Тірек сөз тіркестер.
Жеке іс парағы, жұмысқа қабылдану, туған жылы, туган жері, ұлты-қазақ, әлеуметтік тегі, жұмысшы отбасы, қызметкер отбасы, диплом бойынша мамандығы, жоғарғы оқу орны, қандай тілдерді білесің, ғылыми атақ, ғылыми дәреже, мемлекеттік наградалары, отбасы жағдайы.
үйіндеме немесе Резюме (Резюме; француз тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Түйіндеме жазған адам туралы толық мәлімет беру үшін онда, оның білімі, біліктіліг, жеткен жетістігі, жұмыс тәжірибесі, не нәрсеге икемділігі бар екені жазылу керек керек. Түйіндеме кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |