Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет15/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141

Білімдер:

- еңбек құқығының жүйесін, принциптерін, әдістерін және еңбек құқық қатынастарының мазмұнын біледі;

- еңбек және ұжымдық дауларды шешу тәртібін біледі;

- азаматтардың жекелеген санаттарына зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртібін біледі.



Іскерліктер:

- еңбек және ұжымдық шарттардың жобасын құрастырады;

- материалдық залалды өтеу тәртібін біледі;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды есептейді.



БҚ 2

БҚ 6


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.6

АП 04

Заң қызметін ұйымдастыру

Заңгердің кәсіби қызметі. Жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыру жұйесіндегі заң қызметінің ақпараттық-консультативтік міндеттері. Қазақстан Республикасындағы заң қызметінің ерекшеліктері. Шаруашылық субъектілердің мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тәсілдері. Ұйымдағы заң қызметінің шарттық-кінәраттық жұмысы. Азаматтардың үндеуін қарау тәртібі. Қызметтік және коммерциялық құпия. Кәсіпкерліктің құқықтық негізі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және лицензиялау.



Білімдер:

- Қазақстан Республикасының заң қызметінің ерекшеліктерін біледі;;

- шаруашылық субъектілердің мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тәсілдерін біледі;

Іскерліктер:

- шаруашылық шарттарды жасасады;

- сот талап арыздарды ресімдейді;

- азаматтық процессуалдық құжаттарды құрастырады;

- кінәратқа жауап береді және оны ресімдейді. 


БҚ 2

БҚ 3


БҚ 12

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.4

КҚ 3.2.6


АП 05

Банктік құқық

Банк және банк қызметіне түсінік. Банк құқығының пәні, жүйесі және қайнар көздері. Банктің құқықтық қатынастар, олардың субъектілері. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары мен құқықтық статусы. Коммерциялық банктің түсінігі және құқықтық жағдайы. Банктік ақпарат және банктік құпияның құқықтық қорғалуы. Несие қатынастарын құқықтық реттеу. Банктік есептеудің құқық қатынастары. Валюталық операциялар және валюттық нарық.



Білімдер:

- банк қызметінің негізгі міндеттерін, функцияларын, акт түрлерін, банк қызметін реттеуді біледі;

- банк құқық қатынастарының негізгі элементтерін ажыратады;

- Ұлттық банктің және екінші деңгейдегі банктердің мәртебесін анықтайды;



Іскерліктер:

- әртүрлі банктік шарт түрлерін құрастырады;

- несие алу үшін қажетті құжаттар жобасын дайындайды;

- банк есептерінің негізгі нысандарын ажырата алады.



БҚ 2

БҚ 5


БҚ 6

КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.6

АП 06

Қылмыстық құқық

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі. Қылмыстық құқықтың принциптері мен қайнар көздері. Қылмыстық заң, оның кеңістіктегі және мезгілдегі күші. Қылмыс және қылмыс құрамы. Қасақана қылмыс істеу сатылары және оның ұғымы. Қылмысқа қатысу, қатысу нысандары. Қылмыстардың көптігі. Жазаның жүйелері және түрлері. Жаза тағайындау. Қылмыстық жауаптылықтан босату. Жеке адамдарға қарсы қылмыстар. Меншікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке және тәртіпке қарсы қылмыстар.



Білімдер:

- қылмыстық құқықтың міндеттерін, жүйесін, принциптерін және қайнар көздерін біледі;

- қылмыс құрамының элементтерін және қылмыс істеу сатыларын біледі;

- қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату негіздерін біледі;



Іскерліктер:

- қылмыс түрлерін ажыратады;

- жазалау шараларын анықтайды;

- нормативтік құықықтық актілермен жұмыс жасайды.



БҚ 2

БҚ 6


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.6


АП 07

Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі. Іс жүргізу әрекеттерінің жүйесі. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңы. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу. Қылмыстық процесске қатысушылар. Іс жүргізу мерзімдері. Іс жүргізу сатылары. Қылмыстық іс қозғау тәртібі. Сотта іс жүргізу. Үкім. Үкімге шағым және наразылық білдіру тәртібі.



Білімдер:

- қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігін, жүйесін, принциптерін және қайнар көздерін біледі;

- қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін біледі;

- қылмыстық іс қозғау, сотта істі қарау тәртібін біледі;



Іскерліктер:

- іс жүргізу құжаттарымен жұмыс істейді;

- процессуалдық мерзімдерді есептейді;

- іс жүргізу сатыларын анықтайды;

- қылмыстық процесске қатысушыларды анықтайды.


БҚ 2

БҚ 6


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.6


АП 08

Кәсіпкерлік құқық

Кәсіпкерлік құқық түсінігі, жүйесі, принциптері. Кәсіпкерлік шарттардың ұғымы мен түрлері.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері. Кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Кәсіпкерлің қызметті антимонополиялық реттеу.

Сыртқы экономикалық қызмет.


Білімдер:

- кәсіпкерлің құқықтың түсінігін, пәнін, әдістерін, жүйесін біледі;

- кәсіпкерлік шарт түрлерін біледі;

- антимонополиялық заңдарды біледі.



Іскерліктер:

- кәсіпкерлік шарттар жобасын құрастырады;

- нормативтік құқықтық актілерді қолданады.


БҚ 2

БҚ 3


БҚ 5

БҚ 6


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.6

АП 09

Нотариат

Нотариат туралы ұғым. Нотариат қызметін ұйымдастыру. Нотариаттық қызметті реттейтін заң актілері. Нотариустың құқықтық жағдайы. Нотариаттық палата, оның құзыреті. Нотариаттық іс жүргізу. Нотариаттық әрекеттерті жүргізудің негізгі ережелері. Мәмілелерді куәландыру. Мүліктен бас тарту туралы шарттарды куәландыру. Сенімхат, мұрагерлікті куәландыру. Нотариаттық әрекеттерге шағым жасау тәртібі. Куәландыратын жазбалар жасау.



Білімдер:

- нотариат туралы заңдарды біледі;

- мәмілелерді куәландыру және нотариаттық әрекеттерті жүргізудің ережелерін біледі;

- нотариаттық әрекеттерді жасаудың ережелерін біледі.



Іскерліктер:

- әр түрлі мәмілелерді, өсиеттерді, шарттарды, сенім хаттарды рәсімдейді;

- нотариаттық құжаттарды құрастыру кезінде қолданыстағы заңдарды қолданады;

- нотариаттық құжаттарға есеп жүргізеді.



БҚ 2

БҚ 6


КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.5


КҚ 3.2.6

АП 10

Кадрлық менеджмент

Менеджмент түсінігі. Ұйым - менеджмент объектісі ретінде. Ұйымның сыртқы ортасы және ішкі құрылымы. Менеджменттің принциптері және функциялары. Стратегиялық жоспарлау. Мотивация және қажеттілік. Бақылаудың принциптері мен түрлері. Менеджер кәсібі: менеджердің стилі және имиджі. Басшы және қосбасшы. Коммуникациялық процесстер менеджменті. Жанжалдар.



Білімдер:

- кадрлық менеджменттің ұғымы мен мәнін біледі;

- менеджменттің принциптері мен функцияларын біледі;

- ұйымның сыртқы ортасын анықтайды;

- ұжымдағы жанжал түрлерін біледі;

Іскерліктер:

- ұйымның мотивациясы мен қажеттілігін ажыратады;

- ұжымның психологиялық ахуалын анықтайды;

- ұжымдағы жанжал жағдайларын шешеді.



БҚ 1

БҚ 3


КҚ 3.2.6

КП 00

Кәсіптік практика

КП 01

Кәсіптік практика

Іскерліктер:

Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысады және шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайтуға байланысты іс-шараларды жүзеге асырады, кәсіпорын мүлкін сақтауды қамтамасыз етеді.



Дағдылар:

Құқықтық сипаттағы құжаттарды толтырады және ресімдейді.



КҚ 3.2.1

КҚ 3.2.2


КҚ 3.2.3

КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.5

КҚ 3.2.6


      Ескерту. 1-кесте. Базалық құзыреттер

Құзыреттер коды

Базалық құзыреттер (БҚ)

БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

БҚ 10


БҚ 11

БҚ 12


Жұмыс орнын ұйымдастыра білу

Ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардың нормативтік құқықтық құжаттарын білу

Экономика негіздерін, еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың білу

Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу

Қызмет көрсетудің құралдары мен тиімді әдістерін таңдау

Еңбек ету барысында білім мен дағдыларды, кәсіптік білімді жаңартып және толықтырып отыру

ҚР заңдарының талаптарын, нормативтік актілерді, тиісті қаулылар мен нұсқауларды сақтау

Кәсіби этиканы сақтау

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу

Салалық заң ғылымының жалпы ережелерін білу

Құқықтық қызмет бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды білу

Жоғары білікті маманның басшылығымен түрлі жұмыстар орындау



      2-кесте. Кәсіптік құзыреттер

ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзыреттер (КҚ)

Орта буын маманы

020101 - Заңгер

КҚ 3.1.1. Құқықтық құжатты ресімдеуде заңи көмек көрсету;

КҚ 3.1.2. Азаматтық және қылмыстық істерді ресімдеу;

КҚ 3.1.3. Кіріс және шығыс құжаттарды есепке алу және тіркей алу;

КҚ 3.1.4. Атқару құжаттарын ресімдеу;

КҚ 3.1.5. Құқықтық құжаттарды ресімдеу;

КҚ 3.1.6. Нотариаттық құжаттарды құрастыру тәсілдерін иелену;

КҚ 3.1.7. Қызмет көрсетудің түрлі тәсілдерін жетілдіру.


Орта буын маманы

020102 – Заңгер-кеңесші

КҚ 3.2.1 Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдарға әртүрлі құқық құжаттарын ресімдеуге құқықтық көмек көрсету;

КҚ 3.2.2. Заңды тұлғаның құқылымдық бөлімшелеріне құқықтық жұмыста әдіснамалық көмек көрсету;

КҚ 3.2.3. Даулы жағдайды шешу тәртібін түсіндіреді;

КҚ 3.2.4. Кіріс және шығыс құжаттарды есепке алу және тіркей алу;

КҚ 3.2.5. Азаматтық-құқықтық шарттарды, азаматтық процессуалдық және нотариалдық құжаттарды құрастыру әдістерін меңгеру;

КҚ 3.2.6. Көрсетілетін қызмет түрлерінің орындалу әдіс тәсілдерін жетілдіру.



 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 9–қосымша

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет