Техника технологиялық бөлім



бет2/4
Дата14.12.2023
өлшемі50,16 Kb.
#197069
1   2   3   4
Байланысты:
№2

Геологиялық картаның шартты белгiлерi

Таужыныстарының жасы, құрамы және тегi геологиялық карталарда шартты белгiлер көмегiмен көрсетiледi. Шартты белгiлер үш түрлi болады. Түрлi-түстi бояулар – шөгiндi, вулканогендi және метаморфты жыныстардың жасын, ал интрузивтiлердiң құрамын бейнелеу үшiн қолданылады. Картада олар әр түстілігімен, индекстерімен, штрихтарымен ажыратылады. Әр түрлі жасты таужынысының өзіндік түсі болады. Олар стратиграфиялық шкалаға сай болуы керек. Бөлімдер мен жікқабаттарды да белгілеу үшін шкаланы пайдаланады. Мұнда жүйенің төмен бөлімшелеріне қоюлау түстер қолданылады. Мысалы: алғашқы девон - қою қоңыр, орта девон - қоңыр, жоғарғы девон - ашық қоңыр. Ал жергілікті (комплекстер, сериялар, свиталар, подсвиталар) және аймақтық (горизонт, зона) бөлімдер стратиграфиялық шкаламен сәйкес келеді. Бір ерекшелігі–олардың түс айырмашылығы болуы керек.


Әріпті-цифрлі белгілер – таужыныстар жасы мен тегін, ал интрузивті, кейбір вулканогенділер үшін құрамын көрсетеді. Бөлімдерді индекстеу стратиграфиялық шкалада берілген.
Шөгiндi, вулканогендi және метаморфты жыныстарды картада
белгiлейтiн индекстер кiшi және үлкен латын грек алфавитiнiң әрiптерiнен және цифрлардан тұрады. Алдымен үлкен немесе үлкен мен кiшi латын әрiптерiмен жүйе жазылады. Жүйенiң бөлiмi оның төменгi оң жағында араб цифрiмен көрсетiледi. Жікқабаттың қысқартылған атының индексi бiр немесе екi латынның кiшi әрiпiнен құрастырылады, ал оның бөлiмдерi араб цифрiмен белгiленедi. Айтылғандарды төмендегi мысалмен көрсетуге болады.
Жүйе индексi  Д3fr1  подъярус индексi
бөлiмнiң индексi  ярус индексi

Оқылуы - Соңғы девон жүйесiнiң фран жікқабаттың төменгi подъярусы. Жалпыға қабылданған стратиграфиялық бөлiмдемелерден өзге көптеген жағдайларда қосымша жергiлiктi бөлiмдемелер енгiзу қажет болады, оларға серия, подсвита, горизонттар, топтама (пачка) және қат-қабат (толща) жатады.


Бөлімнің индекстері жүйеге берілген әріппен беріледі (үлкен әріппен), ол бөлімнің төменгі, ортаңғы, жоғарғы екендігін көрсетеді. Мысалы: J2 - Юра жүйесінің ортаңғы бөлімі; K2 - Бор жүйесінің жоғарғы бөлімі.
Егер бір жүйеде екі жікқабаттың аты бір әріппен басталса, онда екі әріп қолданылады. Сонда көне жікқабаттың бірінші әріпі бір әріп болып бірінші жазылады, ал жас жікқабаттың екі әрібі жазылады (біріншісі және ең жақын дауыссыз әрібі). Мысалы: D3f - жоғарғы девонның фран жікқабаты, D3fm - жоғарғы девонның фамен жікқабаты, S1l - жоғарғы силурдың лландовер жікқабаты, S1ld- жоғарғы силурдың лудлов жікқабаты. Жікқабатшаның индексін жанына 1(төменгі), 2(жоғарғы) – екі мүшелік үшін және 1,2,3 сандарын қосу арқылы белгелейді. Мысалы: K1al3 – төменгі бордың жоғарғы альб жікқабатшасы. Зонаның индексі екі кішкентай латын әрібінен тұрады (біріншісі және жақын дауыссыз әрібінен) және жікқабат немесе жікқабатшадан нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: K1al.hs –жоғарғы альбтің Hysteroceras orbignyi зонасы. Жергіліктік және аймақтық стратиграфиялық бөлімдерді (комплекстер, сериялар, свиталар, горизонттар және провинциалдық зоналар) белгілеу үшін, оның жанына екі кішкентай әріпті жалғаймыз (бірінші және оған жақын дауыссыз әріп). Бір ерекшелігі олар курсивпен жазылуы керек. Мысалы: C1vkz - төменгі карбонның визе жікқабатының қызыл свитасы, D1-2ur төменгі-ортаңғы девонның ұрып сериясы.
Егер стратиграфиялық атаулардың аты бір әріппен және қалған
әріптері бірдей болса, онда үш әріп қолданылады. Мысалы: P3br - берік, P3brs - борисфей свиталары (олигоцен). Стратиграфиялық атауларға қосымша (подсвиталар, подгоризонттар) 1,2,3 және 1, 2 сандары қосылуы арқылы белгіленеді. Мысалы: C1v1kz - төменгі карбонның төменгі визе жікқабатшасының қызыл свитасының төменгі подсвитасы. Пачкалар араб сандарымен белгіленеді. Мысалы: C1kz23 төменгі карбонның қызыл свитасының ортаңғы подсвитасының үшінші пачкасы.
Масштабы 1:200000 және 1:50000 карталарда жыныс жасының индексін ғана емес эффузивтер құрылымының индекстерін де көрсету керек.

Риолиттер

λ (лямбда)

Базальттар

β (бета)

Андезиттер

α (альфа)

Фонолиттер

φ (фи)

Дациттер

ξ (дзета)

Пикриттер,

кимберлиттер

Трахиттер

τ (тау)

ι (иота)




Өзгертілген эффузивтер әріппен белгіленеді және оң жағының жоғарысында «прим» белгісі салынады. Мысалы: αN1 - плиоцендік андезит, α´P3 - олигоцендік андезит порфирит.


Егер екі кезеңді, бөлімді, жікқабатты және т.б. көрсету керек болып жатса, онда (+) және (-) қолданылады.
Егер екі бөлім бір-бірімен қосылып жатса, онда (+) белгісі қолданылады. Мысалы: D1+2 – төменгі және ортаңғы девонның қосылуы, ал екі бөлім бір-бірінің үстіне шығып жатса, онда (-) белгісі қолданылады. Мысалы: €3 -O1 – (шектес қатқабаттар) жоғарғы кембрий және төменгі ордовик.
Стратиграфиялық бірліктер біреуден көп болып кетсе, онда индексте атаулар арасына тире қойылады. Мысалы: K1b-g - төменгі бордың берриас, аланжин және готерив жікқабаттары.
Егер индексте әр түрлі бөлімдер болса, онда индексте бөлімдер көрсетіледі. Мысалы: Kal+s - бор жүйесінің төменгі бөлімінің альб жікқабаты және жоғарғы бөлімінің сеноман жікқабаты.
Егер картада жас онша анықталмаған болса, онда оның жанына сұрақ белгісін қоюға болады. Мысалы: T3-J1? - жоғарғы триас және төменгі юраның (?) құрылымы.
Масштабы 1:50 000 (1:25 000) карталарда төрттік жүйенің гентикалық типі, оның сол жағына символдардың қосылуымен қарастырылады. Мысалы:
e – элювилік p – пролювилік
d – делювилік l – көлдік
ed – элювий делювилік m – теңіздік
c – коллювилік g – мұздық
s – солифлюкциалдық lg – көлдік-мұздық
v – эолдық f – флювиогляциалдық a – аллювилік

Мысалы: aQ1 - төменгі төрттіктің аллювилік жынысы; pdQIII - жоғарғы төрттіктің пролювий-делювилік жынысы. Төрттікті жыныстардың жасын көрсету үшін араб цифрлары қолданылады. Мысалы: gIQII және g2QII - төрттіктің мұздық және оны басып жатқан мұз-көлдік жынысы. Жатыстарда террас деген ұгым бар. Оны белгілеу үшін: егер террасаның аты беймәлім болса, онда араб сандарымен белгіленеді; ал аты белгілі болса, онда оның бірінші әрібі көрсетіледі. Мысалы: aQI - төменгі төрттік звеноның аллювиальді жатысы, pdQII - ортаңғы төрттік звеноның пролювиаль- делювиаль жатысы. Төрттік звенода терраса болады, егер терраса аты бізге беймәлім болса, онда араб сандарымен белгілейміз; ал егер аты белгілі болса, онда бірінші әрібімен көрсетеміз. Мысалы: a3QII - ортаңғы төрттіктің аллювиальдік жатысының үшінші террасасы, жоғарғы төрттіктің теңіздік жатысының хвалын террасасы.


Индекстер картада қара тушпен анық болып жазылуы тиіс.
Штрихты белгiлер - таужыныстар құрамын, ал бiртүстi геологиялық карталар үшiн қосымша жасы мен құрамын да көрсетедi.
Интрузивті және страфицияланбаған вулканогенді құрылымдардың
белгіленуі. Интрузивті және страфицияланбаған (экструзивті-субвулкандық фация) вулканогенді құрылымдардың белгіленуі картада түстер мен индекстер арқылы, кейде краптар арқылы көрсетіледі. Бояулары магмалық жыныстардың құрамын айқындайды. Әр петрографиялық топқа өзінің түсі беріледі (1-кесте).



Интрузивтік жыныстардың бояулары
(1-кесте).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет