Техника: «Зорлық зомбылық туралы мен не ойлаймын» сауалнамасы Жұмыс түрі



Дата02.03.2023
өлшемі15,62 Kb.
#170795
Байланысты:
зорлык зомбылы0 сауалнама
тема, 45454

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
«Зорлық - зомбылық туралы мен не ойлаймын» сауалнамасының қорытындысы
Жұмыс түрі:Диагностика
Техника: «Зорлық - зомбылық туралы мен не ойлаймын» сауалнамасы
Жұмыс түрі: топтық
Өткізу мерзімі :17. 01. 2023
Жұмыс нысаны: оқушылардың зорлық –зомбылықтың күәсі болды ма соны анықтау .
Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
Жасы: 5-8 сынып оқушылары
Сауалнама барлығы 13сұрақтан құралды. Оқушылар әр сұрақты мұқият тыңдап, өз саулдарын белгілеу керек болатын. Бірінші сұрақ бойынша, зорлық деген сөзді қалай түсінесін деген сұраққа, 50%- күш көрсету, 34,6-қол жұмсау, 26,9%- мәжбүрлеу, 15,4%-қорқыту, 23,1%- өмір сүруге қауіп төндіру, 3,8%- ауру келтіру, 7,7%-қатыгездік. Кімнен бала қорлық- зорлыққа тап болу мүмкін деген сұраққа 69,2%- көшеде, бейтаныс адамдардан, 15,4% - мектептегі оқушылардан, 15,4% - отбасындағы жақын адамдардан. Қиын жағдайда не істейсің деген сұраққа, 46,2%- әке- анамнан көмек сұраймын, 30,8%- өз проблемаларымды өзім шешемін деп жауап берді. Ата- анаңмен қарым қатынасын қандай деген сұрақ бойынша 84,6%- жақсы қарым қатынастамын. 11,5% - түсінбеушілікпен даулар болып тұрады. Жазалау барысында көбіне қандай шара қолданылады деген сұрақ бойынша, 69,2%- ұрсады деп жауап берген. Әке анаңның жазалауымен келісесін бе? деген сұраққа 38,5% - иә. 23,1%- иә деп айтуға болады. 26,9% -жоқ. 11,5%- жоқ деп айтуға болады. Бір нәрсеге ашуланып, сенен өш алған кездері болды ма? деген сұраққа 69,2% - еш уақытта, 23,1%- кейде деп жауап берген. Өзің ата ана болғанда өз балаларынды жазалайсың ба? деген сұраққа 65,4%- жоқ, 34,6%-иә деп жауап берді. Әкен - анаң саған мақтауға ниет білдіре ме, 61,5%- үнемі, 23,1%-анда - санда деп жауап берді. Әке анаң сені соғуға ниет білдіре ме? Деген сұрақ бойынша, 26,9%- анда – санда десе, 69,2% - еш уақытта деп жауап берді. Істеген үлкен қателіктерің үшін қандай жаза қолданады дегенге, 45%- түсіндіреді, 51%- ұрсады. 4%-ұрсып, соғады деген. 84,6%- Жанұяда өзімді паналы, сүйікті етіп сезінемін десе, 15,4%- жоқ олай сезінбеймін деді. Қандай мекемелерден көмек сұрайсын дегенге, полиция қызметкерлеріне және психологқа айтамын деп жауап берді.
Қорытынды: Оқушыларындың арасында аздаған бала отбысында зорлық-зомбылыққа тап болатындықтарын көрсетті. Ол балалар әсіресе сәтсіз отбасы балаларынан анықталды.
Ұсыныс: Педагог - психологқа оқушылармен зорлық -зомбылықтың алдын алуына байланысты профилактикалар жүргізіп, зорлық -зомблыққа тап болған оқушының отбасына ДТІЖ орынбасарымен рейд жұмыстарын жүргізіп, қадағалауға алып, оқушымен түзете отырып дамыту жұмыстарын жүргізу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет