Циклдің, пәннің индексі
|
Пәннің практиканың атаулары және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар
|
Қалыптасатын құзыреттердің коды
|
ЖГП. 00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
|
|
ЖГП. 01
|
Кәсіптік қазақ (орыс) тілі
Орыс тілінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі. Сөзжасам. Мамандық бойынша кәсіби терминология. Кәсіби терминологиялық сөзжасам. Мәтіндердің кәсіби бағдарлы аударма (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас мәселесі. Кәсіби қарым-қатынас саласындағы сөйлеу стилінің негізгі ерекшеліктері. Сөйлеудің мәнерлілігі, дұрыстығы, стилистикалық мақсатқа сәйкестігі, нақтылығы, ойлылығы, тазалығы, байлығы. Сөйлеудің құрылымы. Сөзді айту, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік нормалар. Тілдік құралдардың стилистикалық жіктелісі. Ғылыми қарым-қатынас мәдениеті және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын талаптар.
|
Білімдер:
орыс тілінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі, сөзжасамы жайлы;
кәсіби терминологиялық сөзжасам мәселелері жайлы;
кәсіби бағдарлы аударма техникасын;
кәсіби қарым-қатынас саласындағы сөйлеу стилінің негізгі ерекшеліктері жайлы;
сөйлеудің құрылымы жайлы;
мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын негізгі талаптарды.
Іскерліктер:
мәтінге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық талдау жасай алады;
мамандыққа сәйкес кәсіби терминдерді қолдана алады;
мәтіндерді кәсіби бағдарлы түрде аудара алады;
мәнерлі, дұрыс, стилистикалық мақсатқа сай сөйлей алады;
кәсіби қарым-қатынаста сөзді лексикалық, морфологиялық, синтаксистік нормаларға сай дұрыс қолданады;
кәсіби қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілінің және жазу тілінің нормаларын дұрыс қолданады;
ғылыми қарым-қатынас мәдениеті және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті негізінде қарым-қатынас жасайды;
мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын негізгі талаптарға сай сөйлеуді меңгереді.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 7
|
ЖГП 02
|
Кәсіптік шетел тілі
Шетел тілі дыбыстарының артикуляциясы, интонациясы мен акцентінің өзіне тән ерекшеліктері. Транскрипцияны оқу. Лексиканың қолданылу саласына қарай жіктелісі. Ауызша және жазбаша кәсіби қарым-қатынасты қамтамасыз ететін грамматикалық дағдылар. Кәсіби сөйлеуге тән негізгі грамматикалық құбылыстар. Стиль, оның түрлері туралы түсінік. Мамандыққа байланысты ғылыми әдебиеттерді түсіну, аудару техникасы. Тілін үйреніп жатқан елдің мәдениеті мен әдет-ғұрыптары, сөйлеу этикетінің ережелері. Айтылым. Кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарындағы диалогтық және монологтық сөйлеу. Көпшілік алдында сөйлеу негіздері. Тыңдалым. Оқылым. Мәтін және оның түрлері. Жазылым. Кәсіби қарым-қатынасқа қажетті жазбаша сөйлеу түрлері.
|
Білімдер:
мәтіндердің түрлері, олардың ерекшеліктері жайлы;
жазбаша сөйлеудің түрлері;
шетел тілі дыбыстарының интонациялық, транскрипциялық ерекшеліктері жайлы;
кәсіби қарым-қатынас саласындағы сөйлеу стилінің негізгі ерекшеліктері;
стильдер, олардың ерекшеліктері жайлы;
ауызша сөйлеу мен жазбаша қарым- қатынас үшін қажетті грамматикалық білімдер;
шет елдің мәдениеті, әдет-ғұрыптары, сөйлеу этикеті жайлы;
диалогтық және монологтық сөйлеуде қажетті лексикалық сөздік қор;
кәсіби қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық құрылымдар.
Іскерліктер:
жеңіл мәтіндер мен мамандыққа байланысты шағын, жеңіл публицистикалық мәтіндерді оқи алады;
аннотация, реферат, тезистер, хабарлама, іскерлік хат, өмірбаян, т.б. жаза біледі;
транскрипцияны оқи алады;
сөйлеуге қажетті кәсіби-лексикалық минимумды қолдана алады;
кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қажетті грамматикалық материалдармен жұмыс жасай алады;
ғылыми әдебиеттерді аудара алады;
әдеби, ресми-іскерлік, ғылыми стильдердің нормаларын сөйлеуде және жазуда қолдана алады;
мәтіндерді аудара алады;
сөйлеу этикетінің ережелеріне сай сөйлей алады;
көпшілік алдында қысқаша хабарлама жасай алады;
кәсіби қарым-қатынас саласы бойынша диалогтық және монологтық сөйлеуді біледі.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 7
|
ЖГП 03
|
Дене тәрбиесі.
Дене тәрбиесінің қазіргі заман талабына сай мамандарды тәрбиелеудегі орны. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты.
Дене тәрбиесінің табиғи-ғылыми негіздері. Салауатты өмір салтының негіздері. Өзін-өзі дене және спорттық жетілдірудің негіздері. Кәсіби қолданбалы дене дайындығы. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы дене мәдениетінің маңызы. Президент сынамаларының құрылымы.
|
Білімдер:
адамның жалпы мәдени, кәсіптік және әлеуметтік дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі;
дене тәрбиесінің табиғи және ғылыми негіздері жайлы;
дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының негіздері;
денсаулықты сақтауды және нығайтуды, психо-физикалық қабілеттердің дамуы мен жетілуі.
Іскерліктер:
кәсіби маман ретінде өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін іскерліктер мен дағдылар жүйесін меңгереді;
өзінің қозғалыс белсенділігі мен жұмыс қабілеттілігінің режимін дұрыс жоспарлай біледі, өзін-өзі бақылайды;
еңбек пен демалысты ұтымды кезектестіре алады;
дұрыс тамақтанады;
жұмыс қабілеттерін арттыру үшін дене шынықтырудың "шағын түрлерін" пайдаланады;
кәсіби қолданбалы дене дайындығын үнемі жетілдіріп отырады.
|
БҚ 4
БҚ 5
|
ЖГП 04
|
Казахстан тарихы
|
|
|
ӘЭП 00
|
Әлеуметтік –экономикалық пәндер
|
|
|
ӘЭП 01
|
Мәдениеттану:
Мәдениеттану және оның қоғамдағы атқаратын ролі; мәдениетті зерттеудің көптүрлілігі; мәдениет және өркениет; мәдениеттің қалыптасуы; Конфуций-Дао ілімі; үнді Будда мәдениетінің түрлері; ислам мәдениетінің әлемі; християндық мәдениет; Батыс Еуропа мәдениеті және оның қазіргі әлемінің дамуына әсері; Африка мәдениетінің ерекшелігі; расизм мәселесі; көшпенділер өркениетінің шығуы және ерекшелігі; орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті; XVII-XIXғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; қазіргі замандағы Қазақстан мәдениеті.
|
Білімдер:
-негізгі ұғымдарды;
- ұғымдарды: Конфуций ұғымы, даосизм, Қытай мәдениеті;
Үнді мәдениетінің ерекшеліктері мен оның негізгі жетістіктерін;
ұғымдары:ислам; Мұхаммед; Құран; Алла; Мекке;
христиан ілімінің негізгі принциптерін және оның құндылық бағдарларын;
Франция мәдениетін: Ашель мәдениеті, кроманьондықтар, галлдар, франктер, әдебиеті және философиясын;
көшпенділердің өмір сүру бейнесі және құндылықтар жүйесі туралы;
орта ғасырдағы қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуы туралы;
орта ғасырдағы қазақ халқының мәдениетіне түрік және араб мәдениетінің ықпалы туралы.
Іскерліктер:
қазақ халқының мәдениетінің дамуының ерекшеліктерін аша білуді;
мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалануды;
мідени дәстүрлерді жалғастыруды;
көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетуді;
қоғамның, адамның ішкі мәдениетін анықтауды.
|
БҚ 2
БҚ 6
|
ӘЭП 02
|
Философия негіздері:
Философиялық ілімінің ерекшелігі; философияның тарихи типтері. Әлем – шындықтардың жиынтығы ретінде: материя және сана; диалектика және оның альтернативтері. Адамның рухани өмірі және қоғам: таным теориясы; қоғамдық сана және оның көптүрлілігі. Философиядағы адам мәселесі: адам болмысы философия мәселесі ретінде, тұлға, еркіндік және жауапкершілік; адам болашағы. Философиядағы адамгершілік мәселелері: мораль және адамгершілік, жалпы адамзаттық моральдық құндылыұтары.
|
Білімдер:
дүниенің философиялық, ғылыми және діни түсінігі туралы, адам өмірінің мәнін;
ғылымның және ғылыми танымның рольдері туралы түсініктерді, оның құрылымның, формалары мен әдістерін;
әлеуметтік және этикалық мәселелерді;
Іскерліктер:
көзқарастарды қалыптастыруды;
практикалық өмірдегі диалектиканың категориялары мен заңдарының әсерін түсіндіруді;
қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік нормаларын реттеуді.
|
БҚ 2
БҚ 6
БҚ 4
|
ӘЭП 03
|
Әлеуметтану және саясаттану негіздері:
Әлеуметтану ғылым ретінде; қоғам әлеуметтік мәдени жүйе ретінде; әлеуметтік және этноұлттық қарым-қатынастар; әлеуметтік үрдістер; әлеуметтік институттар мен ұйымдар. Тұлға: оның әлеуметтік ролі және әлеуметтік қызметі. Саясаттану пәні: саяси билік жымәне қарым-қатынастар; Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық үрдістер. Экономика негіздері: экономика және оның негізгі мәселелері.
|
Білімдер:
заңдылықтыр ұғымындағы әлеуметтік қадамдар туралы түсінікті;
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік жіктелуі, әлеуметтік байланыс туралы түсінікті;
тұлғаның әлеуметтану үрдісінің ерекшелігін;
Іскерліктер:
әлеуметтік өзгерістері мен дамудың әлеуметтік қозғалыстарын және басқа факторларын дамытуды;
биліктің мәнін, саясат субъектісін, саяси қатынастар мен үрдістерді анықтауды (Қазақстандағы және тұтас әлемдегі);
саяси жүйелер мен саяси режимдер туралы түсініктерді құруды.
|
БҚ 2
БҚ 6
БҚ 4
|
ӘЭП 04
|
Экономика негіздері:
Экономика және оның қоғамдағы ролі. Экономикалық жүйелердің жалпы негізі; меншік және коғамның әлеуметтік экономикалық құрылымы; өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері.Ақша, шығу тарихы. Нарық және оның реттеу заңдылықтары, бәсеке. Өндіріс және жаңа бағаның айналымы; бизнес; жеке капиталдың тууы. Кірісті бөлудің алғашқы жүйесі. Макроэкономика; нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу. Дүниежүзілік экономика және әлемдік нарық.
|
Білімдер:
экономика ұғымы және оның негізгі қызметтерін;
қоғамдық өндіріс құрылымын, өндірістік қатынастар жүйесін;
ақша және оның қызметтерін;
тауар өндірісі, нарықтың мәні мен қызметтерін;
пайданың құрылуын және экономикалық ролін;
мароэкономиканың негізгі сипиттары мен ерекшеліктерін;
Іскерліктер:
экономикалық заңдар ықпалының объективтілігін түсіндіруді;
экономикалық қатынастардың түрлеріне баға беруді;
кәсіпкерлік іс-әрекетке экономикалық талдауды жасау.
|
БҚ 2
БҚ 6
БҚ 4
|
ӘЭП 05
|
Құқық негіздері:
Құқық ұғымы; Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық жүйенің негізігі; адам құқығының жалпы декларациясы; адам құқығы, тұлға, құқық, құқықытық мемлекет, заң алдындағы жауапкершілік және оның түрлері, құқықтың негізгі салалары, ҚР сот жүйесі; құқық қорғау органдары.
|
Білімдер:
адам құұыұтары мен еркіндіктерін, олардың жүзеге асырылу механизмдерін;
кәсіби қызмет аясындағы құқықтық және адамгершілік – этикалық нормаларды;
Іскерліктер:
маманның кәсіби қызметін реттейтін нормативтік – құқықтық құжаттарды пайдалануды.
|
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 5
|
ЖКП 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
|
|
ЖКП 01
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Іс – қағаздарын жүргізу және корреспонденция туралы мәліметтер.
Ұйымдық құжаттары.
Бұйрық –жарлық құжаттар.
Ақпараттық – анықтамалық құжаттар.
Еңбек қатынастарын қүжаттау.
Қызмет хаттарының негізгі әдістемелері. Іс-қағаздарды рәсімдеу, сақтау және архивке өткізу.
|
Білімдер:
іс жүргізу тілінің терминдері;
құжат түрлері;
деректер тізбесінің қалыптасқан құрылымы;
құжаттардың формуляр үлгісі;
әр түрлі іс- қағаздары-ның толтырылу үлгісі;
Іскерліктер:
ережеге сәйкес құжаттарды дұрыс құру және дұрыс толтыру;
құжат деректемелерін ұқсастығы мен айырмашылығын айыру;
екі тілде іс-қағаздарын ережеге сәйкес жүргізу;
нормативті актілердің талаптарын сақтау;
құжаттарды рәсімдеу, қажетті жерлерге өткізу.
|
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
|
ЖКП 02
|
Сызу негіздері
Сызу техникасы. Сызбаларды графикалық рәсімдеу. Геометриялық сызу және жобамен сызудың негіздері. Техникалық сурет салудың элементтері. Сызуды орындаудың жалпы ережесі. Бөлшек конструкциясын талдау. Мамандық бойынша сызбалар және схемалар.
|
Білімдер:
- сызбаларды графикалық рәсімдеуге қойылатын талаптарды;
- конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесін;
- схема мен сызбалар құрылымының негізгі ережелерін;
Іскерліктер:
сызбаларды рәсімдеуді;
сызба мен техникалық суреттің көмегімен ойды дұрыс жеткізе білуін;
- мамандық бойынша сызбалар және схемалардың орындалуын;
|
БҚ 3
КҚ 3.6.2
|
ЖКП 03
|
Қолданбалы информатика
MS DOS операциялық жүйесі: негізгі ұғымдары мен белгілеулері. Norton Commandеr бағдарламасы. Windows-тың негізгі жұмыстары. Corel Draw (Photo Shop, Auto Cad) графикалық редактор, мәтіндік редактор Word. Exеl электрондық кестесі. Power Point бағдарламасын құру: Word, Exеl, Power Point бағдарламаларын бірігіп пайдалану, презентацияларды құру және жасау. Компьютерлік вирустар, архивация бағдарламалары: компьютерлік вирустардан қорғау әдістері. Жергілікті және ғаламдық желілер
|
Білімдер:
есептеулерге, ғылыми зерттеу және тәжірибелік құрастыру жұмыстарына арналған қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларды;
ҚЭЕМ-нің кәсіпорынның ұйымдастыру жұмысындағы мәні мен ролін;
Іскерліктер:
мәтіндік құжаттарды жасауда практика жүзінде компьютерлерді пайдалануды;
мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) пайдалануды;
кесте мәліметтерінің негізінде цифрлік және мәтіндік ақпараттарды өңдеуді;
қолданбалы бағдарлама пакеттерімен жұмыс істеуді;
|
БҚ 5
КҚ 3.6.1
|
ЖКП 04
|
Шаштараз жұмыстарының материалдары:
Парфюмериялық- косметикалық өндірістің шикізат базасы; косметикалық шикізаттың химиялық табиғаты туралы қысқаша мәліметтер; парфюмериялық-косметикалық препараттарды дайындауға арналған шикізат. Парфюмериялық-косметикалық преапраттар: бастың шаш бөлігін және шашты күтуге арналған препараттар; жуғыш құралдар; иіс су және лосьондар; шашқа сәндік күтім жасауға арналған құралдар; мойын және бет терілерін күтуге арналған құралдар; сәндік косметика құралдары; парфюмериялық құралдар; аяқ-қолды күтуге арналған құралдар; дезинфекциялық және қан тоқтатқыш құралдар; көмекші материалдар.
|
Білімдер:
парфюмериялық-косметикалық өндірістегі қолданылатын шикізаттың негізгі түрлерін;
косметика өндірісіндегі майларға және балауыздарға қойылатын талаптарын;
дисперсия жүйелерінің түрлерін;
косметика өндірісіндегі қолданылатын қышқылдарды, тұздарды, негіздерді;
рН ортаны;
консерванттарға, бояғыш заттарға қойылатын талаптарды;
иіс сабын, су сабындардың құрамы мен топтастырылуын, олардың өндірісінің шикізаттарын;
шаштараз практикасындағы сутегі асқын тотығының ролін;
шашқа арналған лактардың және басқа материалдардың құрамы мен қасиеттерін;
Іскерліктер:
шикізатты талдауды;
әр түрлі компоненттердің сәйкестілігін, ерігіштігін, еру температурасын анықтауды;
синтетикалық, өсімдік және жануарлардан алынған хош иісті ерітінділердің үлгілерін дегустациялауды;
сабындарды, су сабындарды, косметикалық кремдерді сапасына қарай топтастыруды;
иіссу иістерін анықтап, олардың шыдамдылығын тексеруді;
препараттардың шығын нормаларын есептеуді;
өндірісте шашқа арналған бояу топтарының түрлерін қолдануды;
сәндік косметика үшін құралдарды пайдалануды;
әртүрлі концентрациялы дезинфекциялық құралдарды дайындауды;
қол және тырнақ күтіміне арналған құралдарды пайдалануды.
|
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.8
|
ЖКП 05
|
Арнайы сурет және көркем графика
Арнайы сурет негіздері: геометриялық денелерден натюрморттар салу, жұмсақ материалдармен (көмір, соус, сангина) драпировка суретін салу, гризайль техникасымен бір түсті драпировка негізінде 3-4 тұрмыстық заттың натюрморттық суреті, парик суреті, натюрморттың графикалық шешімі (ақ-қара, түсті графика). Түстер туралы жалпы мәлімет, драпировкамен натюрморттың кескіндеу этюді. Парикпен натюрморт салу (аралас графика). Адам басының пропорционалды сызбасы, бас қаңқасының суреті, бет бөліктерінің суретін салу. Үлгілерді шығармашылық өңдеу; "боди-арт" өнері, денелерге сурет салу, берілген тақырып бойынша фантазиялық бейнелер жасау.
|
Білімдер:
графикалық бейнелеудің негізгі құралдарын: сызық, штрих, дақ, нүкте;
түстердің негіздерін, түстердің қасиеттерін, түстердің әрекеттесуін, түстердің тұтастығы мен мөлдірлігін;
бас сүйегінің құрылысын, сүйектердің, бұлшық еттердің орналасуын;
адам басын бөлшектеу пропорциясын;
Іскерліктер:
түстердің сәйкестілігі мен заттардың материалдарының көмегімен заттардың әр түрлі түстерін бере білуді;
графикалық бейнелеудің құралдарын пайдалануды;
бояуларды араластыруды және әртүрлі түстерді жасауды;
түстердің үйлесімділігін, түстер бірлігін анықтауды;
шаш сәні мен шаш қиюдың формалары мен силуэттерін, үлгінің идеялық көркемдік мәнін бере;
әртүрлі ракурстарда бастың суретін салуды, шаштың төгіліп тұруын бейнелеуді.
|
БҚ 6
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.2
|
ЖКП 06
|
Пластикалық анатомия және физиология негіздері:
Сүйек туралы ұғым: адам қаңқасының пластикалық анатомиясы; бас сүйек – бастың сүйекті негізі. Бұлшық еттер туралы ұғым: мойын бұлшық еті және мойын пластинасы; бастың бұлшық еттері; қол және аяқ бұлшық еттері. Бет бөлшектерінің пластикалық анатомиясы және олардың конструктивті құрылысы: көз, мұрын, құлақ, ауыз, терінің пластикалық анатомиясы. Анатомиялық негізінде бастың құрылысы: бастың пропорциялары; бастың пішіндері; бастың қозғалуы.
|
Білімдер:
адам денесінің сүйектерін, адам басын;
қол және аяқ анатомиясын;
бұлшық ет механизмдерін, қызметтерін, сол сияқты формаларын; бұлшық еттердің тыныштықтағы жағдайы мен жұмыс кезіндегі өзгеруін;
терінің құрылысын, қызметтерін және пластикалық мәнін;
адам басының пропорциясын;
Іскерліктер:
адам қаңқасын және адамның бас сүйегін әр түрлі жағынан кестелеп бейнелеуді;
адам басының суретін салуды;
анатомиялық құрылысын ескере отырып, әртүрлі жағынан адам басын кестелеп бейнелеуді.
|
КҚ 3.6.2
|
ЖКП 07
|
Бейнелеу өнерінің тарихы
Алғашқы қауымдық қоғам өнері. Ежелгі дәуір өнері: ежелгі Мысыр өнері; Ассирия және Вавилон өнері; Ежелгі Грекия өнері; Ежелгі Рим өнері; Орта-ғасырлар өнері; Византия өнері; романдық өнері; готикалық өнері; Үндістан өнері; Жапон өнері; Қытай өнері; Араб халифаты; Ежелгі Қазақстан өнері; Қайта өрлеу өнері; Проторенессанс; ерте итальяндық өрлеу; Орталық Еуропаның қайта өрлеуі; кеш өрлеу.
XVII ғ. өнері: Испания өнері, Фландрия өнері, Голландия өнері, Испания өнері.
XVIII ғ. өнері: Франция өнері, Англия өнері, Ресей өнері, Испания өнері.
XIX ғ. өнері: Франция өнері, Ресей өнері.
XX ғ. өнері: Батыс Еуропаның өнеріне қысқаша шолу; Ресей өнерінің өтпелі кезеңі; Қазақстанның қазіргі кездегі өнері.
|
Білімдер:
бейнелеу өнерінің негізгі түрлерін және жанрларын;
Ежелгі дүние сәулет өнерінің ерекшеліктерін;
Ежелгі мүсіндер мен сәулет өнерін;
сәнді-қолданбалы өнерді, Византия өнерін;
ерте ортағасырлық өнерді;
романдық өнерді;
өркениет елдерінің өнерлерін
Іскерліктер:
стильдер жүйесіндегі көркем шығармаларды тез және нақты анықтауды;
стильдер шегіндегі бейнелеу өнерінің шығармашылығын анықтауды;
ортағасырлық замоктардың, ерте орта ғасыр храмдар мен монастырьлардың суретін салуды; роман кезіндегі храмының, готикалық храмның, витраждардың, фрескалардың, мозаика декорын орындауды.
|
БҚ 5
|
ЖКП 08
|
Шаш сәнінің тарихы:
Ежелгі дүние шаш сәндері. Орта ғасырдағы Еуропалық шаш сәндері. Қайта өрлеу дәуірінің шаш сәндері. XVII ғ. Еуропалық шаш сәндері. XVIII ғ. Еуропалық шаш сәндері. XIX ғ. Еуропалық шаш сәндері. XX ғ. шаш сәндері
|
Білімдер:
Ежелгі Мысырдағы, Ежелгі Грекиядағы, Ассирия мен Вавилондағы шаш сәндерін, бас киімдерін, безендірулерін, костюмдерін;
Үндістандағы, Жапониядағы шаш сәндерін, бас киімдерін, безендірулерін, костюмдерін;
романға дейінгі, романдық және готикалық кезеңдердің шаш үлгілерінің негізгі түрлері мен пішіндерін, киімдері мен аксессуарларлының ерекшеліктерін;
қайта өрлеу дәуірінің флорентикалық және венециандық шаш сәндерінің ерекшеліктерін;
барокко, ампир, модерн стильдеріндегі костюмдер мен шаш сәндерінің ерекшеліктерін;
Іскерліктер:
Ежелгі дүние шаш сәндерін практикалық түрде орындауды;
орта ғасыр адамының бейнесін жасауды;
каркастарды, безендірулерді, бас киімдерді қолдана отырып, шаш сәндерін жасауды;
барлық кезеңдердің тарихи бейнелерін жасауды.
|
БҚ 5
КҚ 3.6.2
|
ЖКП 09
|
Санитария және гигиена
Жұқпалы аурулар жайлы жалпы мәліметтер және олардың алдын алу шаралары; микробиология; эпидемиология; иммунитет туралы жалпы түсінік. Тері, шаш, тырнақ аурулары және олардың алдын алу шаралары; тері ауруларының себептері; туа біткен ерекшеліктері; бактериялар тудыратын тері аурулары; кәсіби және басқа да аурулар, олардың шашқа және теріге әсері; сифилис, гонорея берілетін жолдары, белгілері; ЖИТС; өндірістік санитария және гигиена; құралдар мен жабдықтарға санитарлық-гигиеналық талаптар; шаштараз салондары мен шаштараз құралдарына қойылатын санитарлық талаптар; дезинфекциялық құралдар; салондағы еңбек гигиенасы; қауіпті жағдайдағы: жарақаттанғанда, кесіп алғанда, қан тоқтамай қойғанда, күйгенде, талып қалғанда, тоқ ұрғанда алғашқы көмек.
|
Білімдер:
инфекциялар және ауру тудыратын микробтар түрлерін;
тері, тырнақ және шаш ауруларының басты себептерін;
терілердің іріңді, саңырауқұлақ тудыратын, туберкулез ауруларын;
қан тоқтататын құралдар түрлерін;
дезинфекциялаушы құралдар түрлерін;
таңдап алынған процедураларды қолдану және қолдануға болмайтын жағдайлар.
Іскерліктер:
инфекцияларға қарсы шаралар өткізуді;
салонда тері, шаш, тырнақ іріңді және саңырауқұлақ тудыратын ауруларының алдын алу шараларын өткізуді;
қызмет көрсетушілердің жұмысқа байланысты гигиеналық талаптарды сақтай білуді;
шаштараз құралдары мен жабдықтарды пайдаланудағы санитарлық ережелерді сақтай білуді;
құрал-жабдықтарды және құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялауды жүргізу;
қатерлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуді.
|
БҚ 3
БҚ 5
|
ЖКП 10
|
Шаштараз жабдықтары мен аппаратурасы:
Жалпы электротехника: жаңа жабдықтар мен электр құралдарын қолдану үшін шаштараздың электротехникалық дайындығының маңызы; электрлік өлшеулер мен аспаптар. Шаштараз жабдықтары және аппаратурасы: шаштараз мекен-жайын жоспарлау және орналастыру; шаштараздағы жұмысшылардың электр құралдары. Электрлік аппараттар: неге арналғандығы, техникалық сипаттамасы, құрылымы. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы шаралар.
|
Білімдер: өлшегіш приборларды: құрылымы мен қызмет принциптерін;
жартылай өткізгіш приборлардың неге арналғандығын, принциптері мен қолдануын;
шаштараз электр құралдарының, аппаратурасының құрылысы мен қызметін;
техникалық қолданудың, электр және өрт қауіпсіздігі ережелерін;
Іскерліктер:
өлшеуіш құралдар мен электр жабдықтарын қолдануды;
жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды;
шаштараз электр құралдары мен аппаратурасының қарапайым бұзылуларын жөндеуді.
|
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 5
КҚ 3.6.1
|
ЖКП 11
|
Кәсіби этика және қызмет көрсету мәдениеті:
Қызмет көрсету мәдениетінің психологиясы; психология туралы негізгі мәліметтер; қызмет көрсету психологиясы; жеке тұлғаның психологиясы. Қызмет көрсету мәдениетінің этикасы; қызмет көрсетудің этикалық мәдениеті туралы ұғымы; кәсіби іс-әрекет. Кәсіби этика; қызметкерлердің клиенттермен қарым-қатынас мәдениеті; клиенттермен болатын бүліктер және шағымдар. Еңбек ұжымындағы қарым-қатынас этикасы; оқыту үрдісіндегі этика. Эстетикалық мәдениет. Техникалық эстетика және дизайн; тұрмыстық бұйымдардың (қызмет) және жарнамалардың эстетикасы; қызметкердің сыртқы түрінің эстетикасы; байланыс зонасындағы қызметкердің этикеті; қызмет көрсету сферасының маркетингі мен қызмет көрсетудің прогрессивті түрлері.
|
Білімдер:
психология туралы жалпы мәліметтерді;
кәсіби этика мен кәсіби іс-әрекеттерді;
қызметкердің клиенттермен қарым-қатынас мәдениеттерін;
бүліктерді шешу тәсілдерін;
еңбек ұжымындағы қарым-қатынас этикасын;
жарнаманың әлеуметтік, экономикалық, эстетикалық мәнін;
кәсіпорын мен жұмыс орны интерьерінің сыртқы безендірілуінің эстетикасын;
Іскерліктер:
қызмет көрсету сферасында кәсіби этиканы қолдануды;
қызметкердің сөйлеу мәдениетін, клиенттермен қарым-қатынас мәдениетін сақтауды;
қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы қажетті ақпараттарды беруді;
қызмет көрсету сферасында қызметкердің сыртқы бейнесіне қойылатын эстетикалық талаптарды сақтауды;
байланыс зонасындағы қызметкердің этикетін сақтауды;
еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруді;
қызмет көрсетудің прогрессивті формаларын қолдануды;
қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізуді.общие сведения о
|
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 5
КҚ 3.6.7
|
ЖКП 12
|
Менеджмент негіздері
Басқару жүйесінде менеджмент – қызмет айнасы; менеджментті ақпараттық қамсыздан-дыру, басқару шешімде-рін қабылдаудың әдістері мен технологиясы, коммуникация - байланыс үрдісі ретінде; менеджмент және менеджерлер, менеджмент стилі және менеджер имиджі; лидер, билік, бедел; бүліктік жағдайлар, олардың алдын алу және шешу; ұжымдағы әлеуметтік-псиологиялық климат, бүлікті басқару; персоналды басқару; мотивация; мотивациялық стратегиялар мен әдістер. Персоналды басқару; кадрларды жоспарлау; қызмет бойынша персоналдарды қызметтік-кәсіби қоғау жүйесі; қызметтік карьераны басқару.
|
Білімдер:
басқарудың қазіргі кездегі принциптері мен әдістерін, басқару қызметтерін;
басқарудың ұйымдық құрылымын;
басқару шешімдерін дайындау мен бекітудің әдістері және қазіргі заманғы технологиясын;
қазіргі заманғы техникалық құралдарды, коммуникациялар мен байланыстарды пайдаланып ақпараттарды өңдеу әдістерін;
қызметкердің іскерлік сапасын бағалау әдістерін;
бүліктік жағдайларды басқару тәсілдерін;
Іскерліктер:
нақты өндірістік жағдайларда басқару әдістерін қолдануды;
басқару шешімдерін дайындауды;
жұмыс орнын ұйымдастыруды;
формалды емес топтарды басқаруды;
бүліктік жағдайлардың алдын алуды және шешуді.
|
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 6
КҚ 3.6.6
|
ЖКП 1.3
|
Еңбекті қорғау және өнеркәсіп экологиясының негіздері
Еңбек қорғаудың негізгі мәселелері: еңбек қорғау бойынша негізгі заңдылықтар, еңбек қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, еңбек жағдайларын анализдеу, жарақаттану және кәсіби аурулар себептері. Қауіпсіздік техникасы: еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі; өндірісттік санитария. Өндірістік мекеменің микроклиматы; өрт қауіпсіздігінің негіздері; өндірістік экология, атмосфералық ауаны, ауа ресурстарын қорғау
|
Білімдер:
еңбек заңдылықтарының негізгі баптарын;
еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық бақылау түрлерін;
жұмыстың қауіпсіздік әдістері бойынша нұсқау түрлерін;
қайғылы жағдайлар мен жарақаттанудан қорғанудың негізгі құралдарын;
адам организміне еңбек жағдайының әсерін;
ҚР қоршаған ортаны қорғауды реттейтін құжаттарды;
Іскерліктер:
алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
өрт, жарылыс және қайғылы оқиғалар болдырмаудың алдын алу шараларын;
тігін жабдықтарымен жұмыстарда қауіпсіз тәсілдер бойынша нұсқаулар жүргізуді.
|
БК 2
БК 3
БК 4
БК 5
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
|
|
АП 01
|
Шаштараз жұмысының технологиясы:
Шаштараз тұрғын жайы мен оның түрлері, шаштараз құралдары; келушілерге қызмет көрсетудің дайындық және қорытынды жұмыстары; басты жуу; шашты қию; шашты жатқызу; қыру; маникюрлік әсемдеу жұмыстары; шашты бояу; шашты ұзақ уақытқа бұйралау; шашты химиялық жолмен бұйралау.
|
Білімдер:
бас жуудың мақсаттары мен ережелерін;
бастың шашты бөлігіндегі терілерге және шаштарға көрсетілетін күтімді;
бастың шашты бөлігіне жасалатын массажды;
шаш қою операцияларын;
шаш сәнінің негізгі элементтерін;
шаш сәндеріне арнаған фиксация құралдарын және олардың түлерін;
қырудың негізгі ережелерін, тәсілдері мен орындалу кезеңдерін;
шашты жатқызудың негізгі түрлерін;
маникюр технологиясын;
шашқа арналған бояулар негізгі топтарын, олардың сипаттамасы мен неге арналғандығын;
химиялық шашты бұйралаудың ерекшеліктерін;
ағымдағы маусымға арналған шашты бұйралаудың қазіргі замандағы әдістерін;
Іскерліктер:
шашты құрылысына қарай жуатын құралдарды таңдауды;
басты еңкейте және шалқайта жууды;
бастың шашты бөлігіне массаж жасауды;
шаш қою операцияларын қолданып, модельді және классикалық шаш қоюларды орындауды;
бигудисіз шаштарға көлем беруді;
бигудилерді қолданып шаштарды көтеруді;
электрфендері мен электрқысқыштарын қолданып, шаштарды жатқызуды орындауды;
химиялық бояулармен шаштарды бояуды;
шаш бояудың әр түрлі техникасын қолдануды;
классикалық, химиялық бұйралауды орындауды;
химиялық бұйралаудың әр түрін орындауды.
|
БҚ 5
БҚ 7
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.6
КҚ 3.6.7
|
АП 02
|
Постижерлық жұмыстарының технологиясы:
Тұрғын-жай, жабдық-құралдарын постиж өндірісіне бейімдеу; негізгі шикізат және материал; табиғи және жасанды шаштар, олардың сақталуы; постиждік бұйымдарды жасауға арналған дайындық операциялар; постиждік бұйымдарды жасау технологиялары; постиждік бұйымдарды жөндеу және оларды күту.
|
Білімдер:
өндірістік орындарға қойылатын негізгі талаптарды;
жабдықтардың сипаттамасын және неге арналғандығын;
негізгі шикізаттар мен материалдарды;
шаштардың классификациясын;
шаштың құрылымын;
жасанды шаштардың өңдеу ерекшеліктерін;
парик монтюрінің құрастырылуына қойылатын негізгі талаптарды;
өлшем алудың әдістерін;
бұйымдарды қабылдауға қойылатын негізгі талаптарды;
Іскерліктер:
өндірістік эстетиканы сақтауды;
табиғи шаштарды өңдеуді;
қолданылатын материалдарды өңдеуді;
шаштарды трестеуді және тамбурлеуді;
постиждік безендірулерді дайындауды;
кірпіктер мен крепе дайындауды;
шиньондар мен қосымшаларды дайындауды;
өрімдерді дайындауды;
әртүрлі түрлендірілген париктерді дайындауды;
табиғи және жасанды шаштардан жасалған бұйымдарды күтуді;
постиждік бұйымдарды жөндеуді
|
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.6
КҚ 3.6.7
|
АП 03
|
Шаш сәнін үлгілеу және көркемдеу
Пәннің жалпы сипаттамасы: сыртқы көріністегі шаш сәнінің ролі, шаш сәндерінің даму кезеңдері. Шаш сәндер туралы жалпы мәлімет: стиль және сән, шаш сәндерінің топтастырылуы, шаш сәндерінің негізгі стильдері; сәнге байланысты шаш сәндерінің түрлері. Шаш сәндерінің негізгі типтері. Шаш сәндерін және шаш қиюларды үлгілеу және көркемдеу: шаш сәндерін құрастыру; шаш үлгілеудің негізгі принциптері; композиция. Элементтерді таңдаудың ерекшеліктері: градуировка әдісін қолданып шашты қию; шашты жеңілдету жолдары; шаш өсуінің сызығы; шашты өру; шаш сәндерінің безендірілуі және оған қосымшалар; арнайы бағыттағы шаш сәндерін үлгілеу. Қазіргі маусымдағы шаш сәндерінің бағыты: шаш сәндеріндегі сән бағытының ерекшеліктері.
|
Білімдер:
шаш сәндерінің топтастырылуы мен негізгі элементтерін;
бет келбетінің типтерін, бет келбетінің типтерін коррекциялауға ұсыныстарды;
бет келбетінің кемшіліктерін, оны коррекциялау мүмкіндіктерін;
бас пішіндерін, шаштың құрылысын, тұлғаның түрлерін;
модельдеудің негізгі кезеңдерін;
шашты жеңілдетудің түрлерін;
шаштың өсу сызығы ерекшеліктерін;
шаш өрудің түрлерін;
шаш сәніне қосымшалар мен безендірулерді;
арнайы шаш сәндерін;
Іскерліктер:
шаш сәндерінің әр түрлі элементтері мен эскиздерін жасауды;
әр түрлі әдістермен шаш қиюларын орындауды;
шаш сәндерін орындауда қосымшалар мен сәндік безендірулерді қолдануды;
арнайы шаш сәндерін, әр түрлі жастағы балаларға арналған шаш сәндерін, жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп шаш сәндерін үлгілеуді орындауды
|
БҚ 4
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.5
КҚ3.6.7
|
АП 04
|
Сәндік косметика және грим:
Сахналық грим негіздері; терінің гигиеналық және профилактикалық күтімі; макияж техникасы; макияж технологиясы.
|
Білімдер:
гримнің даму тарихын;
гуммозды жапсырмаларды қолдану технологиясын;
гримдердің түрлерін;
макияждың бейнелеу және техникалық құралдарын;
түстің үйлесімін;
беттің бөлшектері мен пішіндерін, пропорцияларын;
макияж түрлерін, олардың тағайындалуын;
макияждағы сән бағытын;
Іскерліктер:
кескіндеу және мүсіндік көлемдік әдістермен гримдеуді;
әр түрлі техникамен гримдерге арналған заттарды дайындауды;
сәндік косметика құралдарына қарай тазалайтын құралдарды таңдауды;
бет және мойын массаждарын жасауды;
тағайындалуына байланысты косметикалық маскалардың әр түрін қолдануды;
қас пен кірпіктерді бояуды;
"бетті оқу" техникасын қолдануды;
қарапайым және күрделі макияж технологиясын қолдануды;
сәндік косметиканың көмегімен әртүрлі бет пішіндеріне коррекция жасауды.
|
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.7
|
АП 05
|
Кәсіпорын экономикасы
Нарықтық жүйе жағдайындағы кәсіпорын: ҚР қызмет көрсету саласындағы экономикалық дамудың негізгі бағыттары; кәсіпорын – экономикадағы негізгі буын, кәсіпорынның негізгі қорлары, айналым құралдары; өндірісті және халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыру; өндірісті ұйымдастыру формалары; еңбек өнімділігі; еңбекті ұйымдастыру; еңбекті нормалау; кіспорын кадрлары; кәсіпорынның қызметін жоспарлау және болжамдау: жылдық жоспардың негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері; бағаның құралуы; салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрлері.
|
Білімдер:
ҚР қазіргі жағдайын, мемлекеттік экономикалық құрылымын;
реформалар жағдайы мен олардың рынокқа қозғалысын;
тұрғындарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, өндіріс принциптерін;
еңбек өнімділігінің маңызын, еңбекті техникалық нормалауды, еңбек жалақысын ұйымдастыруды;
бизнес жоспардың құрылымы мен мазмұнын;
салықтар түрлері мен басқа міндетті төлемдерді;
Іскерліктер:
негізгі қорларды пайдаланудың көрсеткіштерін анықтауды, амортизация суммаларын, айналыс құралдарының айналым көрсеткіштерін;
еңбек өнімділінігің көрсеткіштерін есептеуді, жұмыс уақытының суретін, хронометражды жасауды;
еңбек нормасын, қызметкердің жалақысын есептеуді;
шығын сметасын жасауды, салықтардың негізгі түрлерін есептеуді;
кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді.
|
БҚ 9
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.6
|
ӨО жәнеКП 00
|
Өндірістің оқыту және кәсіби практика
|
|
КП 01
|
Оқу(алғашқы кәсіби біліктілік алатын практика) еңбектің техникалық қауіпсіздігі, өндірістік санитария, жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне нұсқаулық жүргізу.
Әйелдер, ерлер және балалардың шашын қию, шашты қалыпқа келтіру.
|
Іскерліктер:
- әйелдер, ерлер және балалардың шашын қию- выполнять все виды укладки волос;
- күделікті бағыттағы шаш сәнін жасау.
Дағдылар:
- Шаш қиюда, шашты қалапқа келтіруде, шаш сәнінің түрлі бағытын жасауда шығармашылық фантазия мен өзіндік қасиетті көрсету.
|
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.6
КҚ 3.6.7
|
КП 02
|
Технологиялық практика.
Өндірістік технологиялық практика білім алушыларды салондарда жұмыс жасауға машықтандырады, арнайы пәндерден алған білімдерін және ие болған дағдыларын бекітеді.
өндірістік технологиялықпрактика кезінде білім алушы бағдарламада көрсетілген белгіленген жұмыстарды орындайды, күделік жүргізеді, тапсырмаларды орындайды.
|
Іскерліктер:
- еңбек заңнамаларына сәйкес өндірісте ұжымдық және жеке жұмыстарды жасайды. Өзінің және ұжымның жұмысына объективті баға береді.
Дағдылар:
- сән бағытын ескере отырып технологиялық процестерді, шашты бояу, шашты бұйралау, қалпына келтіру және түрлі бағыттағы шаш сәнін орындау.
шаштараз жұмысын және сәндік кометиканы орнындауда шығармашылық фантазия мен өзіндік қасиетті көрсету.
|
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.6
КҚ 3.6.7
|
КП 03
|
Дипломалды практика.
дипломдық жобаны орындауға арналған мәліметтерді жинау, жұмыс орнында орта буын маманы ретінде стажировкадан өту.
|
Іскерліктер:
- өз жұмысының сапасын жетілдіру бойынша шаралар жасау;
- кәсіби қызметі кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Дағдылар:
- дипломдық жобаларды орындауда техникалық құжаттамаларды орындау және шаштараз өнері бойынша жаңа технологияларды игеру.
|
КҚ 3.6.1
КҚ 3.6.2
КҚ 3.6.3
КҚ 3.6.4
КҚ 3.6.5
КҚ 3.6.6
КҚ 3.6.7
КҚ 3.6.8
|