ЖКП 03
|
Этнопедагогика:
Қазақ этнопедагогикасы: теориясы және ғылыми-әдістемелік негізі. Этнопедагогикалық идеялардың қысқаша тарихы. Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері: дене, еңбек, эстетикалық, ақыл-ой, елжандылық, экологиялық.
Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі. Білім беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы.
|
Білімдер:
- этнопедагогиканың пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері;
- этнопедагогикалық идеялардың тарихы және қалыптасуы;
- ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, елжандылық, экологиялық тәрбиенің мазмұны, құралдары.
Іскерліктер:
- қазақ халқының тәрбиесі туралы ақпараттар жинау;
- отандық педагогтардың этнопедагогикалық зерттеулерін оқу-тәрбие жұмысында қолдану;
- ұлттық тәрбиені жоспарлау.
|
БҚ 1,2,3,4,5, 6,7,8,9
КҚ 3.1.1,
3.1.6-3.1.9,
3.1.12,
3.2.1,
3.2.6-3.2.9,
3.2.12,
3.3.1,
3.3.6-3.3.9,
3.3.12
|
ЖКП 04
|
Биомеханика:
Жалпы биомеханика: адам ағзасы құрылысының биомеханикалық ерекшеліктері. Адам қимылын басқарудың, ұйымдастырудың, биомеханиканың негіздері. Кинематика және адам қимылының динамикасы. Қимыл сапаларының биомеханикасы. Дене жаттығуларымен емделу мен қалпына келтірудің биомеханикалық негіздері. Жеке биомеханика негіздері мен емделу биомеханикасының негіздері.
|
Білімдер:
- адам денесінің биомеханикалық құрылыс ерекшеліктері;
- адам қозғалысының кинематикасы мен динамикасы;
- дене жаттығуларымен биомеханикалық емдеу негіздері;
- адамның әртүрлі қозғалыстарының биомеханикасы;
- мектеп оқушысының сымбатына мінездеме беру;
- дене жүктемесі кезінде қызметтердің өзгеруіне байланысты қысқа және ұзақ мерзімді бейімделушілік тиімділігін айыру;
- ағзаның әртүрлі жағдайларын тиімділендіру;
- денені мақсаткерлікпен жаттықтыруда берілген физиологияны пайдалану;
- емдік биомеханика элементтерін қолдану;
- дене жүктемесі мен ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің өзара байланысы.
Іскерліктер:
- оқушының дене дамуындағы негізгі антропометрикалық көрсеткіштерін пайдалану.
|
БҚ 1,8,9
КҚ 3.1.1,
3.1.6-3.1.9,
3.1.12,
3.2.1,
3.2.6-3.2.9,
3.2.12,
3.3.1,
3.3.6-3.3.9,
3.3.12
|
ЖКП 05
|
Биохимия:
Кіріспе. Адам ағзасының химиялық құрамы. Су-дисперсиялық жүйе. Ферменттер және олардың тіршілік әрекетіндегі маңызы. Дәрумендер. Гормондар. Биоэнергетика. Көмірсулар, майлар, ағуыздар, су және минерал заттардың алмасуы. Ағзадағы зат алмасу, реттелу және өзара байланыс процесі. Дене жаттығуларының биохимиясы. Әртүрлі жастағы дене жаттығуларымен айналасудың әдістемелік жүйесінің биохимиясы. Тамақтану негіздерінің биохимиясы. Денсаулықтың биохимиялық негіздері.
|
Білімдер:
- адам ағзасының химиялық құрамы;
- ағзаның белсенді биологиялық заттарының құрамы және құрылымы;
- дене жаттығуларының биохимиясы;
- тамақтанудың биохимиялық негіздері;
- ағзаның биохимиялық жағдайының жас ерекшеліктері;
- бұлшықет қызметінің биохимиялық үрдісі;
- зат алмасудың негізгі көрсеткіштерін анықтау;
- дене тәрбиесі мен спорттың биохимиялық негіздері;
- бақылау әдістері.
Іскерліктер:
- биохимиялық препараттармен, реактивтермен жұмыс жасау;
- оқушыларға арналған тәулік мәзірін құру;
- әртүрлі дене жаттығулары кезінде физикалық реакция ерекшеліктерін талдау.
|
БҚ 1,8,9
КҚ 3.1.1,
3.1.6-3.1.9,
3.1.12,
3.2.1,
3.2.6-3.2.9,
3.2.12,
3.3.1,
3.3.6-3.3.9,
3.3.12
|
ЖКП 06
|
Спорттық медицина:
Денсаулық және оны анықтаушы факторлар. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі қауіптің негізгі факторлары, олардың себептері, таралуы. Өзін-өзі сауықтыру және өзін-өзі жетілдіру жүйесі.
Бейімделу және стресс. жасөспірімдер мен Балалардағы норма және нормадан ауытқушылық. Балалар аурулары, олардың жіктелуі. Жұқпалы аурулар, олардың алдын алу. Балалар зақымданулары, оларды болдырмау.
|
Білімдер:
денсаулық және оны анықтаушы факторлар;
қауіптің негізгі факторлары, олардың себептері, таралуы;
балалар аурулары, олардың жіктелуі;
жұқпалы аурулар, олардың алдын алу;
балалардың зақымданулары.
Іскерліктер:
қауіп факторларын анықтау, балалар зақымдануын алдын-алу;
жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізу.
|
БҚ 1,8,9
КҚ 3.1.1,
3.1.6-3.1.9,
3.1.12,
3.2.1,
3.2.6-3.2.9,
3.2.12,
3.3.1,
3.3.6-3.3.9,
3.3.12
|
ЖКП 07
|
Тәрбие жұмысының әдістемесі:
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, тәрбиенің әдістері, формалары, сынып жетекшісінің іс-әрекеті, сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып сағаттарын жоспарлау және өткізу. Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі. Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогика.
|
Білімдер:
- мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, бағыттары;
- тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары;
- тәрбие жұмысын жоспарлау ерекшеліктері;
- сынып жетекшісінің міндеттері және функциялары;
- оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолдану.
Іскерліктер:
- тәрбие жұмысын жоспарлау және өткізу;
- тәрбиенің алуан түрлі әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдану;
- сыныптық, сыныптан тыс, мектептен тыс шаралардың алуан түрін қолдану;
- сынып жетекші жұмысын жүзеге асыру;
- ата-аналармен жұмыс жүргізу.
|
БҚ 1,2,3,4,5,6,7,8,9
КҚ 3.1.1,
3.1.6-3.1.10,
3.1.12,
3.2.1,
3.2.6-3.2.10,
3.2.12,
3.3.1,
3.3.6-3.3.10,
3.3.12
|
ЖКП 08
|
Анатомия, физиология
және дене шынықтыру гигиенасының негіздері:
Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасы негіздері пәнінің мазмұны. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі және гигиенасы. Тірек қимыл жүйесінің құрылысы, қызметі және гигиенасы. Қимылдарды қамтамасыз ету мен реттеудегі анатомияның динамикалық функциональдық жүйесі. Дене шынықтыру жаттығуларының физиологиялық сипаттамасы, ағзаның бұлшық еттер қызметіне бейімделуі.
Жүрек тамыр жүйесінің құрылысы, қызметі және гигиенасы.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы, қызметі және гигиенасы. Ас қорыту жүйесінің құрылысы, қызметі және гигиенасы.
Спортшылар мен оқушылардың тамақтану гигиенасы. Зат алмасу. Зәр шығару жүйесінің құрылысы, қызметі және гигиенасы. Терінің құрылысы, қызметі және гигиенасы. Ағзаны шынықтыру.
Кейбір спорт түрлері мен шынықтыру әдістемесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Дене шынықтыру жүктемесіне бейімделудің анатомоморфологиялық шарттары.
Спорттық жаттығуларға, сабақ өтетін орындарды жабдықтауға, спорттық құралдарға қойылатын гигиеналық талаптар. Спортпен, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысқан кездегі адамның жеке бас гигиенасы.
|
Білімдер:
- ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ететін негізгі шарттар;
- мүшелердің құрылысы мен қызметінің байланысы және ағза мен қоршаған орта арасындағы өзара байланыс;
- дене шынықтыру жаттығуларының ағзаға әсері;
- адам ағзасын зерттеу әдістері;
- жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметтік ерекшеліктері;
- адамның өсу мен даму заңдылықтары;
- жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы және қызметі;
- тежелудің түрлері, жоғары дәрежелі әрекеттің қазіргі теориясы;
- анализаторлардың жалпы қасиеттері, олардың жіктелуі;
- тірек қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері;
- ішкі секреция бездерінің құрылысы, қызметі және гигиенасы;
- зат алмасудың маңызы мен түрлері;
- қан айналымының маңызы мен ерекшеліктері;
- жүректің маңызы, құрылысы және гигиенасы;
- тыныс алу жүйесінің маңызы мен құрылысы, гигиенасы;
- ас қорыту жүйесінің маңызы мен құрылысы;
- терінің маңызы, құрылысы мен қызметі;
- спорт пен дене шынықтыру гигиенасының тарихы;
- адам ағзасына қоршаған ортаның температуралық әсері;
- шынықтырудың гигиеналық қағидалары;
- оқу үрдісін ұйымдастырудың гигиеналық негіздері;
- сабақты өткізетін орынға қойылатын гигиеналық талаптар.
Іскерліктер:
- антропометриялық өлшеулерді өткізу, статистикалық мәліметтерді салыстыру;
- анатомия, физиология және гигиена пәндерінен сызбаларды пайдалану;
- жоғары дәрежелі жүйке әрекеттерінің түрлерін ажырату;
- жас ерекшеліктеріне байланысты балалардың жұмыс қабілетін ескере отырып,сабақ кестесін талдау;
- дене шынықтыру сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптарды талдау;
- мектеп жасындағы балалардың зат алмасу көрсеткіштерін анықтау;
- балалар мен жасөспірімдердің ауруларын алдын алу шаралары;
- жүректің қызметін зерттейтін әдістерді анықтау;
- жасөспірімдер мен балалардың күн тәртібі мен тамақтану гигиенасы ережелерін сақтау;
- күн сәулесі, ауа, су арқылы шынықтыру ережелерін құрастыру;
- үсу, күю кезіндегі дәрігерлердің алғашқы жәрдем көрсетуі;
- ауаның ылғалдығы, атмосфералық қысымы, температурасын анықтау;
- тәулік рацион құрастыру, спортшының тәуліктік энергиясын құрастыру;
- әртүрлі жастағы балаларға дене шынықтыру жаттығулардың кешенін құрастыру.
|
БҚ 1,4,8,9
КҚ 3.1.1,
3.1.6,
3.1.7,
3.1.9,
3.1.12,
3.2.1,
3.2.6,
3.2.7,
3.2.9,
3.2.12,
3.3.1,
3.3.6,
3.3.7,
3.3.9,
3.3.12
|
ЖКП 09
|
Дене тәрбиесі және спорт менеджменті:
Дене шынықтыру қозғалысын басқару жүйесіндегі негізгі ұғымдар мен қызметтер.
Дене шынықтыру қозғалысын басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.
Дене шынықтыру мен спортты басқару теориясының негізгі ережелері.
Дене шынықтыру мен спортты басқару қызметтері, принциптері мен әдістері.
Дене шынықтыру саласындағы қазіргі экономикалық қатынастар.
Кәсіби спорттың экономикалық аспектілері.
|
Білімдер:
- қазіргі менеджмент туралы;
- менеджмент қызметі, түрі мен психологиясы;
- дене шынықтыру мен спортты басқару теориясының негізгі ережелері;
- ұжымдағы іскерлік қарым-қатынас принциптері;
- Дене шынықтыру мен спортты басқару саласындағы ақпараттық технологиялар;
- кәсіби спорт саласындағы менеджмент ерекшеліктері.
Іскерліктер:
- дене шынықтыру мен спортты басқару қызметтері, принциптері мен әдістерін қолдану;
- жарыстарды жоспарлап, ұйымдастыру, спортшыларды ынталандыру, дене тәрбиесінің жағдайын қадағалау.
|
БҚ 1,2,4,5,6,7,9
КҚ 3.1.1, 3.1.2,
3.1.5-3.1.8,
3.1.12,
3.2.1, 3.2.2,
3.2.5-3.2.8,
3.2.12,
3.3.1, 3.3.2,
3.3.5-3.3.8,
3.3.12
|
ЖКП 10
|
Интерактивті технологияларды қолдану:
Жаттықтырушының ақпараттық сауаттылығы мен мәдениеті. Интерактивті оқыту ұйымдастыру. Нұсқаушы, мұғалім, жаттықтырушы қызметіндегі электрондық қорлар. Қашықтықтан оқыту. On-line және off-line режимдерінде оқу. «Электрондық портфолио». Мультимедиялық технологиялар. Интерактивті арнайы тәсілдер мен құралдар.
|
Білімдер:
- ақпараттық технологиялар негізі;
- мультимедиялық технология туралы;
- қашықтықтан оқыту, on-line режимі туралы;
- «электрондық портфолио» туралы;
- интерактивтік технология туралы.
Іскерліктер:
- компьютермен жұмыс;
- компьютерді қолданып, мәтіндік және графикалық, аудио-видео ақпараттарды өңдеу;
- автоматтандырылған бақылаушы және тестілеуші бағдарламалармен жұмыс жасау;
- цифрлық аудио және видео технологияларды қолдану мүмкіндіктері;
- электрондық пошта, чат, телеконференцияларды қолдану;
- интерактивті тақта, интерактивті планшет, графикалық планшет, электрондық қарындаш, күнделікті «кері байланыс» аппаратын қолдану.
|
БҚ 1,3,4,5,6,7,9
КҚ 3.1.1, 3.1.6,
3.1.7, 3.1.12,
3.2.1, 3.2.6,
3.2.7, 3.2.12,
3.3.1, 3.3.6,
3.3.7, 3.3.12
|
ЖКП 11
|
Дене тәрбиесі және спорт тарихы:
Дене тәрбиесі және спорттың жалпы тарихы. Пайда болуы. Дене шынықтырудың негізгі кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы дене тәрбиесі және спорт.
|
Білімдер:
- дене тәрбиесі және спорттың туындауының негізгі заңдылықтары, дамуы және әлеуметтік мәні;
- ежелгі заманнан біздің заманымызға дейінгі тарихы.
Іскерліктер:
- қоғамдағы тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайларға байланысты дене тәрбиесі және спорттың дамуының негізгі тенденцияларын анықтау;
- дене тәрбиесі және спорттың маңызды формалары, әдістері мен құралдарын табу және практикада қолдану.
|
БҚ 3,4,5,6,7,8,9
КҚ 3.1.1,3.1.7,
3.1.12,
3.2.1,3.2.7,
3.2.12,
3.3.1,3.3.7,
3.3.12
|
ЖКП 12
|
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу
Іс жүргізу ұғымы, жүйесі және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық- өкімдік, нормативтік-құқықтық, анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Істі безендіру, сақтау және мұрағатқа тапсыру. Қызметтік этикет.
|
Білімдер:
- іс-қағаздарын жүргізу негіздері;
- қызметтік құжаттар;
- кәсіптік терминдер;
- қызметтік этикет;
Іскерліктер:
- іс-қағаздарын жүргізу;
- істі безендіру, сақтау, мұрағатқа тапсыру;
- кәсіптік бағыттағы мәтінді, іскерлік құжаттарды өңдеу және жетілдіру.
|
БҚ
3,4,5,6,7,9
КҚ 3.1.6, 3.1.7,
3.1.12,
3.2.6, 3.2.7,
3.2.12,
3.3.6, 3.3.7,
3.3.12
|
|
010301 3 – Дене тәрбиесі, суда жүзу нұсқаушысы біліктілігі
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
АП 01
|
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі:
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің тарихы.
Қазақстандағы дене тәрбиесінің жүйесі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |