтетін тауарларды шығаруға мүмкіндік бермейді.

Технология үғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны біз өндірісте ғана емес, коғамның басқа салаларында да қолданып жүрміз. Бүгін біз саясатта «пиар-технология», коғамдық пікірді қалыптастыру жолында «ақпараттык технология», білім беру жүйесінде «педагогикалық технологиялардың» т.с.с. неше түрлерін көріп те, естіп те жүрміз. Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік), содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат жұмсау (энергия) және шешім қабылдау мен оның іске асуын бақылау (контроль) керек. Тарихтың алғашқы сатыларында оның бәрін де адамның өзі жасады. Бірақ, жүре келе, жануарларды үйретіп, көлік ретінде пайдалана бастады. Үй салу жолында адам неше түрлі тастарды жоғарыға көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды да, соңынан оның ішкі сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады. Содан кейінгі үлкен жаңалық -адам су шығыршығын ойлап шығарып, ағыс күшін игерді, нәтижесінде су диірменіпайда болды. Бұл алғашқы технологиялық машинаныңдүниеге келуі еді. Онда қозғаушы күш, оны жеткізу, жұмыс жасау механизмдері бірге берілген. Жүре келе, ғасырлар шеңберінде олар бір-бірінен бөлініп, қозғаушы механизмдер, оны жеткізу және технологиялық машиналар пайда болады. 18-ғ. аяғында технологиялық машиналарды жасауда нағыз төңкеріс болды: жіпті иіретін, мата тоқитынмашиналар дүниеге келді. Букүшіне негізделген қозғалтқыштарпайда болып, мұның өзі алып өндірістер - фабрикалардыңдүниеге келуіне себеп болды. XX ғ. дүниеге келген электр күшіне негізделген жеке қозғалтқыштар әрбір машинаның құрамдас бөлігіне айналып, өндірісті әрі қарай дамытты.

Алайда қандай машиналар жасалса да, оларды бақылап басқаратын адам болды. Бірақ ол да XX ғ. көп ұзамайавтоматтандырылған өндіріс ошақтарыменауыстырыла басталды. Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.

Компьютерлік техникадамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдапалу, оларды бір жүйеге келтіру,түр-түрге бөлу,т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.

Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.

Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан стансалар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таңыркап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік(scientia - лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно-оптимистіккөзқарас дейміз. Алайда шың бар жерде күз да барын ескеру керек. XX ғ. 70 жж. бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып, (қоршаған ортаның бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника кұлына айналуы т.с.с.) көрсетіле бастады. Антисциен-тистік, техно-пессимистікбағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды «құмырадан шығып кеткен жынға» теңеп, «енді әрі карай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай кұрып кетеді» деген пікір айтты. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» демекші, жаңа ғана дамып келе жаткан елдер өз өндіріс кешендерін орнатып, халықтарының әл-ауқатын көтергісі келеді, Батыс ойшылдарының алаңдауын олар ескермейді.

Сонда әрі қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Кейбір кезде, мүмкін, Табиғаттың баласы болып, оған қарсы шықпай, үндесті өмір сурген біздің көшпенді бабаларымыз дұрыс істеген болар деген де сұрақ ойымызға келеді. Әрине, ол романтикалық көзкарас. Ғылым мен техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес.Сонымен қатар ғылымның жетістіктерін өмірге енгізген кезде (ол ғылымның негізгі мақсаты), ойланып-толғанып, тек бүгінгі күннің мүддесін ғана ойлап коймай, сонымен қатар алыс болашаққатигізетін оң, я болмаса теріс әсерін сараптауға салу керек. Ал ол үшін білім беру саласын тез карқынмен дамыту керек.

Біріншіден айтып кететін жайт бүгінгі таңдағы білім үлесінің (ақпараттың)коғамның қай саласында болмасын күрт өсуі. Егер білімнің еке есеге есуі адамзат тарихында 1 ғ. бастап 1750 жылға дейін созылса, келесі екі есе өсуі 1750-1900 жж., ал XX ғ. 50-ақ жылда екі есеге өсті. Ғалымдардың айтуына карағанда, бүгінгі жер бетіндегі метрлік толқындағы радиосәулелердің деңгейі Юпитер мен Сатурн сияқты планеталардан асып түсіп, тек Күннен ғана кем болып тұр, сонымен қатар ол Ғарыштан байқауға болатын дәрежеге жеткен. Сонау көне заманнан бастап ақпаратты таратудың негізгі құралы ретінде жазу колданса, ал кітап арқылы білім Орта ғасырдан бастап таратыла бастаса, XX ғ. радио, теледидар, телефон, телеграф сияқты электрлік кұралдар пайдаланылды. 70-ші жылдары компьютерлік электрондық құралдар кеңінен өмірде қолданылып, білімді тарату мен қолданудың мүмкіншіліктері көптеген есе өсті. Акпарат негізгі тұтыну тауарына айналды. Сол себепті бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек халықтың 24-26%-ы ғана істейді. Керісінше, рухани өндірістегі адамдардың саны 36-38%-ға жеткен! Өйткені өндіргіш күштер өскен сайын материалдық өндіріске керек адамдардың саны да соған сәйкес азая бермек. Ақпараттық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде бүгін бүкіл экономиканың 50%-ынын асады екен! Сонымен ақпарат ең кұнды тауарлардың қатарына кірді. Олай болса, ұлттық акпарат ресурстары сол коғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-ін сатсаңыз, сізде 500-і калады. Ал 1000 бит ақпарат сатсаңыз, оның құнын аласыз да, сонымен катар сол 1000 бит колыңызда бұрынғыдай қала береді!

Олай болса, қазіргі қоғамның негізгі капиталына адамдардың қабілеттері, табиғи дарындары, оларды дамытып, тиімді пайдалану жататыны айдан анық. Қай ел өз адамдарының шығармашылық мүмкіндіктерін гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи байлықтары аз болса да, өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім саласына көп көңіл бөлінуі керек.

Сондықтан да біздің жас мемлекетімізде де білім беру саласына, оның дамуына көп көңіл бөлінуде. Бұл салада тәуелсіздік жылдары көп өзгерістер пайда болды.

Біріншіден, жаңа заманның үрдістеріне сай мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындары компьютерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ел қандай қиын жағдайда болса да, жас мемлекет оған қаржы аяған жоқ. Көп оқу орындары «Интернет» жүйесіне қосылып, мектеп оқушылары мен студенттер дүниежүзілік ақпарат қорымен пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа заманға сай оқулықтар дайындалып, мультмедиалық білім беру әдістері алдыңғы шептегі мүғалімдердің күнбе-күнгі жүмысына айналды.

Жоғары білім беру саласында жекеменшікке негізделген оқу орындары пайда болып, дами бастады. Әрине, бұл үлкен жүмыста асыра сілтеушілік де болды. Мұндай үрдіс басталған кезде, сол саланы басқарған кейбір шен иелері «көз қысты, бармақ басты» жолына түсіп, оңды-солды лицензиялар беріп, ешқандай материалдық базасы жоқ «университеттердің» ашылуына жол беріп қойды. Жоғары білім беру «жеңіл іске» айналды. Тұрпайы пайда табуға құныққан оқу-білім саласындағы «іскерлер» қаншама соларға сенген жастардың тағдырына өз кеселін тигізді!

Бүгінгі таңда жағдай дұрысталуда. Үш бөлмелі пәтерді жалға алып, «университет ашқан» заман артта қалды. Дегенмен де бұл күрделі салада қиындықтар - әлі шаш етектен.

Қай елде болмасын, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды. Біріншіден, заманның талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы соңғы технологияларға үйрету. Екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, азаматтық қасиеттерін шыңдау. Осы тұрғыдан алып карағанда, бұрынғы білім беру жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын. Сонымен қатар арнаулы кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету заман талабына көп жағдайда сай келмейтін.



Енді жағдай керісінше орын алып отыр. Гуманитарлық білім беру жүйесі мейлінше кеміп, кәсіби білім беруге мейлінше көп көңіл бөлінуде. Тікелей батыс білім беру жүйесі сияқты. Мұндай асыра сілтеушілік «бір жақты» дамыған, тек өз саласын ғана жақсы білетінмамандардың дүниеге келуіне себеп болады. Қарап отырсақ, Батыс елдеріндегі рухани дағдарыстың себептерінің бірі осында болса керек. Жалаң технократизмдұрыс нәтижеге әкеледі деп айту қиын. Екі-ақ мысал келтірейік. Қытай елінде (5 мың жылдық өркениеттігі бар) мыңдаған жылдар бойы мемлекеттік жұмысқа өтерде конфуциандық этикадан емтиханқабылданады. Тұлғаның моральдық қасиеттері егжей-тегжейлі тексеріледі. Әрине, жемқорлықты түбегейлі жою, қай елде болмасын, мүмкін емес. Бірақ ол елдегі жағдай, бұл жағынан алып карағанда, мүлде өзгеше. Біздің елде Конституция мен екі-үш заңды білсең болғаны, мемлекет саласында жұмыс істеуге жол ашылады. Көп жағдайда жоғарғы лауазым иелерінің халық алдында берген анты үстірт рәсімге айналып отыр. Бірде-бір антты бұзған шен иесі жөнінде ақпарат естіген жоқпыз: мүмкін, ондай мемлекет қызметкерлері біздің елде болмаған шығар?!

Екінші мысал ретінде Англия премьер-министрі Тони Блеердің қазан айындағы (2005) парламент алдындағы сөйлеген сөзін айтсақ та болғаны. Ол Еуропа жоғары білім беру жүйесін реформалау керектігін, Қытай мен Үндістан елі жоғары мектептерінің олардан озып кету мүмкіндігінбасып айтты. Ал біз болсақ, Еуропа стандарттарын жалаң еліктеушіліктің негізінде қабылдап жатқан жағдайымыз бар. Шығысқа қарай «мойнымызды бұрып», ондағы жиналған тәжірибені де игерсек дұрыс болмай ма? Мұндай жағдайда біздің телеэкранда араларында жантүршігерлік кадрларды көрсетіп, «Биллды өлтіру-1, Биллды өлтіру-2, Биллды өлтіру-3» деген жарнамалар болмас еді. Әрине, білім беру жүйесі бүгінгі заманда өне бойы озгерістеболуы керек. Сонда ғана біз артта қалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. Нешетүрлі тестілерді де оқу барысында колдану қажет. Бірақ қай елде болмасын, тек қана мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол - ¥стаздыңоқу барысындағы шешуші рөлі,өйткені білім беру жүйесінде адам заманның талабына сай тұлғағаайналуы кажет. Бірде-бір техникалық құрал ¥стаздың орнын ауыстыра алмайды.Ол - білім беру жүйесінің арқауы. Олай болса, қоғам өміріндегі оның мәртебесін көтеру, оның материалдық ахуалын жақсарту арқылы білім беру жүйесін шынайы дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының шығар-машылық потенциалы жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай болса, бұл саладағы саясат осы мүмкіндіктерді шындыққа айналдыруға бағытталуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет