Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет15/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   182





Кесте 2 Кәсіптік құзыреттіліктер






ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзыреттіліктер (КҚ)

3. Орта буын

маманы


3.1 0101013 - «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

КҚ 3.1.1. Жалпы және мектепке дейінгі педагогиканы, психологияны, жасерекшелік физиологиясын, гигиены және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін білу;

КҚ 3.1.2. Қарым–қатынас этикасын, балалардың психологиялық, анатомиялық–физиологиялық даму ерекшеліктерін және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін экстремальды жағдайларда әрекет ету тәртібін білу;


КҚ 3.1.3. Тәрбие беру жұмысының функциялары мен мазмұнын, балалар ұжымын диагностикалаудың әдістерін білу;


КҚ 3.1.4. Пәндерді оқыту әдістемелерін меңгеруі; тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдіс тәсілдерін, құралдары мен нысандарын қолдану;


КҚ 3.1.5. Балалардың танымдық және ақыл-ой қабілеттерін дамыту, оқу іс–әрекетін қалыптастыру;


КҚ 3.1.6. Балаларда эстетикалық қабылдау мен пайымдауларын қалыптастыру; көркемдік талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;


КҚ 3.1.7. Балаларды мәдени гигиеналық дағдыларға үйрету және оларды саналы түрде орындауға тәрбиелеу; шаруашылық–тұрмыстық еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;


КҚ 3.1.8. Балаларда қоршаған ортаның қарапайым құбылыстары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, танымдық психикалық үрдістерін дамыту;


КҚ 3.1.9. Режимдік үрдістерді және оқыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру;


КҚ 3.1.10. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттерін анықтау;


КҚ 3.1.11. Баланы эстетикалық дамытудың тәсілдерін меңгеру, ән айтуға, сурет салуға, би билеуге үйрету, баланың бос уақытын (театрға, киноға, музейлерге жорықтар және т.б.) ұйымдастыру. Музыка, этика және эстетика, бейнелеу өнерін оқыту.


КҚ 3.1.12. Әртүрлі жастағы балаларға арналған, олардың қабілетін дамытатын үстелүстілік, дидактикалық, компьютерлік, интеллектуальдық ойындарды ұйымдастырудың әдістерін меңгеру;


КҚ 3.1.13. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, жеке гигиенаны, балалар өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау; медициналық, зертханалық бақылаулардан уақытында тексеріліп отыру;


КҚ 3.1.14. Оқу-бағдарламалық құжаттарын әзірлеу негіздерін меңгеру, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу.


3.2 010102 3 – «Тәрбиеші - ана (патронат тәрбиешісі)»:

КҚ 3.2.1. Баланы отбасында психологиялық-педагогикалық және медициналық–әлеуметтік қолдау және орналастыруды жүзеге асыру;

КҚ 3.2.2. Баланы (бүлдіршінді) олардың пікірлері мен асыраушы, қомқорлық көрсетуші органдардың ұсыныстарын ескере отырып тәрбиелеу тәсілдерін анықтау;


КҚ 3.2.3. ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес балаларды тәрбиелеу, оның денсаулығына, физикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасау;


КҚ 3.2.4. Балаларды жан-жақты физикалық, танымдық, әлеуметтік және эстетикалық жағынан дамыту, жеке тұлғаның базалық негізін қалыптастыру;


КҚ 3.2.5. Балалардың дамуы мен білім алуына жағымды педагогикалық ортаны құруды қамтамасыз ету;


КҚ 3.2.6. Балалар үшін әлеуметтік–психологиялық қайта қалпына келтіру, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін қажетті жағдай туғызу, күнделікті жұмыстар жүргізу;


КҚ 3.2.7. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңестер беру, құжаттарды ресімдеуге көмектесу;


КҚ 3.2.8. Балалардың қауіпсіздігі мен шиеленіссіз қарым–қатынастарын қамтамасыз ететін қоғамдық тәртіп ережелеріне үйрету;


КҚ 3.2.9. Мектепке дейінгі ұйымдардағы және отбасындағы баланың психоэмоционалдық комфорт деңгейін анықтайды, ұжыммен және ата-аналармен қарым-қатынаста жағымды мінез-құлық пен этикет нормаларына үйретеді;


КҚ 3.2.10. Отбасында шығармашылық және моральдық-психологиялық климат қалыптастыру, мәдени ойын-сауық іс-шаралар ұйымдастыру;


КҚ 3.2.11. Білім беру мәселелері бойынша ата-аналармен әріптес болуды жүзеге асыру, қажет болған жағдайда ата–аналармен педагогикалық–ағартушылық жұмыстар жүргізу;


КҚ 3.2.12. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, жеке гигиенаны, балалар өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты сақтау; медициналық, зертханалық бақылаулардан уақытында тексеріліп отыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет