Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет182/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182

- хормен дайындық жұмысын жүргізудің жоспарын әзірлеу;


- ән таңдау;


- хор ұжымына жетекшілік ету;


- мектеп хорын, вокалдық ансамбльді сүйемелдеу.


БҚ 1

БҚ 7


БҚ 10


КҚ 3.1.7.


КҚ 3.1.8.


КҚ 3.1.9.


КҚ 3.1.12.






Ескерту



1-кесте Базалық құзыреттер






Құзырет коды

Базалық құзыреттер (БҚ)

БҚ 1

Мамандықтың мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық көрсету, балаларды жақсы көру.

БҚ 2

Мінсіз адами қасиеттерге негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану.

БҚ 3

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, нормативтік құжаттарды білу.

БҚ 4

Жеке қызметті ұйымдастыру, кәсіби міндеттерді шешудің үлгілік әдістерін таңдау, олардың тиімділігі мен сапасын бағалау.

БҚ 5

Стандартты және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау және оларға жауап беру.

БҚ 6

Тұлғааралық және қатынастық тәртіптің ережелерін сақтау.

БҚ 7

Жеке және ұжымда жұмыс істей алу, басшылықпен, әріптестермен және әлеуметтік серіктестермен бірлесіп әрекет жасау.

БҚ 8

Кәсіби және жеке дамудың кәсіптік міндеттерін қою мен шешуге қажетті ақпараттарды іздестіру мен қолдануды жүзеге асыру.

БҚ 9

Мақсаттары мен мазмұнының жаңаруы, технологиялардың ауысуы жағдайларында кәсіби қызметті жүзеге асыру.

БҚ 10

Еңбек заңына сәйкес өз құқығын қорғай білу.

БҚ 11

Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

БҚ 12

Ақпаратты өңдеу, сақтау және қолдану, интернетпен, электрондық поштамен, АҚТ-мен жұмыс істеу тәсілдерін игеру.





2-кесте Кәсіптік құзыреттер






ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзырет (КҚ)

Орта буын маманы

010801 3 - «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі»

КҚ.3.1.1. Оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

КҚ.3.1.2. Балабақша мен негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;


КҚ.3.1.3. Сабақтан тыс музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;


КҚ.3.1.4. Педагогикалық қызметтің түрлерін, әдістерін және тәсілдерін білу;


КҚ.3.1.5. Оқу-тәрбиелік және эстетикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;


КҚ.3.1.6. Вокал, хор, аспаптық жанрдағы педагогикалық репертуар шығармаларын орындау;


КҚ.3.1.7. Дирижерлық дағдыларды қолдана отырып, балалар вокалдық-хорлық ұжымды басқару;


КҚ.3.1.8. Балалар орындаушылар құрамын сүйемелдеу;


КҚ.3.1.9. Дауыс сандарын көбейте және азайта отырып, балалар және мектеп репертуары шығармаларын таңдау, қайта түсіру;


КҚ.3.1.10. Арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиетті талдау;


КҚ.3.1.11. Сабақ өткізуде түрлі компьютерлік технологияларды пайдалану;


КҚ.3.1.12. Кәсіби педагогикалық терминдерді қолдану;


КҚ.3.1.13. Педагогикалық қызметте түрлі материалдар мен аспаптарды пайдалану;


КҚ.3.1.14. Оқытудың жаңа әдістемелерін қолдану;


КҚ.3.1.15. Музыканы оқыту мен музыкалық білім беру нәтижелерін анықтау және бағалау;


КҚ.3.1.16. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа (креативті) идеялар енгізу.


КҚ.3.1.17. Музыка сабақтарын және сабақтан тыс музыкалық іс-шараларды талдау;


КҚ.3.1.18. Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыкалық білім беру үрдісін қамтамасыз ететін құжаттарды жүргізу;


КҚ.3.1.19. Кабинетте пәндік-дамытушылық орта құру;


КҚ.3.1.20. Педагогикалық практиканы жүйелендіру, жеке педагогикалық практикасының әдістері мен тәсілдерін таңдауын дәлелдеу.






РҚАО-ның ескертпесі! жалғасын қараңыз









© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет