Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет13/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   182

- қазақ тілін оқытудың бастапқы грамматикалық дағдыларын,


- шығармашылық қабылдауды дамытушы әдістер мен талаптарды;


- көркем әдебиетпен таныстыру әдістерін;


- сөз туғызатын морфологиялық және морфологиялық емес тәсілдерді;


Іскерліктер:


- оқу–әдістемелік материалдарды басшылыққа ала отырып, қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру;


- балалардың шығармашылық қабылдауларын, қабілеттерін дамыту;


- диалогпен сөйлеуді дамыту;


- заттарға сипаттама беру, сюжетті - рольдік ойындар құрастыру;


- тақырыптық сөздіктермен жұмыс жүргізу, сөзтіркестерін, сөйлемдер және әңгімелер;


- қарапайым қазақ сөздерін меңгерту;


- балалардың қазақ тілі бойынша білімдерін есепке алу, бағалау жұмыстарын жүргізу


БҚ 7

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.10


АП 13.6

Іс жүзіндегі психолог

Жас ерекшелік психологиясы және зерттеу әдістері, объектілері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалаудың әдістемелері. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізетін психологтардың жұмыстары, ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмыстарының шетелдік тәжірибелері. Психологиялық жаттығулар және олардың түрлері. Психологиялық сауықтыру бөлмелері.


Білімдер:

- мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік психологиясының негіздерін, әдістерін;


- балалар психологиясындағы ауытқушылықтарды, оларды түзетудің жолдары мен тәсілдерін;


- іс жүзіндегі психологтың функцияларын;


- психологиялық жұмыстардың жаңа технологияларын, шетелдік тәжірибелерді;


Іскерліктер:


- мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалау;


- мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыс түрлерін жүргізу;


- психологиялық сауықтыру бөлмелерін жабдықтау.


БҚ 5

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.10


010102 3 - Тәрбиеші - ана (патронат тәрбиешісі) біліктілігі бойынша:

АП 14

Әлеуметтік психология

Әлеуметтік психология пәні мақсаты, міндеті.


Жеке тұлғаның феноменологиясы, құрылымы және динамикасы. Әлеуметтік психологияның негізгі әдістері. Отбасы феноменологиясы. Әлеуметтік психология ғылым ретінде дамуының кезеңдері. Агрессия. Қақтығысу.


Білімдер:

- жеке тұлғаның дамуының феноменологиясын;


- әлеуметтік психологияның тарихы мен салаларын;


- конфликтологияның негізгі ұғымдарын.


Іскерліктер:


- жеке тұлғаны әлеуметтендіруде негізгі әлеуметтік мүмкіндіктерін есепке алу және тұлғаның психологиясына жағымды әер ету;


- әлеуметтік пихология әдістерін қолдану;


- қақтығысудың жағымды және жағымсыз функцияларын ашу;


- әр түрлі категориядағы адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау;


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3


КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.6


КҚ 3.2.10


АП 15

Әлеуметтік педагогика

Әлеуметтік педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері. Әлеуметтік педагог мамандығы. Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде. Әлеуметтендіру - әлеуметтік педагогиканың негізгі проблемасы. Отбасы әлеуметтендірудің жетекші институты. Мектепке дейінгі мекеме және мектеп – ашық әлеуметтік жүйе. Әлеуметтік педагогтің ерекше категориялы балалармен жұмысы. Балаларды әлеуметтік қорғау. Шетелдегі әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс.


Білімдер:

- әлеуметтік педагогиканың теориясын;


- әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен мазмұнын;


- әлеуметтік педагогиканың ғылым және практикалық іс-әрекет ретінде;


- шетелдегі - әлеуметтік педагогикамен әлеуметтік қызметкердің теориялық негіздерін;


- әлеуметтік педагогтің қызметі мен әлеуметтік ролін, міндеттерін, этикалық кодексін;


Іскерліктер:


- әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастырып, жоспарлау;


- әлеуметтік педагогикалық әдістерді тиімді қолдану;


- бала құқықтары туралы ҚР заңдарының және БҰҰ Бала құқығы конвенциясының негізінде балаларды қорғау;


- шетелдегі әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс әдіснамаларын тәжірибеде қолдану.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3


КҚ 3.2.1


КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.4


КҚ 3.2.5


КҚ 3.2.11


ӨО және КП 00

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

ӨО. 01

Өндірістік оқыту

ӨО. 01.1

Медициналық-санитарлық практика Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметті ұйымдастыру негіздері

және оның міндеттері. Бақытсыздық жағдайға ұшырағанда, жарақат алған кезде және төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің нормативтерін орындау. Уландырғыш заттармен зақымдану және улану жағдайындағы алғашқы медициналық көмек. Жұқпалы аурулар және олармен күресу шаралары. Жарақаттанған науқас адамдарды күту және медициналық мекемелердегі емдеу шараларын жүргізу.


Дағдылар:

- бала ағзасы құрылысының ерекшелігі мен тіршілік әрекетінің негізгі үрдісі жағдайын ескеру;


- адам өмірінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздігін сақтау;


- бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай болған аймақтан халықты құтқару жұмыстарын жүргізу;


- төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;


Іскерліктер:


- төтенше жағдайда қорғану шараларын жасау;


- төтенше жағдай болған аймақта өзін және өзгелерді құтқару жолдарын меңгеру;


- төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгеру;


- зардап шеккендерге таңу, тасымалдау, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету.


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.13


КҚ 3.2.3


КҚ 3.2.11


ӨО. 01.2

Компьютерлік технология бойынша практика

Операциялық жүйелер. Word текстік редакторы. Excel электронды кестесі Power Point бағдарламасы. Деректер базасын басқару жүйесі. Офистік құрылғыларды басқару жүйелері.


Компьютерлік желілер.


Мультимедиа мүмкіндіктері.


Дағдылар:

- компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережелерін, гигиеналық талаптарды орындау;


- компьютерде мәтіндік және графиктік ақпараттарды жылдам теру;


- Power Point бағдарламасының негізгі ұғымдарын, слайдпен жұмыс істеу режимдерін орындау;


- оргтехникалық аппараттардың айырмашылықтарын ескеру;


- жергілікті желі мен ауқымды желінің айырмашылығына сәйкес жұмыс жүргізу;


- интернетке қосылу түрлерін, протокол, браузермен жұмыстарды жүргізу;


- мультимедиалық технологияның жұмыс принциптерін орындау;


- компьютердің аппараттық бөлігіне қойылатын талаптарды сақтау;


Іскерліктер:


- аудио-видео цифрлық технологияның мүмкіндіктерін қолдану;


- гипермәтін, мультимедиялық құжатты презентацияны көрсету;


- терезелермен негізгі операцияларды орындау;


- мәтін ішінде графикалық объектілерді орнату;


- диаграмма құру;


- сурет салу, бұру, созу, қисайту операцияларын орындау;


- кесте даярлау, өңдеу;


- анимациялық эффектілерді, сілтемелер орнату;


- принтерді, сканерді көшіру аппараттарын пайдалану;


- желіде хабар алмасу және бағдарламаларын орнату;


- электрондық пошта, чат оқу процесінде пайдалану.


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.11


ӨО. 01.3

Байқау практикасына дайындық

Базалық мектепке дейінгі ұйымдардың базасы. Педагогикалық ұжым мен жас ерекшелік топтарындағы балалар. Оқу–тәрбие жұмыстарының жоспары. Жоспар негізінде жұмыстарды ұйымдастыру.


Табиғат бұрышында, жер учаскесінде бақылау, еңбек жұмыстарының түрлері. Психологиялық–педагогикалық диагностика. Практика күнделіктері мен есеп. Педагогикалық кеңестерге қатысу. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар Балаларға мінездеме жазу. Байқау сабақтарын өткізу. Озық педагогикалық іс-тәжірибелері. Талдау мәселелері. Техникалық және өрт қауіпсіздігі шаралары.


Дағдылар:

- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру бағдарламасының мазмұнына сай мақсат - міндеттерін орындау;


- техникалық және өрт қауіпсіздігі шараларының талаптарын орындау.


Іскерліктер:


- мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыстарды жоспарын жоспарлау;


- спорттық ойындар, мерекелер, ертеңгіліктер мен ойын – сауық сценарийларын құру;


- ата–аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру;


- жас ерекшелік топтарындағы балалармен оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;


- жас ерекшелік топтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының көрнекіліктерін, жоспарларын, сценарийлерін құру;


- балаларға мінездеме жазуды, диогностикалау, жүргізілген жұмыстар бойынша күнделіктер мен есеп жазу;


- байқау сабақтарын өткізіп, дидактикалық талдау жүргізу;


- көрнекі құралдарды әзірлеп, оларды пайдалану.


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.10


КҚ 3.1.11


ӨО. 01.4

Табиғаттану және экология практикасы

Қоршаған ортамен табиғат бұрышындағы жануарлар. Мектепке дейінгі ұйымдардағы, колледждегі учаскені көгалдандыру. Фенологиялық бақылау. Экобио орталықтарында, өлкетану мұражайларына, ботаникалық баққа, зообаққа саяхат жасау. Дүниетану зертханасын немесе кабинетін гүлдендіру. Гербарий, жәндіктер колекциясын ұйымдастыру. Табиғатты қорғау және бақылау жұмыстары.


Дағдылар:

- балаларды табиғатпен таныстыру бойынша білім беретін, тәрбиелейтін жұмыстарды жүргізу;


- педагогикалық технологияларды қолдану;


- маусымдық жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдерін, нысандарын анықтау;


- экопостпен экобақылау жұмыстарын ұйымдастыру;


- табиғат туралы түсініктер қалыптастыру;


- жергілікті жердің климаттық ерекшеліктерін анықтау;


қоршаған ортаны және табиғатты қорғау бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарды жүргізу;


- экологиялық міндеттерді шешу жолдарын табу;


Іскерліктер:


- оқытудың дамытушылық, тәрбиелеушілік міндеттерін анықтау және жүзеге асыру;


- сабақтарда, бақылау кездерінде, саяхатта, серуенде және күнделікті өмірде экология және табиғат туралы ұғым қалыптастыру;


- табиғатты және экологияны қорғау бойынша балалармен түрлі жұмыстар өткізуге, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;


- табиғат бұрышына объектілерді іріктеу, орналастыру және балалардың табиғатқа қамқорлық пен сүйіспеншілік қатынастарын қалыптастыру;


- табиғатты және табиғи құбылыстарды бақылау, табиғат күнтізбесін жүргізу;


- педагогикалық технологиялары балаларды табиғи құбылыстармен таныстыру үрдісінде қолдану;


- мектепке дейінгі ұжымдардың учаскесін көгалдандыру;


- фенологиялық бақылау жасау;


- гербарий, жәндіктер коллекциясын, табиғатты қорғау және бақылау жұмыстарын ұйымдастыру;


- бөлме өсімдіктерін күтіп–баптау, ауланы гүлдендіру жұмыстарын орындау;


- табиғат бұрышындағы жануарларға қомқорлық жасау.


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.10


ӨО. 01.5

Жазғы педагогикалық практикаға дайындық

Практиканың бағдарламасымен, санитарлық–гигиеналық талаптарымен, жазғы сауықтыру топтарындағы ережелермен танысу. Мектепке дейінгі мекемелердегі жазғы жұмыстың үлгі жоспарын жоспарлау. Жазғы сауықтыру топтарындағы тәрбиешілердің жұмыс жүйесімен танысу. Балалармен ұйымдастырылатын спорттық ойындар, мерекелер, ертеңгілік тердің жоспарларын мен ойын–сауық сценарийларын құру. Ата–аналар мен жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Баланың жеке тұлғасы мен ұжымды диагностикалау бойынша материалдар әзірлеу. Балалар мен ұжымды зерттеу әдістері: социометрия, балалардың белсенділіктерін, эмоцияларын, шығармашылық деңгейлерін, қызығушылықтарын анықтау әдістері. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, жолда жүру және өрт қауіпсіздігі техникалары. Балалар мен бүлдіршіндер бақшасының құжаттары.


Дағдылар:

- кәсіптік тәжірибенің мақсаты мен міндеттеріне сай жоспарлау;


- техникалық және өрт қауіпсіздігі шараларының талаптарын орындау;


- балаларды психологиялық-педагогикалық дамыту бойынша жұмыстар жоспарлау, өткізу;


Іскерліктер:


- мектепке дейінгі мекемелерде жазғы жұмыстарды жоспарлау;


- спорттық ойындар, мерекелер, ертеңгіліктер мен ойын–сауық сценарийларын құру;


- ата–аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру;


- жас ерекшелік топтарындағы балалармен оқу–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;


- режимдік үрдістер мен сауықтыру шараларының жоспар конспектісін құрастыру;


- дидактика мен жеке пәндер әдістемелерін зерделеу барысында алған білімдерін шығармашылықпен пайдалану;


- балалардың ойын, еңбек, дене тәрбиесі іс әрекеттерін ұйымдастыру;


- көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар дайындау;


- инновациялық озық педагогикалық тәжірибелерді жұмыс барысында қолдану.


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.10


КҚ 3.1.11


КҚ 3.1.12


ӨО. 01.6

«Баланың мектептегі алғашқы күні» практикасы

Алғашқы қоңырауға дайындық, қатысу, талдау. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығы. Алғашқы күндердегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үрдісінің ерекшеліктерін бақылау. Оқушылардың алғашқы күндері, мектепке бейімделуі. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары. Оқу–тәрбие процессінде қолданылатын педагогикалық технологиялар. Үзіліс кезіндегі сергіту сәттерін, ойындарды ұйымдастыру, мұғалімдерге көмек көрсету. Диагностикалау. Мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларымен қарым–қатынасы.


Тәжірибе барысында қалыптастырылған құзыреттіліктердің тізімін құрастыру. Шығарма жазу. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Диплом қорғау үшін материалдар жинақтау.


Дағдылар:

- педагогикалық технологиялар мен көрнекі құралдар қолдану;


- оқушылардың бейімделу кезеңдері туралы күнделік толтыру;


- өз бетінше кәсіби іскерлігін дамыту, мұғалімге көмектесу;


- үзіліс кезінде түрлі дамытушылық, қызықты ойындар ұйымдастыру, оқушыларды қабылдау, үйлеріне жеткізу т.б. жұмыстарды орындау;


Іскерліктер:


- алғашқы күндердегі оқушылардың мектепке бейімделу кезеңін бақылау, талдау және ерекшеліктерін анықтау (мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығына байланысты);


- бірінші сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жинақтау әдісі мен талаптары туралы білімдерін тереңдету;


- апталық оқу–тәрбие жұмыстарын жоспарлау;


- алғашқы күндердегі оқытудың мазмұнын, сабақтың әдіс


– тәсілдерін зерделеу;


- бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен ерекшеліктерін зерделеу және ата-ананың 1 - сыныпқа оқушыны даярлаудағы ролін анықтау;


- алғашқы күндердегі оқушының мектепке бейімделуін диагностикалау және талдау жүргізу және балалардың мектепке дайындық деңгейін анықтау.


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.10


КҚ 3.1.11


ӨО. 01.7

Диплом алды практикасына дайындық

Практика базаларымен танысу. Барлық пәндер бойынша практикант папкасын әзірлеу.


Білім көрмесіне дайындалу. Мектепке дейінгі мекемелерде өз беттерімен жұмыс жүргізуге дайындалу. Болашақ тәрбиеші портфолиосын қорғау. Жобалардың тұсаукесерлерін жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет